Тәрбиеші: Жақсы балалар,(балаларға фишка беріледі).
4-тапсырма: «Кім жылдам?» ойыны.
Ойынның шарты: үш бала қатысады, әр бала берілген фигураларды жылдам жинау керек.
5-тапсырма: Тақтада ілулі тұрған фигуралар негізінде үстелдегі фигураларды бояу.
Қорытындылау:
Балалар, бізге қонаққа кім келді?(фигураларды көрсете отырып, сұрау)
Олар сендерге ұнады ма?
Енді бүгінге олар сендермен қоштасады. Сендер оларды ұмытпайсыңдар ма?
Өте жақсы, балалар! Сендер бүгін өте жақсы қатыстыңдар! Сендерге алғысымды білдіремін және сендерге жұлдызшаларды сыйлаймын.
Балалар, ал енді шеңберге тұрып, қоштасайық.
Қол ұстасып тұрайық,
Шеңберді біз құрайық.
Көріскенше күн жақсы,
Сау саламат болайық!
Пухальск негізгі мектебі
«Айналайын» шағын орталығы
Ашық тәрбие сабақ
«Ас атасы – нан!»
2012-2013 о.ж.
Тақырыбы: «Ас атасы – нан!»
Мақсаты:
Білімділік: нанды қастерлей білуге, нан туралы мақал айтуға үйрету.
Тәрбиелік: балаларды еңбексүйігіштікке баулу, шаруақор болуға тәрбиелеу.
Дамытушылық: балалардың тілін дамыту, сөздік қорын байыту.
Әдісі: әңгімелесу, сұрақ-жауап.
Көрнекілігі: нан, бауырсақ, мақал-мәтелдер.
Сабақтың барысы:
Тәрбиеші: Балалар, біз бүгін тобымызда ашық тәрбие сабағын өткіземіз.
Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Жарқырайды қаламыз,
Жайнап түсті даламыз.
Қайырлы таң, балалар,
Қайырлы таң, апайлар,
Сәлем, сәлем, сәлем!!!
Балалар, біз бәріміз нанды білеміз. Нансыз өмір жоқ. Дастарханда бәрі болып, нан болмаса оның сәні болмайды. Қазір нан туралы балалар өздері білетін тақпақтар айтып береді.
Достарыңызбен бөлісу: |