Зарина: Нанда өмірдің дәмі бар,
Нанда адамның ары бар,
Ярослав: Нан – өмірдің арқауы,
Нансыз өмірдің қандай сәні бар?
Богдан: Нан, нан, нан, қымбатсың сен алтыннан.
Алуа: Нан анасы – бидаймын,
Елге астық сыйлаймын.
Дәнің төмен піскенде,
Қауызыма сыймаймын.
Амир: Дастарханда шашылып,
Жатты аппақ бауырсақ,
Жарайсыңдар, балалар! Енді осы нан дастарханға қалай келеді? Сол жайында айтамыз. Мұнда көп адам еңбек етеді. Көктемде жерге бидай себіледі. Жаз айы оны баптап күтеді. Күзде егінді орады, орылған бидай қоймаға барады. Қоймадан диірменге барады. Диірменде тартып ұн жасайды, ұннан нан пісіріледі. Міне, нан осылай келеді. Ал қазір «Бауырсақ» ертегіні тамашалаймыз.
Достарыңызбен бөлісу: |