Сабақ. Грамматикалық тақырып: Есімдіктердің мағыналық топтары лексикалық тақырып: Қазақ тілі сабағы


Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойыңыз. Вставьте нужное слово



бет44/118
Дата28.10.2022
өлшемі2,08 Mb.
#155392
түріСабақ
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   118
Байланысты:
УМКД 2012-2013
Документ (11)
2. Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойыңыз. Вставьте нужное слово.
..... – спорт құралы.
А) велосипед
Ә) қызмет көрсету
Б) футболка
В) спорт костюмі
Г) спорт тауарлары


3. Мағынасы жағынан жақын сөйлемді белгілеңіз. Отметьте близкое по значению предложение.
Ұзақ уақыт пайдалануға болатын құрал.
А) Құралды ұзақ уақыт пайдалануға болады
Ә) Ұзақ уақыт құралды пайдаландым.
Б) Ұзақ уақыт пайдаланған құрал.
В) Пайдаланған құрал
Г) супермаркеттен сатып алған құрал

4. Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойыңыз. Вставьте нужное слово.


Қазақстан фирмалары шығарған өнім - .....
А) шетелдік өнім
Ә) шетелдік тауар
Б) отандық тауарлар
В) сапалы материалдарды
Г) сатып алушы

5. Сөйлемнің сұрағын белгілеңіз. Отметьте вопрос к предложению:


Волейбол добы сапалы теріден тігілген.
А) Волейбол добы қаншадан?
Ә) Волейбол добы қайдан?
Б) Волейбол добы қандай материалдан?
В) Волейбол добын ал.
Г) Волейбол добы бар ма?

6. Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойыңыз. Вставьте нужное слово.


Спорт тауарлары туралы ..... деп едім.
А) сұрайын
Ә) алайын
Б) көрейін
В) пайдаланайын
Г) сұрар
7. Сөйлемнің сұрағын белгілеңіз. Отметьте вопрос к предложению:
Жұқа матадан тігілген спорт костюмін сатып алайын деп едім.
А) Костюм қайдан?
Ә) Не сатып алар едіңіз?
Б) Не сатып алайын деп едіңіз?
В) Костюм супермаркеттен.
Г) Костюм сатып аласыз ба?


Диалогты тыңдаңыз, қайталаңыз. Слушайте, повторяйте.

- Сәлеметсіз бе! Бұл «Спорт» өндірістік фирмасы. Сізді тыңдап тұрмыз.



  • Сәлеметсіз бе! Біз Балуан Шолақ атындағы спорт мектебінен хабарласып тұрмыз. Түрлі спорт құралдарына сіздерге тапсырыс берейік деп едік.

  • Жақсы. Біздің фирмамыз сіздерге қызмет көрсетуге әрқашан дайын. Фирмамызда қазіргі сұраныстағы барлық спорт тауарлары бар. Тұрақты тұтынушыларға, тұрақты клиенттерге жеңілдіктеріміз бар.

  • Тауарларыңыздың сапасы жақсы болса, сіздердің тұрақты тұтынушыларыңыз болар едік.

  • Жақсы. Сізге қандай спорт тауарлары керек ?

  • Бізге елу жұп түрлі өлшемдегі шаңғы, он шақты баскетбол добы және теннис құралдары қажет.

  • Біз бұл тауарларды көтерме бағамен бере аламыз.

  • Тамаша! Сіздердің фирмаға тапсырыс құжаттарын факс арқылы жіберейік деп едік.

  • Әрине, біз құжаттарды факспен қабылдай береміз. Төлеуге тиісті сумманы да банк арқылы біздің фирманың атына аударуыңызға болады.

  • Жақсы! Бұл біз үшін тиімді келісім болды.

  • Біз де қуаныштымыз! Сау болыңыз!

  • Сау болыңыз!





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   118




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет