Сабақ. Грамматикалық тақырып: Есімдіктердің мағыналық топтары лексикалық тақырып: Қазақ тілі сабағы


Екінші қатардан мағыналас сөздерді әкеліп қойыңыз



бет94/118
Дата28.10.2022
өлшемі2,08 Mb.
#155392
түріСабақ
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   118
Байланысты:
УМКД 2012-2013
Документ (11)
2. Екінші қатардан мағыналас сөздерді әкеліп қойыңыз.
Со второго столбика перенесите слова подходящие по смыслу.

бай - ...

қаржы

туған- ...

кеңес

ақша- ...

әке-шеше

тарықпау- ...

тірек

ақыл - ...

кәсіп

ата-ана - ...

қысылмау

негіз- ...

өмірге келген

мамандық - ...

дәулетті

Лексикалық тест тапсырмалары.
1. Қажетті сөзді қойыңыз. Вставьте необходимое слово.
Адамның кедей немесе бай болуы алдымен оның ... да байланысты.
А) тіршілігіне
Ә) денсаулығына
Б) бағына
В) балаларына
Г) қоршаған ортаға


2. Қажетті нұсқаны таңдаңыз. Выберите необходимый вариант.
Ата-аналары жастардан нені талап етіп жатады?
А) білім алмауды
Ә) университетте оқуды
Б) дұрыс сөйлеуді
В) көшеге қыдыруды
Г) дұрыс тамақтануды


3.Сөйлемнің жалғасын табыңыз. Дополните предложение.
Ата-анаң дәулетті болса, ...
А) өмірге көзқарасың өзгереді
Ә) жағдайың төмендейді
Б) ертең ақшадан тарықпайсың деген сөз
В) кез-келген нәрсені істей алмайсың
Г) ештеме сатып алмайсың


4.Сөйлемді аяқтаңыз. Дополните предложение.
Жоғары білім алудың өзі – ... .
А) мамандығың белгілейді
Ә) қажеті жоқ
Б) табысқа кенелуге болады
В) үлкен мүмкіндік
Г) бәсекені қамтамасыз етеді


5. Қажетті нұсқасын таңдаңыз. Выберите нужный вариант.
Ал сапалы білім – жақсы ... көзі.
А) үлкен мәселенің
Ә) маманның
Б) денсаулық сақтаудың
В) ғылыми зерттеудің
Г) табыс табудың


6. Қажетті нұсқасын таңдаңыз. Выберите нужный вариант.
Біз қазір ... қоғамда өмір сүріп жатырмыз.
А) социалистік
Ә) нарықтық
Б) коммунистік
В) феодалдық
Г) коммерциялық


7. Қажетті сөзді қойыңыз. Вставьте необходимое слово.
Бірақ, бұл жүйенің кемшілігі – барлық адамға ... бола бермейді.
А) тәуелсіз
Ә) білікті
Б) бәсеке
В) әділетті
Г) әділетсіз


2. Тыңдаңыз, қайталаңыз. Слушайте, повторяйте.



  • Жолдас, сен жас кезіңде бай болсам деп армандадың ба?

  • Әрине, Арман. Кез-келген адам дүниеден тарықпай, өмір сүрсем деп ойлайды. Мысалы, біздің көшеде Сабырқұл деген дәулетті отбасы тұратын. Оның балалары үнемі су жаңа сәнді киімдер киіп жүретін. Ауылда компьютер жоқ кезде сол үйде болатын. Балалары үнемі уыстап ақша ұстап жүруші еді. Солардай болсақ деп армандайтынбыз.

  • Олар сонда осындай дәулетке қалай жеткен? Тек таза жалақыға қарап отырған адамдарға ондай байлық қайда?!

  • Әрине, жалақымен бай болам деу қиын. Мал өсірумен айналысты. Бірақ бар дүниені ысырап етпей, жұмсасаң жақсы өмір сүруге болады емес пе?

  • Әрине болады. Біздің елімізде табыс табуға ешқандай шектеу қойылмаған ғой. Жеке кәсіпкерлікпен айналысасың ба, жоқ болмаса, үйде жатып, табыс табасың ба өзің білесің.

  • Ол үшін сенің іскерлік қабілетің болуы керек емес пе?

  • Иә.

  • Сосын өмірде жұмысын ақшамен өлшемейтін адамдар да болады ғой.

  • Болады. Олардың көпшілігі шығармашылық адамдар мен әлеуметтік көмек көрсету саласында жұмыс істейтіндер шығар.

  • Көпшілігі сол мамандық иелері. Олар кәсібін таңдағанда бірінші орынға ақшаны қоя бермейтін көрінеді. Және де өздерін ақшасы көп адамдардан әлдеқайда бақытты санайды.

  • Енді мәселе ақшаға тіреліп тұрған жоқ шығар?

  • Дегенмен өмірде байлық пен кедейліктің парқын мойындамай тұра алмаймыз ғой.

  • Иә, достым, бұл сөзіңнің жаны бар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   118




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет