Ол фирмамен хабарласайын деп еді. А) Оның фирмамен хабарласқысы келеді. Ә) Ол фирмамен хабарласар.
Б) Ол фирмамен хабарласты.
В) Мен фирмамен хабарласайын деп едім.
Г) Біз хабарластық.
7. Сөйлемге тиісті сұрақты белгілеңіз.
Мен бір тауарларға тапсырыс берейін деп едім. А) Сіз қандай тауарға тапсырыс берейін деп едіңіз ?;
ә) Ол қандай тауарға тапсырыс берейін деп еді?
б) Қаншадан? Неден? в) Сіз қайдан тапсырыс берейін деп едіңіз?
г) Кім тапсырыс берейін деп еді?
Сәлеметсіз бе! Мына спорт костюмі және футболка қандай матадан? Неден тігілген я тоқылған?.
Сәлеметсіз бе! Бұлар - жұқа мақта матасынан тігілген спрот костюмдері мен футболкалар.
Рақмет! Спорт құралдарын да көрейін деп едім.
Қараңыз! Оң жағыңызда жақсы теріден тігілген түрлі доптар, сапалы жасалған спорт велосипедтері, тағы басқа құралдар тұр.
Спорт велосипедтері қайдан әкелінген? Қандай фирмалардың өнімдері?
Еуропа елдерінен және Ресейден әкелінген велосипедтер бар. Қытай фирмаларының да өнімдері бар.
Мен сапалы ұзақ жолға жарамды велосипед алайын деп едім. Сіз қандай фирманың өнімін сатып алуға кеңес берер едіңіз ?
Әр фирманың өнімінің әрқайсысының өзіндік артықшылықтары бар. Мысалы, сапалы темірден жасалған мына спорт велосипедін ұзақ уақыт пайдалануға болады, бірақ алып жүруге ыңғайлы емес, ауыр. Ал мына велосипед алып жүруге ыңғайлы, бірақ ұзақ жолға жарамсыз.
Түсіндім. Маған алдыңғы айтқан велосипед ұнады. Соны алайын.
Жақсы. Ол - өзіміздің отандық тауар, Қарағандыдан әкелінген велосипед. Барлық жабдықтары түгел.Үйге дейін ақысыз жеткізіп бере аламыз.