1. Тірек сөздер мен сөз тіркестері: әлеуметтік нормалар, құқықтың пайда болуы, құқықтың адам өміріндегі рөлі, адамдардың өзін ұстау ережелері, дәстүр, мораль, этикет, мемлекет пәрменімен, нормативті актілер.
2. Ережелерді есте сақтаңыз.
Құқық дегеніміз – мемлекет тарапынан заңдастырылған және қорғалатын, жалпыға бірдей міндетті нормалар жүйесі.
Азаматтық деп белгілі бір мемлекеттің заңдылықтарымен орнықтырылған құқықтарды пайдаланып, міндеттерді атқара-тын, сондықтан да құқықтары мемлекет тарапынан қорғалатын адамның сол мемлекетке тәнділігін айтамыз.
Құқықтық мемлекет дегеніміз – құқық жүйесі қалыптасқан, заң бәрінен жоғары тұратын, заң талаптарының барлық субъек-тілерге міндеттілігі қамтамасыз етілетін, мемлекеттік органдар мен мекемелердің қызметі түгелдей қабылданған заңдарға негізделіп жүргізілетін мемлекет.
3. Мына сөз тіркестерімен сөйлем құраңыз.
Құқық және мемлекет, адам бостандығы, заң бұзушылық, құқық қорғау ұйымдары, заң алдындағы теңдік.
Адам және Заң
Адам қоғамының заңсыз өмір сүре алмайтыны белгілі. Ал қоғамды заңмен басқару үшін нормативті актілердің саны қанша болуы керектігін ешкім де дәл тауып айта алмас еді. Дамыған демократиялы елдерде әрекет ететін заңдар мыңдап саналады. Сол заңдардың бәрінің бастау алар негізі Конституция болып табылады.
Өркениетті қоғам конституциялық заңдылыққа бағына отырып дамиды. Конституцияда мемлекеттік құрылым түрлері, мемлекеттік басқарудың формалары анықталады. Азаматтардың негізгі құқықтары, бостандықтары мен міндеттері көрсетіледі. Сонымен мемлекет пен қоғамның Негізгі заңы ретінде Конституция бүкіл заң шығару ісінің қайнар көзі болып табылады.
1 991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесі «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі ту-ралы» Конституциялық заң қабылдап, Қазақстанның халықаралық құқықтық субъект ретінде жария етілуі елдің тәуелсіздік мәртебе-сіне сай заңын – Конституциясын қабылдау қажеттігін туғызды. 1993 жылы 28 қаңтарда тәуелсіз Қазақстан Республикасының Негізгі заңы – Конституциясы қабылданды. Бұл заң өтпелі кезеңнің негізгі заңы ретінде екі жыл өз миссиясын атқарып, ел тарихында қалды.
1995 жылдың 30 тамызында бүкілхалықтық референдум Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдады. Онда мемлекеттік және қоғамдық құрылыстың ұйымдастырылуы және болашаққа бағдар ұстай отырып қызмет ету ұстанымдары белгіленген. Адамның және азаматтың конституциялық мәртебесі, мемлекеттік билік пен мемлекеттің әлеуметтік базасының қайнар көзі ретіндегі адам мен азаматтың құқықтары, бостандықтары және міндеттері баян етілген.
Қазақстан Республикасының Конституциясында халық ұғымы барлық ұлттық топтарды түгел қамтитын, тұтас әлеуметтік-саяси құбылыс ретінде түсіндіріледі. Халық әлеуметтік таптарға, топтар-ға бөлінбейді, сонысымен қоғамда бейбітшілікті сақтауда маңызды рөл атқара алады. Конституция адамдарды мүліктік жағдайына қарай алаламайды, түрлі әлеуметтік топтардың ешқайсысын жақтап шықпайды. Конституция мемлекетті әлеуметтік деп, яғни бүкіл-халықтық деп таниды. Мұның мәні: мемлекет халықтың бір тобының есесінен оның екінші бір тобына артықшылық бермейді.
Көп ұлтты Қазақстан қоғамының жағдайында «халық» деген ұғымға қазақ ұлтымен қатар барлық ұлттық диаспоралар мен этностар өкілдері де кіреді. Қазақ ұлты мемлекеттің, яғни бүкіл халықтың әлеуметтік базасының ұйытқысы болғанымен, оған айрықша құқықтық, саяси, әлеуметтік, экономикалық немесе мәдени артықшылықтар берілмейді.
Қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін артықшылық деп санауға болмайды. Өйткені ол қазақ тілінің табиғи құқығы. Егер Қазақ-станның байырғы тұрғындары қазақтар бола тұра, ол халықтың тілінің мемлекеттік мәртебесі болмаса, онда ол тілді қолданушы-лардың құқығы табанға тапталған болып шығар еді.
Достарыңызбен бөлісу: |