2. Тілдің қатысына қарай топтастырылуы
Жауап:
Тілдің қатысына қарай:
Жуан: а, о, ы, ұ, э, (у), (и)
Жіңішке: ә, ө, і, ү, е, (у), (и)
Жақтың қатысына қарай топтастырылуы
Жауап:
Жақтың қатысына қарай:
Ашық : а, ә, о, ө
Қысаң: ұ, ү, ы, і
Еріннің қатысына қарай топтастырылуы
Жауап:
Еріннің қатысына қарай:
Еріндік: о, ө, ұ, ү
Езулік: а, ә, е, ы, і
№ 6-7 практикалық сабақтар
І. Қазақ тілінің жасалым негізі (акустика-артикуляциялық базасы)
Жауабы: Фонетиканың зерттейтін дыбыстары – адамның дыбыстаушы мүшелері арқылы жасалса, бір-бірінен сапалық жағынан ажыратылатын, сөз құрауға әсері бар тілі дыбыстары фонетиканың міндетіне дыбыстың жасалу, екпін, интенрция т.б. жақтарын акустико-физиологиялық немесе акустико-артикуляциялық тұрғыдан қарастыру жүктелген.
Тіл дыбыстарының мәні лексикалық мағыналы сөз құрап, ойды жеткізуге, түсінуге қызмет ететіндігінде деп білген жөн. Дыбыс қоры артикуляциялық акустикалық және фонологиялық тұрғыдан зерттеледі. Акустика – естілу, физиканың дыбысты зерттейтін бөлімі, дыбыстардың естілуі. Артикуляция – тіл дыбыстарын аутудағы сөйлеу мүшелерінің қызметі. Артикуляциялық база – белгілі бір тілге тән сөйлеу мүшелерінің қимылы мен бағыты.
Сөйлеу дыбюыстарын шығарудағы, жасаудағы дыбыстау мүшелерінің қызметін артикуляция дейміз.
Достарыңызбен бөлісу: |