«Көшбасшы және тыңдаушылар» әдісі
Портрет-бейнелеу өнерінің жанрларының бір түрі.Бұл-жеке адамның не бір топ адамның бейнесі. «Портрет»(Француз тіліндегі «portrait») cөзі «дәлме-дәл айнытпай салу» дегенді білдіреді.Суретшінің өзін бейнелеген портреті «автопортрет» деп аталады.
Суретші портреттегі тұлғаның кескін-келбетін ғана емес,жан дүниесін,мінезін де жеткізуге тырысады.Портретші адамды,оның өмірі,көңіл күйін сипаттай отырып,салынған адам туралы ойын да білдіреді.Көрермен портрет арқылы әдет-ғұрпы,тұрмысты да біле алады.
Портрет композициясы (кеуделік,белдік,бойлық және т.б.),кейіпкер саны (жұптық,топтық және т.б.),пішіні (сопақ,тіктөртбұрышты және т.с.с.) және т.б. бойынша жіктеледі.
Сипатына қарай портреттің түрлері Салтанатты(Адамның қоғамдағы орнын бейнелейді),камералық(адамның жан дүниесін,сезімі мен көңіл күйін бейнелейді) болып бөлінеді.
Білімқұмарларға:Ежелгі Мысырда портреттер ағаш тақтайшаға не кенепке салынып,кейіпкерлер сабырлы,байсалды етіп бейнеленген.Ежелгі Римде,керісінше суретшілер беттің ерекшеліктеріне аса мән берген,әр қатпар,әрбір әжім,әр жарақат адам қмірінен хабардар еткен
|
Оқулық,
мәтіндер.
«Көшбасшы және тыңдаушылар» әдісі
|
Ортасы
10 минут
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |