1 сабақ
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Курстан өткен орны:Павлодар қаласы, ПҚБАИ
Тренер: А.Р. Жунусова., О.Эртисхан, қазақ тілінде, №3 топ
Тыңдаушы: Билялова М.С
Сынып: 2 «А» сынып
Пәні: Қазақ тілі
Күні: 6.10.14
Бағдарлама: «Тіл және әдебиет» білім саласы бойынша оқу бағдарламасы (1-4 сыныптар) – Астана 2013
Оқулық: Қазақ тілі. Авторлар: Ж.Қ.Балтабаева, М.Қ. Солтанғазина, Ф.С. Лекерова Алматыкітап баспасы 2013
Сабақтың тақырыбы: Дауыссыз «б» мен «п»
Мақсаты: Оқушыларды б мен п әріптерімен таныстыру. Б мен п дыбыстарының дауыссыз дыбыстар екенін аңғарту. Түбірдің соңындағы п дыбысына дауысты дыбыстан басталған қосымша жалғанған жағдайда п дыбысы б дыбысына өзгеретіндігін түсіндіру.
Міндеттері: 1. Дауыссыз б мен п дыбыстарының айырмашылықтарын білу.
2. Сөздерде әріптерді дұрыс жаза алу
3.Дауысты ы және і жалғанғанда сөздердің өзгеруіне көңіл бөлу.
Сабақ түрі: Жаңа сабақты меңгеру.
Құрал жабдықтар: АКТ, флипчарт, маркер, бағдаршам, стикер, смайлик,
Әдіс-тәсілдері: «Сұрақты ұстап ал!», «Сөз ойла да, тез ойла», Эссе жазу. Сигвэй әдісі.«Аялдама» әдісі.
Күтілетін нәтиже: Оқушылар дауыссыз б мен п туралы мағлұмат алады, дауыссыз дыбыстардың қай түріне жататынын анықтау. Дыбыстардың өзгеретінін түсіндіру.
Білу деңгейі
|
Уақыт
|
Жұмыс кезеңдері
|
Мұғалім іс-әрекеті
|
Оқушы іс-әрекеті
|
Ұйымдастыру түрі
|
Бағалау
|
Қолданылатын модуль
|
|
2 мин
|
І. Ұйымдастыру Психологиялық дайындық.
Шырылдады қоңырау
Біз сабақты бастаймыз.
Партамызға отырып, Өзара көз тастаймыз.
Табыс тілейміз сөзбенен.
|
Амандасу, Жасырын стикер арқылы топқа бөлу. Дауыссыз І – топ «Ұяң», ІІ - топ «Қатаң»
|
Оқушылар шеңбер құрып, бір - бірімен амандасады, сабаққа сәтілік тілейді.Дауыссыз дыбыстардың түрлері бойынша екі топқа бөлініп отырады. Топ ережесін құрастырады. Спикер сайлайды.
|
Топтық жұмыс
|
Вербалды бағалайды.
|
Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер.
|
Білу
|
3 мин
|
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
|
«Сұрақты ұстап ал!» әдісі қолдану. Өткен тақырып және үй жұмысы бойынша сұраққа жауап беру.
Дауыссыз дыбыстар дегеніміз не?
Қатаң дауыссыз дыбыстар.
Үнді дауыссыз дыбыстар.
4. Ұяң дауыссыз дыбыстар.
Балалар біз өткен сабақта қандай тақырыпты өтік?
Дауыссыз дыбыстар.
Дауыссыз дыбыстың қандай түрлері бар?
Қатаң. Ұяң Үнді
Соның ішінде балалар
Бүгінгі өтетін тақырыбымыз
Ребус шешу арқылы танысамыз.
|
Мұғалім кезек-кезекпен қапшықты әр командаға лақтырады. Егер
де қапшықты қағып алған адам сұраққа жауап берсе, онда команда 3 балл алады. Егер де ол жауабын білмесе, қапшықты басқа командаға 2 балға лақтырады. Егер де қапшық тағы да кері лақтырылатын болса, онда дұрыс жауаптың құны 1 балға дейін төмендейді.
Ребус шешу арқылы тақырыпқа шығады.
Доп, сауысқан,сыр,жүз. Бала мен піл. Дауыссыз «П» мен «Б».
|
Жеке
Топтық жұмыс
|
Жестпен бағалау
Жарайсыңдар!
|
Оқушылардың жасерекшелік
теріне сәйкес оқыту және оқу.
|
Достарыңызбен бөлісу: |