Дескриптор: - кестені түсініп оқиды;
- тың ақпаратпен танысады;
- мейоз бен митоз процестерін салыстырады.
Қолданатын әдіс-тәсіл: «Инсерт» Ұйымдастыру формасы: жеке
ҚБ: өзін-өзі бағалау «Плюс, минус, керемет»
Тапсырма 3. Митоз бен мейоздың жүру фазалары туралы материалды оқулықтағы кестені және суреттерді пайдаланып салыстырыңыздар.
(1, 3-топ оқулықпен, суретпен жұмыс)
Ұқсастығы
Айырмашылығы
Митоз
Мейоз
(2, 4-топ оқулықпен жұмыс)
Дескриптор: - митоз бен мейоз үдерісінің жүру фазаларын салыстыра-ды
- ерекшелігін айқындайды, кестеге толтырады
- үдерістің ұқсастығын сипаттайды
Қолданатын әдіс-тәсіл: «Ойлан. Жұптас. Талқыла»
Ұйымдастыру формасы: жұптық, топтық
ҚБ: топтық бағалау «Екі жұлдыз, бір тілек»
Тапсырма 4. Ермексазды пайдаланып «Митоз бен мейоздық бөлінудегі хромосомалардың таралуы» моделдерін жасаңыздар және демонстрациялық үстелге «Митоз бен мейоз кезеңдері» сызбасын құрастырыңыздар
1-топ: Митоз: Анафаза. Телофаза
2-топ: Мейоз-1. Анафаза. Телефаза.
3-топ: Мейоз-2. Анафаза-2
4-топ: Мейоз-2. Телефаза-2
Дескриптор: - ермексазды пайдаланып «митоздық және мейоздық бөлінудегі хромосомалардың таралуы» моделдерін жасайды
- демонстрациялық үстелге митоз кезіндегі диплоиды және мейоз кезіндегі гаплоидты хромосомалар сызбасын құрастырады