Оқушылардың барлығы: плакаттың не екенін, оны қалай жасайтынын, экологиялық плакаттың не нәр- сеге арналғанын, онда қандай идеялар көрініс табаты- нын біледі.
Мұғалімнің сұрағына жауап беріп, плакаттың идеясын талқылауға қатыса алады. № 2 жұмыс дәптерінің 18– 19-беттеріндегі жаңа материалды бекітуге арналған тапсырманы орындайды.
Оқушылардың көпшілігі: плакат жасау идеясын ойластырып, топпен жұмыс істегенде өзіне қатысты міндетті орындай алады.
|
Кейбір оқушылар: басқаларға ұқсамайтын шешім ойлап тауып, плакатпен жұмыс істеу жоспарын анық- тап, топта идеясын ортаға салып, оқушыларды жұмы- лып жұмыс істеуге жетелей алады.
|
Бұрын алған білімдері
|
Сабақта дүниетану пәні бойынша қоршаған орта және оны қорғау; көркем еңбек пәнінде өткен символдық белгілер (3-сынып), 1, 2, 3 ,4-сыныптарда өткен композиция, түс туралы меңгерген білімдерін пайдаланады.
|
Пәнаралық байланыстар
|
Бұл сабақта әдебиеттік оқу, дүниетану, музыка пәнде- рімен байланыс орнайды.
|
Сабақтың барысы
|
Сабақ кезеңдері
|
Жоспарланған іс-әрекет түрлері
|
Дереккөздер
|
Сабаққа кіріспе
|
Сыныпта жақсы психологиялық ахуал мен шығармашылық жағдай туғызу. Тақтаға қоршаған ортаның әсемдігін көрсететін суретшілердің туындылары мен фотосуреттер, сондай-ақ экологиялық мәселелер мен оларды шешу жолдары ұсынылған плакаттар ілінеді.
|
4-сыныпқа арналған СD-диск. Қоршаған ортаның әсемдігін көрсететін сурет- шілердің туынды- лары мен фотосу- реттер, сонымен қатар экологиялық мәселелер мен оларды шешу жолдары ұсынылған плакаттар мен фотосуреттер.
|
Достарыңызбен бөлісу: |