Алған білімнің өмірмен байланысы.
Білім мен дағдыға қол жеткізу
|
Бұл сабақта меңгерген білімдері табиғатты жақынырақ біліп, оны қастерлеп, аялай білуге септігін тигізеді. Оқушылар меңгерген білімдері мен білік-дағдыларын мектепті безендіруге, байқауларға қатысуға қолданады.
|
|
Материалды түсіндіру
|
Сабаққа қоршаған ортаны қорғауға арналған әртүрлі плакаттарды дайындау керек. Экологиялық мәселелер мен оларды шешу жолдары көрсетілген плакаттарды іріктеп алуға болады. Сабақтың басында плакат не үшін керек екеніне бір-екі ауыз сөзбен тоқтала кеткен жөн. Жалпы, плакат ескерту мәнде пайдаланылады. Оны плакаттағы суреттен не мәтіннен байқаймыз («Олар аз қалды!» – құрып бара жатқан жануарлар мен өсімдіктер жайлы,
«Теңізді ластанудан сақтайық!» және т.б.). Оқушылармен бірге әрбір плакат не нәрсеге арналғанын талқылаған дұрыс. Суретші плакат арқылы нені ескертіп, нені үндейді? Одан әрі плакат тілінің ерекшелігі туралы сөйлеседі.
Плакаттағы суреттер шағын, яғни белгілермен беріледі де, артық нәрсенің бәрі алынып тасталады. Плакатта реңсіз түстер қолданылады. Мәтін қысқа әрі көзге тез түсетіндей болуы тиіс. Ол көрерменнің назарын өзіне лезде аударып, сезіміне әсер етіп, қандай да бір әрекет жасауға не жасамауға (ағаштарды сындырмау, от жақпау, суқоймаларын ластамау және т.б.) итермелеуі керек.
|
Оқулық.
4-сыныпқа арналған СD-диск.
№2 жұмыс дәптері. Қоршаған ортаның әсемдігін көрсететін суретшілердің туындылары мен фотосуретттер, сонымен қатар экологиялық мә- селелер мен оларды шешу жолдары ұсынылған плакаттар мен фотосуреттер.
|
Өздік жұмысты орындау
|
Плакат жасамас бұрын оқушыларға жұмыс дәптеріндегі тапсырманы орындауды тапсырған жөн, ол материалдармен жұмыс істеуге көмектеседі. Өздік жұмыстың алдында мұғалім оқушылармен бірге олардың таңдаған материалдарын, әсерлегіш құралдарын, тәсілін талқылайды. Плакатты оқушылар білетін аралас тәсілмен жасаған дұрыс. Плакатты жеке-дара не топпен мұғалім мен оқушылардың қалауы бойынша орындаған жөн.
|
Оқулық.
4-сыныпқа арналған СD-диск.
А1 не А2 пішімді ақ немесе түсті қағаз, гуашь бояулары, түсті қағаз, қайшы, желім. Сондай-ақ ескі журналдардағы фотосуреттер мен репродукцияларды, заттардың баспа- таңбасын, табиғи және жасанды материалдарды пайдалануға болады.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |