Тақырыбы: Компьютерлік информацияны қорғау. Вирустар. Антивирус.
Мақсаты: 1. Білімділік: Вирустар және вирусқа қарсы құралдар туралы түсінік беру.
2. Дамытушылық: Вирусқа қарсы бағдарламаларды пайдалануға үйрету.
3. Тәрбиелік: Оқушылардың компьютерге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақ жабдықтары: электрондық оқулық.
Сабақтың түрі: жаңа білім беру.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: демонстрация, компьютерлік практикум, анализ.
Сабақтың барысы:
І. Үйымдастыру:
1. Компьютерлердің сабаққа дайын болуы.
2. Оқушылардың сабаққа дайын болуы.
3. Сабақтың мақсаты мен барысын хабарлау – 1 мин.
ІІ. Жаңа білім беру -20 мин
Өзіндік жұмыс: - 10 мин
Электрондық оқулықпен жұмыс: Модуль №4 бойынша «Вирустар. Вирусқа қарсы бағдарламалар» тақырыбы бойынша сараптау жасау.
Ол үшін оқушылар модульде берілген тақырыптарға шолу жасайды. Негізгі ұғымдар мен түсініксіз терміндерді дәптерге жазып алады. Жаңа ұғымдарға сараптау жасалады.
Демонстрация. 10 мин
Вирустар.
Мысалы сіз бір фирмада жұмыс жасайсыз. Күнделікті бастығыныздан: «Мына құжатты 10 рет көшіріңіз» деген бұрық келеді. Оны сіз күнделікті 10 рет көшіретін болсаңыз, біршама уақыт ішінде сол қағаздар үстел үстін жайлап кетіп, сізге жұмыс жасауға кедергі болатынын байқайсыз. Вирус дегеніміз – компьютердегі ақпаратты зақымдайтын кішігірім бағдарлама.
Электрондық оқулықпен жұмыс: Вирус туралы сіздер 4 модульдің «Вирустар» сабағынан оқып шығыңыздар. (Оқушылар оқып шыққаннан кейін осы тақырып бойынша сурақтар қойылады).- 3 мин
Вирус дегеніміз не? Ол қалай компьютерге келуі мүмкін?. Ол компьютерді қалай зақымдайды? Вирусты кімдер жасайды? Қандай мақсатта?
Компьютердің вируспен зақымдалғаның қалай анықтауға болады?
Дәптермен жұмыс: Оқушылар зақымдалудың негізгі белгілерін жазып алады. – 2 мин
Вирусты қалай жоюға болды?Вирусқа қарсы бағдарламалар.
Вирусты арнайы құралдар арқылы емдеуге және жоюға болады.Бірақ вирустар күннен күнге өзгеріп, көбейіп отырғандықтан. Ол кұралдарды жаңартып отыру қажет. Ондай вирусқа қарсы құралдарды шығаратын көптеген бағдармалаушылар бар. Пайдаланушы компьютерге қаңдай да болмасын антивирустық құралды өзінің қалауы бойынша орнаталады және ол тек біреу болуы тиісті, бірнеше антивирустық құрал бір компьтерге орналаспайды. Олардың ішінде Dr Web, NOT32, Panda, Касперский антивирусы көп қолданылады. Сондықтан да осы ең көп таралған Касперский антивирусын алайық. Ол тек компьютерді ғана емес, жергілікті желі мен дискілерді тексеру ғана емес, сонымен қатар интернет шабуылдардың алдың алу, электрондық хаттарды тексеру функцияларын орындайды.
Компьютермен жұмыс: Касперский антивирусының интерфейсімен танысу.- 2 мин
IV Жаңа білімді бекіту 10 мин
Компьютерлік практикум:
Тапсырмалар жеке беріледі. Мысалы тапсырма №1:
Компьютерде келесі тапсырмаларды орындаңыз:
Антивирус Касперского бағдарламасының таңбасын табыңыз. Болмаған жағдайда Пуск батырмасы арқылы басты мәзір ішінен табыңыз.
Поиск вирусов - «Мои документы» алдыңа құсбелгісін қойыңыз – поиск вирусов командаларын орындап, қапшықты вирусқа тексеріп шығыңыз.
Сервис – обновления командасы арқылы режим запуска командасын тауып, «автоматически» дегенге өзгертіңіздер
Сервис – файлы данных командасы арқылы карантинде (емдеуге орналасқан файлдар) неше файл бар екенің анықтаңыз.
Антивирус жұмысын тоқтатып, қайта қосыңыздар
Тінтүірдің он жақ батырмасына басып – Проверить на вирусы командасын таңдау арқылы өзіңіздің қапшығыңызды тексеріп шығыңыз.
V. Сабақты қорытындылау: - 1 мин
Компьютерлік вирус деген не?
Антивирустық программа дегеніміз не?
Ол не үшін керек?
Антивирустық программаларын атаңдар.
VI. Үйге тапсырма беру:-1 мин
Вирустар тақырыбы бойынша қайталау. Қосымша іздену: Вирус түрлері
Оқулық бойынша 87-92 беттерді оқу.
Достарыңызбен бөлісу: |