Мысалы, химия пәнінен зертханалық жұмыс орындаған кезде химиялық құбылыстарды түсіндіруге және бақылау біліктілігін дамытуға; заттарды алуға және ажырата білуге себепші болады; оқушыларды химиялық лабораториядағы жұмыстың қарапайым тәсілдерімен таныстырады; заттармен, химиялық ыдыстармен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастырады. Биология пәнінен зертханалық жұмыста табиғи объектілерді анықтау бойынша жүргізілетін жұмыстар жатады. География сабағы бойынша жүргізілетін жұмыста географиялық және топографиялық карталармен жұмыс істей білу, тұрғылықты жердің планын құру және т.б. біліктілігі қалыптасады. Тиісті дағдыларды меңгергеннен кейін оқушылар зертханалық жұмысты өз бетімен жүргізе алу қабілетіне ие болады.
Физиканы оқытуда оқушылар мен оқыту обьектісі болып табылатын табиғат арасындағы байланысты жүзеге асыруда физикалық эксперименттің, лабораториялық жұмыстар мен физикалық практикумның атқарар ролі үлкен. Осыған орай, әр лабораториялық жұмыстың бірнеше вариантын қарастыра отырып, оқушының ой – өрісін дамытуға, экспериментті қоюы және орындау кезіндегі қабілеті тексеріледі.