Сынақ-емтихан әдісі арқылы ірі тақырыптарды, курстың бөлімдерін немесе тұтас курстың қорытындылары шығарылады. Оқушылар монолог түрінде жауап бере алады. Сұрақ-жауап арқылы және алдын ала әзірленген сұрақтар, тапсырмалар арқылы да оқушылардың білімдері тексеріледі.
4. Тексеруден диагностикаға көшу. Диагностика - оқу-тәрбие процесінің барысы және нәтижелері туралы ақпарат алу тәсілі. Мектептегі диагностиканық міндеттері:
• оқушылардың даму барысына және нәтижелеріне талдау жасау (білім алуға әзірлігі, психикасының жұмысы, дамуы);
• оқыту процесінің барысын және нәтижелерін талдау (білімнің көлемі және тереңдігі, білім, іскерлік, дағдыларды қолдана білуі, ой жұмысының негізгі тәсілдерінің болуы, шығармашылық іс-әрекет тәсілдерін білу);
• тәрбие барысын және оның нәтижелерін талдау (тәрбиелік деңгейін, адамгершілікке сенімін, адамгершілігін).
Диагностика нәтиже мен процесті бірге зерттейді. Оқушының еңбегі мұғалімнің еңбегімен бірге талданып, оқушының мүмкіндігі, қабілеті және икемділігі зерттеледі. Диагностика оқушыларды "орташа", "үздік" деп бөлмей, олардың мүмкіндіктерін анықтайды. Диагностикалық қорытындылар дәл, толық болу керек. Диагностика керекті ақпаратты алудың қосымша тәсілі ретінде тексеру және бағалауды қолданады.
5. Тексеруді ізгілендіру. Оқушылардың білім, іскерліктерін тексеру, бағалау педагогикалық технологияның ежелгі бөлігі диагностикалық құрамына кіреді. Мектеп өміріндегі демократиялық өзгерістер, ізгілендіру білім, іскерліктерді бақылау және бағалауды жетілдіруді талап етеді.
6. Оқыту нәтижелерін бағалау. Бақылау – білім, іскерліктерді анықтау, өлшеу және бағалау. Тексеру – бақылаудың бір бөлігі, негізгі дидактикалық қызметі мұғалім мен оқушы арасындағы кері байланысты қамтамасыз ету, оқушылардың материалды қалай түсінгендігі туралы мұғалімнің ақпарат алуы, білімдегі кемшіліктерді дер кезінде табу. Бақылаудың жалпы қызметі; тексеру, оқыту, тәрбиелеу, дамыту, ынталандыру. Тексерудің мақсаты - оқушылардың білім деңгейін, оның сапасын, оқу еңбегінің көлемін анықтау.
Достарыңызбен бөлісу: |