Сабақ: Жүйке жүйесінің құрылысы мен қызметі Мақсат



Дата28.01.2020
өлшемі136,96 Kb.
#56684
Байланысты:
7.3C ЖЖ құрылысы-презентация


Сабақ: Жүйке жүйесінің құрылысы мен қызметі

Мақсат:Жүйке жүйесінің қызметі мен оның құрылымдық компонентерінің атау

Жүйке жасушасының құрылымдық компоненттерін анықтау



Жүйке жүйесі

Жүйке жүйесі (нервная система) - адам мен жануарлар организмдерінің қоршаған ортаға бейімделуін реттейтін жүйе. Жүйке жүйесін зерттейтін морфологияның бөлімін гр neurologia (грек, neuron — жүйке, жүйке жасушасыlogos — ілім) деп атайды. Жүйке жүйесінің қызметтері рефлекстер арқылы іс жүзіне асады.

Барлық мүшелер мен мүшелер жүйесінің бірімен-бірінің байланысы үйлесімді жұмыс істеуін басқарады. Мысалы, адам жүгіргенде аяқ бұлшықеттерінің жұмысы күшейетіндіктен, зат алмасу үдерісі қарқынды жүреді; тынысалу мен жүрек соғысы жиілейді; қан аз баратындықтан, асқорыту мүшелерінің жұмысы баяулайды.

Жүйке жүйесі ағза мен сыртқы ортаның байланысын қамтамасыз етеді. Сыртқы ортаның әр түрлі құбылыстарынан қорғану әрекеті адамның жүйке жүйесінің әсерінен болады. Мысалы, жақын келген көлікті (машина, трамвай, троллейбус және т. б.) өтіп кеткенше тоқтап күтіп тұру; аса ыстық немесе суықтан қорғану; денені зақымдайтын заттарға жоламау және т. б. Адамның ойлауы, саналы мінез-құлқы жүйке жүйесінің күрделі дамуына тәуелді (бағынышты).

Жүйке жүйесінің маңызы

 Жүйке денедегі мүшелердің жұмысын реттейді. Мысалы, жүрек пен бұлшықеттердің жиырылуы; сүйектердің қозғалысқа келуі; тер, сілекей, сүт, қарын сөлінің бөлінуі және т. б. Осы әрекеттердің барлығы да тікелей жүйке жүйесінің қатысуымен жүреді.

Адам денесінде болатын жүйке жүйесі жүйке ұлпасынан түзіледі. Жүйке ұлпасының негізін жүйке жасушалары құрайды. Жүйке жасушалары - нейронның денеден, ұзын және қысқа өсінділерден тұратыны сендерге жүйке ұлпасынан таныс. Нейронның денесінде цитоплазма мен ядро болады. Ұзын өсіндісі - аксон ми мен жұлынның дененің кез келген бөлімімен байланысуын қамтамасыз етеді. Аксонның сырты май текті ақ қабықшамен қапталған. Бұлар шоғырланып ми мен жұлынның ақ затын түзеді. Нейронның тарамдалған көптеген қысқа өсінділері - дендриттердің сыртында ақ қабықша болмайды. Бұлардың жиынтығы мен нейронның денесі сұр зат түзеді. Нейронда ұзын әрі тарамдалмаған (тек ең ұшы сөл ғана тарамдалады) бір аксон болады. Нейронның денесіне қозу (хабар, сигнал) дендриттер арқылы келеді.

Құрылымы мен қызметіне қарай нейрондар 3 топқа бөлінеді:

1.сезгіш (қозу шеткі мүшелерден орталық жүйке жүйесіне өтеді);

2.байланыстырғыш - козуды сезгіш нейрондардан қозғалтқыш нейрондарға өткізеді;

3. қозғалтқыш - қозуды орталық жүйке жүйесінен бұлшықеттер мен ішкі мүшелерге өткізеді.

Жүйке жүйесі

Орталық жүйке жүйесі. Орталық жүйке жүйесіне ми мен жұлын жатады.

Шеткі жүйке жүйесі. Шеткі жүйке жүйесі ми мен жұлыннан таралатын жүйкелер мен жүйке түйіндерінен тұрады.

Орталық жүйке жүйесі ми мен жұлыннан тұрады. Жұлын омыртқа өзегінде орналасқан,

ұзындығы ересек адамдарда жарты метрге жуық, салмағы 37-38 г. Жұлынның жоғарғы ұшы сопақша

мимен жалғасады да, төменгі ұшы шашақтанып І және ІІ бел омыртқа тұсында бітеді.

Жаңа туған сәбидің миының салмағы орта есеппен 360-390г, ересек адамдарда 1400-1450г. Мидың толық жетілуі 17-20 жаста байқалады. Адамның ақыл-ойы миының салмағымен тікелей байланысты

емес. Дегенмен мидың физиологиялық қалыпты қызмет атқару қабілеті оның салмағы 900 грамнан төмендегенде жҽне 2100 грамнан асқанда бұзылады.



Шеткі жүйке жүйесі. Шеткі жүйке жүйесі ми мен жұлыннан шығып бүкіл мүшелерге, олардың ұлпаларына, жасушаларына тараған нейрондар мен жүйке талшықтарынан тұрады. Шеткі жүйке жүйесі соматикалық жҽне вегетативтік жүйке жүйелеріне бҿлінеді.

Соматикалық жүйке

жүйесі организмнің

сыртқы мүшелерін жҽне қаңқа бұлшық еттерін

жүйкелендіреді. Соматикалық жүйке жүйесінің орталықтары жұлынның барлық сегменттерінде, мидың

барлық бҿлімдерінде (аралық мидан басқасында) орналасқан



Вегетативтік жүйке жүйесі барлық ішкі мүшелерді, қантамырларды, жүректі жүйкелендіреді.

Вегетативтік жүйке жүйесінің орталықтары ми бағанасында, жұлынның көкірек,

бел жҽне сегізкөз

бҿлімдерінде

орналасқан.

Вегетативтік жүйке жүйесі

Парасимпатикалық бөлімнің орталығы сопақша мида, ми көпірінде және жұлынның сегізкөз

бөлімінде орналасқан. Ми бөлімдерінен басталатын бұл бҿлімнің жүйке талшықтары көзді қозғаушы,

бет, тіл-жұтқыншақ жҽне кезеген жүйкелердің құрамынан шығып өздері таралатын мүшелердің

маңында немесе тікелей мүшелердің ішінде ганглиялар түзеді.

Симпатикалық жүйке жүйесінің орталықтары жұлынның І-көкірек омыртқасымен ІІІ-бел

омыртқасының арасында орналасқан. Перифериялық бөлімі симпатикалық шекара бағанасы мен

түйіндерінен, жүйкелер мен жүйке өрімдерінен тұрады.

Симпатикалық шекара бағанасы мойын, көкірек, бел және сегізкөз бөліктеріне бөлінеді.



Нейронның денесін с о м а деп атайды. Оның пішіні әртүрлі: сопақша, ұршық тәрізді, дөңгелек, домалақ, үш бұрышты, төрт бұрышты, жұлдыз тәрізді, т.б. Денесінен ұзынды-қысқалы өсінділері — нерв талшықтары шығады. Ұзын талшығын а к с о н (грекше аксон — тірек деген мағынада), қысқа талшықтарын д е н д р и т деп атайды (дендрон — ағаш). Аксон арқылы нерв клеткасының денесінен басқа нейрондарға, жұмысшы мүшеге нерв импульстері тасылады. Мүшелерге келген аксонның ұшы тармақталып нерв ұштарына айналады.

Назарларыңызға

рахмет!!!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет