Сабақ жоспар. Биология пәні. Сыныбы: 9 сынып. Тақырыбы



Дата04.12.2019
өлшемі88 Kb.
#53029
түріСабақ
Байланысты:
9fgkkhg


Сілтеме

Сабақ жоспар.

Биология пәні.

Сыныбы: 9 сынып.

Тақырыбы:

Мутациялық өзгергіштік. Мутацияның түрлері.

Жалпы мақсаттар:

Мутациялық өзгергіштік, түрлері, мутагендік факторлар, мутагендер туралы негізгі түсініктерді беру. Блум таксономиясының деңгейлері бойынша сабақ кезеңдерін құра отырып, оқушылардың есте сақтау, қағидаларды түсіну, негізгі түсініктерді қолдану, ұғымдарды салыстыра отырып, талдау, жинақтау дағдыларын арттырып, ой түйіндеуге мүмкіндік беру, сыни ойлауға үйрету. Топта жұмыс жасату арқылы ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Өзін өзі, өзара бағалау арқылы әділдікке үйретіп, оқушының өзіндік «Менін» қалыптастыру.







Міндеттері:

  • Мутация терминімен таныстырып, мутация туралы алғашқы түсінікті қалыптастыру;

  • Мутациялардың түрлері, олардың айырмашылықтары, болу себептері туралы мағлұматтар беру;

  • Мутагендік факторлар, олардың зардаптары туралы ұғындыру;

  • Мутацияны өмірмен байланыстыра отырып, бүгінгі таңдағы көріністеріне тоқталу;

  • Салауаттылық тәрбиені қалыптастыру;

  • Топпен, жұппен, ұжымда жұмыс жасауға дағдыландыру.

Күтілетін нәтиже:

  • Тұқым қуалайтын өзгергіштік- мутация туралы алғашқы түсінік қалыптасады;

  • Мутация, мутагендік факторлар туралы біледі, бір- бірінен түрлерін ажырата алады;

  • Салауаттылық тәрбиеге бейімделеді;

  • Топтық жұмыс арқылы ұжымдық жұмысқа, ұйымшылдыққа, сыни ойлауға үйренеді. Өзіндік идеяларын, ойларын ашық айтып, оқушының өзіндік «Мені» қалыптасады.

Сабақтың түрі:

Жаңа материалды меңгерту

Сабақта қолданылатын әдіс тәсілдер:

  • Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер;

  • Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету;

  • Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау;

  • Оқытуда ақпараттық- коммуникациялық технологияларды пайдалану;

  • Қабілетті оқушыларды анықтау.

Дереккөздер:

  • Википедия сайттары.

  • Биология, 9 сынып оқулығы – Ж.Шілдебаев, Ж.Қожантаева, Л.Аманжолова. Алматы “Мектеп” 2014

  • “Биология және салауаттылық негізі” Ғылыми-педагогикалық журналы 2012 жыл;

  • «Биолог анықтамалығы» №2,3, 2013ж

Қажетті құралдар

Оқулық, интерактивті тақта, компьютер, слайдтар, флипчарттар, стикерлер, суреттер т.б

Түйінді идеялар

  1. Мутация дегеніміз- организм генотипінің, яғни хромосомалар мен олардың құрам бөліктері- гендердің өзгеруіне байланысты кездейсоқ пайда болатын тұқым қуалайтын өзгергіштік.

  2. Мутация ұғымын Г.Де Фриз қалыптастырды.

  3. Мутация тудыратын факторларды мутагендер дейді. Олардың үш түрі бар: физикалық, химиялық және биологиялық.

Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары.


Кезең-

дері


Мұғалімнің әрекеті

Тапсырма мазмұны

Оқушының әрекеті

Бағалау

1.Ұйым-дастыру

(1 минут)

- Амандасады, түгендейді;

- Ынтымақтастық атмосферасын

қалыптастырады;

- Оқушы назарын сабаққа аударады.





- Амандасады, кезекші оқушы жауап береді;

үш топқа бөлініп отырады, назарларын жаңа сабаққа аударады.



Бағалау парағы сабақтың алдында топтарға үлестіріледі



2.Үй тапсырмасын сұрау

(7 минут)



- 7 сұрақтан тұратын тест тапсырмаларын орындауға береді;

- оқушылардың тапсырмаларды орындауын қадағалайды.




Сабақ Блум таксономиясы бойынша құрылды.
1. Білу- Үй тапсырмасы (7 сұрақ)

1. Организмнің жаңа белгілер мен қасиеттерге ие болуы

а) тұқымқуалаушылық; в) өзгергіштік;

с) генетика; д) гибридология;

2. Сыртқы орта жағдайларының әсеріне байланысты тұқым қуаламайтын өзгерістердің қалыптасуы?

а) мутациялық өзгергіштік;

в) комбинативтік өзгергіштік;

с) модификациялық өзгергіштік;

д) генотиптік өзгергіштік

3. Организмнің қоршаған ортаға біркелкі бейімделіп, ұқсас өзгерістерге ие болуы?

а) топтық; в) жеке; с) үйлесімдік; д) генотиптік

4. Климаты құрғақ, ыстық аудандардың тұрғындарының тері пигменттілігінің қоңырқай болуы

а) айқын емес; в) комбинативтік; с) жеке; д) айқын;

5. Көп жағдайда модификациялық өзгергіштік организм үшін пайдалы, себебі...

а) тұқым қуалайды; в) ортасына жақсы бейімделеді

с) белгілердің өзгеру шегі бар д) ұрпаққа жалғасады;

6. Сыртқы орта жағдайларына байланысты белгілердің өзгеру шегі

а) айқын өзгергіштік в) айқын емес өзгергіштік

с) рекция нормасы д) кездейсоқ өзгеру

7. Тұқым қуалайтын өзгергіштік

а) генотиптік в) фенотиптік

с) модификациялық д) топтық




- Оқушылар тест тапсырмасын орындайды






3. Жаңа сабақ

(22 мин.)



Жаңа сабақтың тақырыбын ашады, өткен сабақпен байланыстырады. Сабақтың тақырыбын айтады. Тақырыпты түсіндіреді.

Топқа тапсырмаларды бөліп береді. Бағыттап, қадағалайды.
Топтарға өмірмен байланыстырылған сұрақтар береді? Оқушы жауабын тыңдайды.

Венн диаграммасын құрауға береді. Оқшылар жұмысын тыңдайды.


Сәйкестендіру тапсырмасын береді. Жауаптарын тақтаға шығарады.

Тақырыпты түйіндеп, сұрақтар береді.

- Сонымен, тірі ағзалардағы жаңа белгілер мен қасиеттердің пайда болуы не деп аталады? Өзгергіштіктің қандай түрлерін білеміз?

§ 29. Мутациялық өзгергіштік. Мутацияның түрлері.

Мутация, Де Фриз, мутанттар- негізгі ұғымдарды таныстырады.


2. Түсіну- Жаңа сабақ. Топтық жұмыс.

І топ- Геномдық мутация

ІІ топ- Гендік мутация

ІІІ топ- Мутагендік факторлар


3.Қолдану- Құбылысты қалай түсінесіз?

І топ- 1986ж Чернобыль АЭС-нің жарылуы және 1949-1963жж Семей жеріндегі жүргізілген атомдық сынақтардың нәтижесінде адамдарда тұқым қуалайтын аурулар туындаған. Бұл құбылысты қалай түсіндіре аласыз?

ІІ топ- Медициналық генетикада тұқым қуалайтын аурулардың бірі Даун ауруы. Бұл аурудың белгілері: адамның ақыл- есі кем, бойы аласа, беті дөңгелек, көздері қысыңқы әрі бір-біріне жақын орналасқан. Бұл ауру 21-ші хромосоманың екеу емес, үшеу болуына байланысты. Бұл ауру туындауына не себеп болды? Түсіндіріңіз...

ІІІ топ-Францияның Изо ауылында тұратын халықтар, географиялық жағдайларына байланысты ғасырлар бойы басқа көршілес аудандармен қатынасы болмаған. Осының нәтижесінде ауыл адамдары 35-40 жыл бойы туыстық некеде болғандықтан, олардың қолы мен аяқтарының саусақтары саны алтау болған. Аурудың себебі мен салдарын түсіндіріңіз?


4.Талдау- Венн диаграммасы.

І топ- Генотиптік және фенотиптік өзгергіштік

ІІ топ- Полиплоидия мен гетероплоидия

ІІІ топ- Гендік және хромосомалық мутациялар




5.Жинақтау- Сәйкесін тап


1.Модифи

кация




а)аминқышқылдары орналасу ретінің бұзылуы;

ә)нуклеотидтер орналасу ретінің бұзылуы ;

б)хромосомалар құрылысының өзгеруі;

в) хромосомалар санының өзгеруі;

г) сыртқы орта жағдайларынан фенотиптік өзгеру;

ғ) генотиптің өзгеруі;

д)хромосомалардың айқасуы кезінде сәйкес үлескілермен алмасуы;

е) ұрпақтарында тұқым қуалау материалдарында жаңа үйлесімдерінің түзілуі;

ж) топтық тұқым қуаламайтын өзгергіштік;

з) айқын емес, жеке дара өзгергіштік;

и) хромосомалар санының гаплоидты жиынтыққа еселеніп артуы;

к) хромосомалар санының еселенбей артуы немесе кемуі;

қ) хромосома бөлігінің үзіліп түсіп қалуы.


2. Үйлесімдік өзгергіштік



3.Мутациялық өзгергіштік

4.Полиплои

дия


5.Гетероплоидия

6.Хромосома

лық мутация



7. Гендік мутация


6. Бағалау. Түйін. (Оқушылар сабақтың түйінін айтып, мутацияға баға береді.

1. Бүгінгі таңдағы мутацияның көріністері қандай?

2. Мутацияны біз қайдан көреміз?

3. Мутацияның қандай пайдасы, зияны бар?

4. Адамзат мутацияның пайда болуын шектей ала ма?

- Тақырыпты дәптерлеріне жазады, мұғалімді тыңдайды, қажет терминдерді, ұғымдарды дәптерлеріне жазады;


Топ бойынша тақырыпты талдап, спикер оқушылар постерлер қорғайды. Бірін бірі тыңдайды, сұрақ қояды.

Сұрақты топ бойынша талқылап, топ атынан бір оқушы жауап береді.

- Топта талдап, Венн диаграммасын құрастырады. Спикер оқушы топ атынан қорғайды

Оқушылар жеке дәптерлеріне сәйкестендіру тапсырмасын орындайы. Тексереді.

Сұрақтарға жауап береді. Тақырыпты түйіндейді.

Шапалақтау арқылы бағалайды.

Бағалау парағына бағасын түсіреді.

4.Қорытынды, үйге тапсырма

(3мин)


- Үйге тапсыма береді, бағалайды.

- Қорытындылайды, рефлексия жазғызады, қоштасады


Үйге тапсырма:

§29. 132 беттегі А, В, С деңгейінің сұрақтары мен тапсырмалар.

Сабақ Б.Блумның сөзімен қорытындыланады.

«Білім шыңына шығуда адамның ақыл-ой қабілетінің деңгейі қарапайымнан күрделіге өту үрдісінде байқалады».

Оқушылар өзін-өзі бағалауды жүргізеді.

Рефлексия


- Дәптерлеріне үй тапсырмасын жазады, бағалайды.

- Бүгінгі сабақ туралы рефлексия жазып, тақтаға іледі.



Дискриптор бойынша бағалау парағына өзін- өзі бағалайды.

Қорытынды баға.




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет