Тақырыбы:
|
Талантты және дарынды балаларды оқыту.
|
Мақсаты:
|
Дарынды және талантты оқушыларға деген көзқарасты өзгертуге ықпал ету
Дарынды және талантты оқушыларды анықтау жолдарын іздестіру
Жаңалыққа құштарлығын ояту.
|
Оқыту нәтижесі:
|
Мұғалімдер түрлі тапсырмалар орындау барысында дарынды және талантты оқушыларды анықтау жолын табу үшін ойланып кетті.
Дарынды және талантты оқушылармен жұмыс жасау тиімділігі жайлы мағлұмат алады,оны өз тәжірибелерінде қолданады.
|
Негізгі идеялар:
|
1) Талантты және дарынды балаларға білім беру ортасын құру.
2) Олардың қалыпты жұмыс істеу мүмкіндік жасау.
|
КОУЧИНГ сабақтың өту барысы:
|
Тапсырманың сипаты
|
Берілген тапсырманы орындаудағы қолданылған тәсілдер
|
1. Ұйымдастыру кезеңі:
а)әріптестерді қарсы алу
б)әріптестерді топтарға бөлу
(дарынды, дарындылық, талантты деген сөздердің әріптерін әр түсті қағазға жазып, қиып тарату)
|
І тапсырма
Дарынды
Дарындылық
Талантты сөздеріне қалай сипаттама бересіздер?
|
Миға шабуыл немесе ой қозғау:
Топтық жұмыс.
Мұғалімдер өз ойын білдіреді
|
|
ІІ тапсырма
Дарындылық туралы екі түрлі көзқарас қалыптасқан.
Сіздің ойыңыз...
1.Балалардың барлығы да
дарынды болады...
2.Дарынды балалар
сирек кездеседі...
Сонымен сіздің ойыңызша
Дарынды бала дегеніміз...
Дарындылық дегеніміз – бірнеше қасиеттердің жиынтығы, ынтасы,
шығармашылығы, табиғи қабілеттері.
Дарынды дегеніміз – бала қабілетінің жоғарғы деңгейд бірнеше салада көрсете білуі, жалпы интелектуалдық дамуы мен нәтижені көрсету
потенциалы.
|
Дарынды оқушыға анықтама беріледі.
Мұғалімдер дарынды оқушы туралы өз ойларын ортаға салады.
(постермен жұмыс)
|
|
ІІІ тапсырма
Дарынды бала сыныбыңызда бар ма?
Оның дарындылығын қалай анықтайсыз?
Онымен қалай жұмыс жасайсыз?
|
Мұғалімдер өз ойын білдіреді
|
Қожа қандай бала?
|
|
Бейнесюжет көрсетіледі.
|
|
ІҮ тапсырма
Дж.Ренцуллидің дарындылық моделі.
1 – интеллектуалдық
компонент (зейін, ес, және ойлау үрдістерінің деңгейі)
2 – креативтік немесе
шығармашылық (қиялдың шығармашылық даму деңгейі, ерекшелігі және нәтижелілігі)
3 -мотивациялық компонент (танымдық және зерттеу белсенділігі).
|
Мұғалімдер өз оқушыларын Дж.Ренцуллидің қай дарындылық моделіне жататынын анықтайды және нақты дәлелдер келтіреді
|
|
«Менің бүгінгі сабақтан алған әсерім»
Эссе жазу 5 минут
|
|
Бағалау
|
Өздерінің бүгінгі сабақтан алған әсерлерін смайлингтер арқылы білдірді.
|
«Екі жұлдыз,бір тілек» әдісі бойынша бір-бірінің іс-әрекеттеріне баға беру
|