Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз сабақта оқушылардың қызығушылығын арттыра отырып, өз ойыңды еркін және зерттей талпындырып, тұжырым жасау. Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз



Дата18.07.2020
өлшемі16,11 Kb.
#75360
Байланысты:
2 тапсырма


  1. Ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижесінде «креативтік» ұғымына «жасампаздық» деген балама беріп, «жасампаздық технологиясы» деп түсінілді. Креативтік – бұл дарындылықпен бара-бар, өзгеше, қалыптан тыс, терең ойлау ұғымы. «Креативтік – тез ойлап табу, жаңалық ашу, аяқ астынан ақыл табу, терең сезім, толғаныс, интеллектуальдық биіктік, ұшқыр ойлылық» деген ереже шығарылған. Креативтік - өркендеуге, дамуға, нәтижеге жетуге бағытталған. Креативтік технология бойынша ізденушілік, зерттеушілік, эвристикалық әдістермен жұмыс жасалады.

Креативті ойлаудың сипаттамасы:

  • Ерекше идеяларды табады.

  • Зияткерлік пайымдауы мен қиялы дамыған.

  • Ерекше мәтіндер құрайды, жаңалық ойлап шығарады.

  • Әзілшіл.

  • Ерекше түсінік қалыптастырады.

  • Эстетикалық қасиеттерді түсінетінін көрсете біледі.

  • Болашақты ойлағанды жақсы көреді.

  • Басқа біреу сияқты болуға қорықпайды.

  • Көптеген идеяларды ойлап шығарады.

  • Жаңа идеяларға сынақ жүргізуге және қателесуге тәуекел етуге дайын

  • Ерекше нәрселерді іздейді. Ынталандыру сипаттамасы:

  • Жеке жетістіктердің жоғары стандарттарына ұмтылады.

  • Дербес.

  • Мақсатқа ұмтылады және жеке мақсаттарын белгілейді.

  • Міндеттерді шешуде дәйекті.

  • Табанды және жұмыспен бар ынтасымен шұғылданады.

  • Өзін өзі сынауға және бағалауға бейім.

  • Сенімді.

  • Өз бетінше жұмыс істегенді жақсы көреді.

Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз - сабақта оқушылардың қызығушылығын арттыра отырып, өз ойыңды еркін және зерттей талпындырып, тұжырым жасау.

Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз - ой қозғай отырып, оқушының өз ойымен өзгелердің ойына сыни қарап, естіген, білгенін талдап, салыстырып, реттеп, сұрыптап, жүйелеп, білмегенін өзі зерттеп, дәлелдеп, тұжырым жасауға бағыттау өз бетімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс жасау.

Сын тұрғысынан ойлау – оқу мен жазуды дамыту бағдарламасы. Оқушыны мұғаліммен, сыныптастарымен еркін сөйлесуге, пікір таластыруға, бір-бірінің ойын тыңдауға, құрметтеуге, өзекті мәселені шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты жеңуге баулитын бағдарлама. 

Сын тұрғысынан ойлау

  • балама әдістерін қарастыру,

  • қиялға жол беру

  • реалистік көз қарас

  • нәтижесін саралау

  • кемшіліктерін қарастыру



  1. Физика пәнінен тақырып түсіндіру барысында оқушыларға визуализация жасауға, қиялға ерік беретін түрлі форматтағы тапсырмалар беру. Оқушылардың жеке жұмыс жасауына мүмкіндік туғызу. Креативті идеяларды ұсыну қабілетін бағалау үшін берілген келесі үш критерий қолдану: 1) жауаптың заңдылығы, тапсырмаға сәйкестігі; 2) басқаға ұқсамайтын ерекшелігі; 3) жауаптың маңыздылығы, пайдалылығы, құндылығы. Өзін визуалды танытуға арналған тапсырмалардың креативті жауабы өзіне назар аударта алатын, көркем, мұқият өңделген және басқаға ұқсамайтын дара, өзгеше шешім болып табылады. Оқушының ақпаратты саралап, оны пайдалана алуына бағыт бағдар беру.

  • 3. Креативті ойлауды дамыту үшін тапсырмалар құрастырғанда күнделікті өмірде қажеттілік туғызатын мәселелерді қарастыру, иллюстрациялық материалдар, түрлі фильм, мультфильм түрінде бейне тапсырмалар, оқушыларға ұсыну.

  1. Оқушылардың креативті ойлау туралы ұғымын қалыптастыру;

  2. Оқушылардың зияткерлік қабілеттерін дамыту;

  3. Алған білім-білік-дағдыларын өмірде қолдану білуге тәрбиелеу.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет