2-тапсырма. Оқушылар берілген критерийлерге сүйене отырып, «Қоғамға, адамдарға пайдасын тигізетін мамандықтарды қалай таңдауға болады?» тақырыбында түсіндірмелі жазба эссе жазады. Мәтінді алдымен жеке жазып, сосын критерийлер бойынша топта талқылайды. Топаралық бағалау жүргізеді.
Критерийлер:
Ақпарат шынайы болады.
Нақты дәлелдер келтіреді.
Мәтіндегі мәселелердің артықшылығы мен кемшіліктері салыстырылады.
Әлеуметтік және тұрмыстық мәселелерді жан-жақты қарастыру арқылы нақты шешім жазылады.
Бұл эссені жазу барысында тыңдалып және талқылынған (айтылған) мәтіндегі мәліметтерді пайдаланады. (Бұл тапсырмада оқушылар мәтіннен алған мәліметтерін қолданады, салыстырады және осы арқылы жазылым дағдысы дамиды.)