Сабақтың ортасы
|
Берілген тақырып бойынша маған не белгілі? Мен не білемін?
|
Мәтіннен қандай жаңалық алдым?
|
Жаңа
сөздер
|
Мәтіндегі көтерілген мәселелер
|
Мәтіндегі негізгі ой
|
|
|
|
|
Содан кейін берілген мәтінді топта оқи және тыңдай отыра, тыңдалған мәтіндегі жаңа сөздер мен терминдерді теріп жазып, мәтіндегі негізгі ойды жазып, мәтінде көтерілген мәселелерді анықтайды және ұсынылған ресурстар арқылы жаңа сөздердің мағынасын ашады, кестені топта талқылайды. (Тыңдалған мәтіндегі негізгі ойды анықтау арқылы оқушылардың мәтін жөнінде түсінігі қалыптасады, кесте толтыру барысында тыңдалым дағдысы артады және оны топта талқылағанда айтылым дағдысын дамытамыз.)
Топтық жұмыс. Мамандық таңдау- тағдырыңды таңдау деген сөз. Кейінгі өмірде өкінбейтіндей, өз қабілеті мен бейімділігіне сай кәсіп түрін таңдау. Бұл өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Сондай- ақ өз мамандығының 10-20 жылға дейін өз сұранысын жоғалтпауына көңіл бөледі. Бұл мамандықтарға деген бірқалыпты тұрақты сұраныс деп аталады. Өзінің сұранысын, қызығушылығын жоймаған кең тараған мамандықтарға дәрігер, мұғалім және құрылысшы мамандықтарын атап өтуге болады. Ал, өзекті мамандықтар қатарына жоғары технология, байланыс, коммуникация, әлеуметтік орта, экономиканы басқару мамандықтары және еңбек сұранысына қажетті жаңа мамандықтар жатады. Қоғамның дамуында біздің өңірде, қазба-байлықтарын игеретін мамандық иелері қажет.
Мамандық – адам баласының өмірлік серігі. Адам баласы өмірде екі нәрседен қателеспеуі
керек. Бірі – жар таңдау болса, енді бірі – мамандық таңдау. Мамандық - өмірлік мәңгі таусылмас азығың. Әлемде 40 мыңға жуық әр түрлі мамандықтар бар. Статистикалық мәліметтер бойынша елімізде өндіріс орындарының тапсырысы бойынша –
Ұңғымашы – 60%-ға,
Тау қондырғыларын жөндеу жөніндегі электрослесарі-50%
Электр дәнекерлеуші -50%
Кен байытушы- 70% -ға дейін мамандықтары жетіспейді екен.
Ендеше, қоғамға, адамдарға пайдасын тигізетін мамандықтарды қалай таңдауға болады?
Дискриптор:
Мәтіндегі негізгі ойды анықтай алады.
Оның артықшылығы мен кемшілігін жіктейді.
Мәтінде көтерілген мәселені анықтайды.
Жаңа сөздерді түсіндіре алады.
|