Сабақ жоспары -1 сынып (ust kz) Р. А.Қадырқұлов, Н.Қ. Беристемова


Ә) Оқулық авторлары тарапынан берілген ұзақмерзімді жоспар



бет9/162
Дата27.09.2024
өлшемі458,93 Kb.
#205226
түріСабақ
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   162
Байланысты:
3 сынып все поурочки

Ә) Оқулық авторлары тарапынан берілген ұзақмерзімді жоспар



Ұзақмерзімді жоспардың бөлімдері
(ортақ тақырыптар) *



Пән тақырыптары

Сағат саны







1-тоқсан

8

1-бөлім. Программалау (ортақ тақырыптары: «Жанды табиғат»,
«Жақсы» деген немене?
«Жаман» деген немене?)

1

§1. Өміріміздегі қайталаулар

1

2

§2. Циклдер

1

3

§3. Кейіпкердің қозғалысы

1

4

§4. Қозғалыс командаларын жоба құруда қолдану

1

5

§5. Практикалық тапсырмалар

1

6

§6. Желіде тілдесу

1

7

§7. Әлеуметтік желілер мен мессенджерлер

1

8

§8. Өзіңді тексер! Шығармашылық тапсырмалар №1. БЖБ

1







2-тоқсан

8

2-бөлім.
Ойын құру
(ортақ тақырыптары:
«Уақыт», «Сәулет»)

9

§9. Ойынның сценарийі

1

10

§10. Көріністер

1

11

§11. Кейіпкерлер

1

12

§12.Практикалық жұмыс

1

13

§13. Костюм ауыстыру

1

14

§14. Менің ойыным

1

15

§15. Шағын ойындар

1

16

§16. Өзіңді тексер! Шығармашылық тапсырмалар

1







3-тоқсан

10

3-бөлім. Роботтехника.
Жоба
(ортақ тақырыптары: «Өнер», «Көрнекті тұлғалар»)

17

§17. Word мәтіндік редакторы

1

18

§18. Жобаға идея

1

19

§19. Құжатты рәсімдейміз

1

20

§20. Мәтіндегі иллюстрация

1

21

§21. Компьютерде және құжатта ақпарат іздеу.

1

22

§22. Робот қолының қозғалысы (1-сабақ)

1

23

§23. Робот қолының қозғалысы (2-сабақ)

1

24

§24. Цикл блогы

1

25

§25 «Робот-тазартқыш» құрастыру

1

26

§26. Практикалық жұмыс. №3.БЖБ

1







4-тоқсан

8

4-бөлім. –
Презентациялар
(ортақ тақырыбы: «Су – өмірдің қайнар көзі»)

27

§27. Презентация жасау

1

28

§28. Презентация дизайны

1

29

§29. Анимация мен ауысу

1

30

§30. Жоба жұмысына презентация жасау. №4.БЖБ

1



5-

тоқсан


5-бөлім. Мәтін, графика және презентация (ортақ тақырыбы:
«Демалыс мәдениеті.
Мерекелер»).

31

§31. Фотосуреттер

1

32

§32. Фотосуреттер топтамасы

1

33

§33. Жобамен таныстыру. №5. БЖБ

1

34

§34. Өзіңді тексер! Шығармашылық тапсырмалар

1



Жалпы сағат саны

34





«Цифрлық сауаттылық» пәнін оқыту



«Цифрлық сауаттылық» пәні оқушыларды нақты объектілер мен үдерістердің ақпараттық модельдерін түрлендіру, құру мен қолдануды мақсат етеді.
Сонымен қатар басқа да оқу пәндерін оқыту үшін оқушыларды ақпараттық-коммуникациялық құралдарымен жұмыс істеу дағдыларымен, біліктерімен және базалық біліммен қамтамасыз етеді.
Пәннің оқу бағдарламасы оқушылардың қоғамдағы ақпараттық үдерістердің рөлі, техникалық мүмкіндіктері мен адамзаттың түрлі қызмет саласыңда Цифрлық технология құралдарын пайдаланудың келешегі туралы түсініктерін қалыптастыруға бағытталған.
Цифрлық технологияларды пайдаланудағы құзыреттілік оларды үйде, мектепте, жұмыста, бос уақытта және коммуникацияда сенімді түрде және сыни тұрғыдан пайдалануды көздейді. Оқушылар Цифрлық технология бойынша дағдыларын курс бойы ақпаратты жинау, құру және басқару, ресурстармен жұмыс істеу, құрылғылар мен қосымшаларды пайдалану арқылы өз жұмыстарын бағалау, түзетулер негіздерінде дамытады.
«Цифрлық сауаттылық» пәні оқушыларды компьютермен жұмыс істеу барысында техникалық қауіпсіздік ережесін, ақпараттық іс-әрекеттің құқықтық және этикалық нормаларын сақтауға, жауапкершілікпен қарауға тәрбиелейді және жобамен жұмыс істеу барысында ұжымдық жұмысқа жұмылдыруға бағытталады.
Оқушылардан күтілетін нәтижелер:

  • айналадағы қоршаған ортадағы ақпарат көздерін, түрлерін анықтайды;

  • компьютер құрылғыларын біледі және олармен жұмыс жасайды;

  • ғаламтор желісінен қажетті ақпаратты өздігінен іздеп табады, оны өңдейді және ақпарат алмасуды біледі;

  • цифрлық технологиялардың ерекшеліктерін анықтап, олармен жұмыс жасайды; - мәтіндік редакторда мәтін жаза алады;

  • программалау ортасында жобалар құрады;

  • робот жобаларын құрастырады;

  • мәтінді редакциялаудың түрлі тәсілдерін қолданады;

  • өзі қызығатын тақырыпта зерттеу жүргізіп, презентация жасайды;

  • компьютерде жоба дайындап, оны көпшілікке ұсынуды, қорғау тәсілдерін меңгереді.

Пәнді оқытудың әдіс-тәсілдері



  • Оқушылардың жеке пікірін тыңдай білу, бұған дейін алған білімдері мен қалыптасқан түсініктерін одан әрі дамыту үшін оларды қолданудың маңыздылығын құптау;

  • жеке және саралай оқыту тәсілін қолдану;

  • проблемаларды және оларды шешу стратегияларын құрастыру;

  • оқушылардың жетістіктерін бағалау арқылы олардың оқуына қолдау жасау;

  • оқушылардың зерттеу іс-әрекеттерінің негізінде белсенді оқуға ынталандыру;

  • оқушылардың сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамыту;

  • оқушылардың ойын әрекетін, шығармашылық және жобалық жұмыстарын ұйымдастыру;

  • түсіндіру, идеяларды таныстыру, диалогқа қатысу, мәтінмен жұмыс, алгоритмдер;

  • тапсырмаларды орындау әдістерін сипаттау және түсіндіру барысында оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту;

  • мұқият таңдап алынған тапсырмалар мен іс-әрекет түрлері арқылы оқушыларды ынталандыру және дамыта оқыту;

  • оқушылардың өзіндік іс-әрекетін ұйымдастыру, жеке және топтық жұмыс;  бірін-бірі оқыту;

  • оқушыларды өз жұмысын талдауға және түзетуге ынталандыру (рефлексия).

Оқушылардың жетістіктерін бағалау


«Цифрлық сауаттылық» пәнін меңгеру нәтижелері критериалды бағалауды қолдану арқылы жүзеге асырылады.
Критериалды бағалау оқыту, оқу мен бағалаудың өзара тығыз байланысында негізделген. Критериалды бағалау нәтижелері білім беру үдерісін тиімді жоспарлау және ұйымдастыру мақсатында пайдаланылады.
Қалыптастырушы бағалау оқыту мен оқу үдерісінің өн бойында жүргізіледі. Әдістемелікте берілген жеке, жұпта, топта орындауға арналған тапсырмаларды орындау нәтижесінен оқушылардың оқу мақсатын меңгеру деңгейін анықтауға болады. Сонымен қатар, жұмыс дәптеріндегі тапсырмалар білімді бекіту мен қалыптастыруда мұғалім үшін де, оқушы үшін де жеке жетістікті бағалауға мүмкіндік береді. Ал жиынтық бағалауды жүргізу үшін, әрбір оқу тоқсанының оқу мақсаттары, бағалау критерийлері, тапсырмалар үлгісі мен дескрипторлары жұмыс дәптерінде ұсынылды. Жиынтық бағалау тапсырмаларын оқу мақсатына сәйкес бірнеше нұсқада түрлендіріп қолдануға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   162




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет