Сабақ жоспары : Мұқағали Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік мақсатында - біз «Аққулар ұйықтағанда» атты М.Мақатаевтың поэмасының композициялық құрылымын талдау, көркем бейне, поэтикалық білім беру.
Дамытушылық мақсатында- ақын тілімен салынған табиғат суреті арқылы оқушылардың эстетикалық талғамын шыңдау, мәнерлеп оқу дағдыларын дамыту, өлеңді талдау машығын жетілдіру.
Тәрбиелік мақсатында оқушыларды табиғатты қорғауға, аялауға тәрбиелеу. Табиғат біздің екінші анамыз. Сол табиғат сұлулығын толықтыратын қасиетті аққу-қаздар, қыранбүркіт, арқар, киік, марал сияқты сиреп бара жатқан аң мен құстарды қорғауға,салт-дәстүрді құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгеру.
Сабақтың түрі : Пәнәралық байланыс: география, биология, музыка, сурет.
Сабақтың әдісі: Баяндау, талдау, шығармашылық әдіс, сұрақ-жауап.
Көрнекілігі: М.Мақатаевтың суреті, аққулардың суреті, сұлу табиғат көрінісі, магнитафон, таспа.
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу.
Әрбір әрпі қанға шомған тарихына қараңдар.
Отырардай опат болған қала жоқ па, жарандар.
Тату – тәтті бармысыдар, армысыңдар, Адамдар! –
деп, сіздермен Мұқағали Мақатаев атамыздың амандасу салтымен амандасқым келеді.
Оқушылардың назарын сабаққа аудару. Ақын Мұқағали Мақатаевтың шығармашылық досы Нұрғиса Тілендиев атамыздың «Аққу» күйін оқушыларға тыңдату. Балалар тыңдап отырған күйіміз не деп аталады? Қанекей кім біледі?
Оқушылар: Бұл күй Нұрғиса Тілендиев атамыздың «аққу» күйі.
Оқушылардың Мұқағалидың туып –өскен жері, ортасы туралы жинақталған мәліметтері тыңдалады.
Тірек сызба арқылы Мұқағалидің кім екендігін жазады.
Төрт оқушы Мұқағалидің жазушы, ақын, сатирик, ұстаз екендігіне дәлелдер келтіреді.
Балалар! «Аққу» күйін сендерге тыңдатып отырған себебім: бүгінгі ашық сабағымыз ақиық ақынымыз Мұқағали Мақатаевтың өміріне, «Аққулар ұйықтағанда» поэмасына арналмақ. Балалар М. Мақатаевқа табынбайтын, ақынымызды танымайтын, өлеңдерін жатқа айтпайтын, қазақ жоқ қой деймін. Қанекей ақиық ақынымыз жайлы кім не білер екен?
Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаев – қазақ халқының ұлы ақыны. Мұқағали Мақатаев Алматы обылысы, Райымбек ауданына қарасты Қарасаз ауылында 1931 жылы 9 ақпанда дүниеге келген. Балалық шағы Ұлы Отан соғысы жылдарының қиыншылықтарымен дел келгендіктен болашақ ақын өмірдің ащы-тұщысын ерте тартады. Әкесі Сүлеймен соғыста қаза табады, анасы Нағиман балаларын өзі асырап, өсіреді.
Орта мектептік білім алған Мұқағали әр салада қызыметтер атқарады: ауылдық кеңестің хатшысы, мектеп мұғалімі, комсомол қызыметкері. Өлең жазуға деген құштарлығы М. Мақатаевты қаламгерлікке жетелейді, әсіресе, газет саласында жемісті еңбек етеді. Аудандық «Советтік шекара», республикалық «Социалистік Қазақстан» гаетінде, «Мәдениет және тұрмыс», «Жұлдыз» журналдарында, Қазақстан Жазушылар Одағында жауапты қызыметтер атқарады.
Алматы қаласындағы әдебиет пен өнар қайраткерлерімен қөоян-қолтық араласуы ақын болып қалыптасуына үлкен әсерін тигізеді. «Ильич», «Армысыңдар, достар», «Қарлығашым келдің бе?», «Мавр», «Аққулар ұйықтағанда», «Шуағым менің» атты жыр жинақтары жарық көреді.
Мұқағали Мақатаев
жазушы ақын сатирик ұстаз
Поэмаға тоқталу.
-Қандай киелі жан-жануарларды білесіңдер? (мұғалім сұрақ қояды) Оқушылар сұраққа өз жауаптарын айтады.
Халық түсінігінде аққу – қасиетті құс, киелі ұғым. Сондықтан оған суық қару оқталмаған. Аққуды атпау – атадан балаға жалғасып жеткен жақсы жоралғы, жарасымды дәстүр ғана емес, адамгершіліктің асыл қасиеті, сұлулықты сүйе білудің үздік үлгісі.
«Аққудың алты түрі бар. Біздің жерімізде оның екі түрі мекен етеді». Ерте, ерте, ерте де латын әліпбиін жасаған ғұламалар «S» әріпіне келгенде, үй алдындағы хауызда еркелеп отырған қос аққуды көреді де, «табылды, әріп табылды» деп айқай салады. Содан соң бірсіпыра уақытқа дейін бұл әріпті «аққу мойын деп атап келген көрінеді. Келе-келе бәрі ұмытылған.Аққулар 30-40 жыл жасайды. Аққу үш – төрт жасқа дейін сұрғылт болады екен. «Бесік баласы бес түлейді» деген мақалға сай ол да үш-төрт түлеп барып, шын аққуға айналады.Құстың жауы – жылан. Ол жұмыртқа көрсе бітеу жұтады, таңдамайды, талғамайды. Халық аңызында жылан екеш жыланға дейін аққудың жұмыртқасына тимейді екен.
Аққу қосағымен қоса ағаратын құс. Төрт жасқа дейін ата-анасының қасында жүреді. Содан толып, толысып, иір мойын, қызыл аяқ, аршын төс, пісте мұрын, сүмбіл қанатты нағыз құс төресіне айналғанда аталық-аналық боп жұп құрады. Жұп құрғанда өзге құстардай «бірде барсың , бірде жоқ – жүрген елессің» ұстанымымен емес, өле-өлгенше бір-біріне серік болуға серт байласатын көрінеді. Аналық аққуды атасы ұзатып аталық аққуды анасы ұзатып әкеліп қосады екен. Кәдімгі құда түсіп, қыз ұзатқандай салтанат – мереке. Сол күннен бастап жұбы жазылмайды.
Қасиетті құсқа оқ атпау, тыныштық шырқын бұзбау, адамгершілік пен игілікті уағыздау, сұлулықты сүю, сақтау туралы балалрдың өз ойлары ортаға салынады.
Аққудың Қазақстанда мекендейтін түрлері туралы айтылады.
Н.Тілендиевтің «Аққу» күйі әуенімен поэманы дарынды оқушы Сапарәлі Әйгерім жатқа мәнерлеп айтады.
Поэманы талдау.
Көрініс көрсетіледі.
Жаңа сабақты бекіту:
Поэманың І – бөлімінен қандай әсер алдыңдар?
Ақын табиғат сұлулығын –табиғат біздің екінші анамыз екенін көркем, ұйқастармен суреттеген.
Табиғат сұлулығын атап айтқанда қандай ерекшеліктерін бейнелеген?
Жетімкөлдің сұлулығы, аққудың үні, қасиеті, айнала қоршаған ортамен үндестігі, ақынның сезімі әдемі суреттелген. Әрбір сөздің орынды қолданылғанына, алып тастауға болмайтынына көзіміз жетті.
Поэманың ІІ – бөлімінде: Ананы қасиетті аққуға оқ атуға итермелеген не?
Поэманың әр бөліміне ат қойыңдар.
Халқымыз аққудан басқа тағы қандай аң, құстарды қасиетті деп есептейді.
Поэманың композициялық құрылымының жоспары.
Оқиғаның басталуы
|
Жетімкөлдің табиғаты
|
Үзіндіні оқу
|
Оқиғаның байланысы
|
Тәуіп шалдың айтқаны
|
Көрініс
|
Оқиғаның дамуы
|
Ананың көлге келуі
|
Көрініс
|
Оқиғаның шиеленісі
|
Ананың екі ойлы болуы
|
Үзіндіні оқу
|
Оқиғаның шарықтау шегі
|
Ананың аққуды атуы
|
Көрініс
|
Оқиғаның шешімі
|
Жылқышының айтқаны
|
Үзіндіні оқу
|
Тест
Мөлдіреген «Жетімкөл» көкке қарап,
Мөлдіреген көз жасын тыя алмай тұр.
а\ Кейіптеу
ә\ Теңеу
б\ Метафора
Таста тұнған жаңбырдың тамшысындай
Қалай біткен мына көл тау басында?!
а\ Эпитет
ә\ Теңеу
б\ Гипербола
Аққу – қазсыз ................. жетім,
Тыңдалмаған ................ жетім.
Аққулар
Аққу – мойын, сүмбе – қанат
а\ Суреттеу
ә\ Кейіптеу
б\ Теңеу
Аққуды ...............
Досыңды ...............
Бала адамның ............. еті.
М. Мақатаевтың туған жылы
а\ 1931
ә\ 1927
б\1956
8. Мақатаевтың туған жері.
а\ Тараз қаласы
ә\ Алматы обылысы, Райымбек ауданы, Қарасаз ауылы
б\ Талдықорған обылысы, Сарыөзек ауданы, Шоқан ауылы
Қорытынды:
Орнында екен Жетімкөл жоғалмапты,
Ортаймапты немесе тола алмапты,
Жағалауын жауыпты жасыл жалбыз,
Қасиетті аққулар оралмапты.
Дүниеде екі ана бар. Бірі – тіршіліктің анасы – табиғат ана, екіншісі адамның анасы. Екеуіне де қаталдық көрсетуге, жанын жаралауға болмайды. Бірақ біз, адамдар солай етіп жүрміз бе?
Анаға қасиетке оқ атқызған қандай күш?
Әрине, ол – балаға деген ана махаббаты.
Сендер поэманың өн бойында табиғаттың керемет сұлулығын, оның тұтастығын, тауы, көлі, бұлбұлы, көкқұтаны, қызғышы, аққуы, шөбі, қурайына дейін үндесіп, бір-біріне сүйеніп өмір сүретінін байқадыңдар ма? Өз анаңа, досыңа қандай қарым-қатынас, пейілде болсаң, табиғатқа да сондай қатынасты, яғни адамгершілік қарым- қатынасты қалыптастыруың қажет. Сонда ғана біз «адам» деген атқа лайық боламыз.
Бағалау:
Қанипа Бітібаеваның өзін-өзі бағалау әдісін қолданамын.
Үйге тапсырма: Үзінді жаттау.
Дарынды оқушыға – поэмадағы өзін мазалаған сұраққа байланысты еркін тақырыпта шығарма немесе эссе, әңгіме жазып келу.
Тест
Мөлдіреген «Жетімкөл» көкке қарап,
Мөлдіреген көз жасын тыя алмай тұр.
а\ Кейіптеу
ә\ Теңеу
б\ Метафора
Таста тұнған жаңбырдың тамшысындай
Қалай біткен мына көл тау басында?!
а\ Эпитет
ә\ Теңеу
б\ Гипербола
Аққу – қазсыз ................. жетім,
Тыңдалмаған ................ жетім.
Аққулар
Аққу – мойын, сүмбе – қанат
а\ Суреттеу
ә\ Кейіптеу
б\ Теңеу
Аққуды ...............
Досыңды ...............
Бала адамның ............. еті.
М. Мақатаевтың туған жылы
а\ 1931
ә\ 1927
б\1956
8. Мақатаевтың туған жері.
а\ Тараз қаласы
ә\ Алматы обылысы, Райымбек ауданы, Қарасаз ауылы
б\ Талдықорған обылысы, Сарыөзек ауданы, Шоқан ауылы
Тест
Мөлдіреген «Жетімкөл» көкке қарап,
Мөлдіреген көз жасын тыя алмай тұр.
а\ Кейіптеу
ә\ Теңеу
б\ Метафора
Таста тұнған жаңбырдың тамшысындай
Қалай біткен мына көл тау басында?!
а\ Эпитет
ә\ Теңеу
б\ Гипербола
Аққу – қазсыз ................. жетім,
Тыңдалмаған ................ жетім.
Аққулар
Аққу – мойын, сүмбе – қанат
а\ Суреттеу
ә\ Кейіптеу
б\ Теңеу
Аққуды ...............
Досыңды ...............
Бала адамның ............. еті.
М. Мақатаевтың туған жылы
а\ 1931
ә\ 1927
б\1956
8. Мақатаевтың туған жері.
а\ Тараз қаласы
ә\ Алматы обылысы, Райымбек ауданы, Қарасаз ауылы
б\ Талдықорған обылысы, Сарыөзек ауданы, Шоқан ауылы
Достарыңызбен бөлісу: |