Кіріспе бөлім
1. Оқушыларды сапқа тұрғызу.
2. Кезекшінің мәліметі.
3. Сәлемдесу.
4. Сабақтың мақсатын түсіндіру.
Жүру жаттығулары:
Қолды белге тіреп, аяқтың ұшымен жүру;
Қолды желкеге қойып өкшемен жүру;
Қолды белге тіреп, аяқтың ішкі қырымен жүру;
Қолды белге тіреп, сыртқы қырымен жүру;
Қол белде жартылай отырып жүру;
Қол тізеде, толық отырып жүру,
Жүгіру жаттығулары:
Жеңіл жүгіріс
Оң жақ қырымен қолды алдыға айналдыра жүгіру;
Сол жақ қырымен қолды алдыға айналдыра жүгіру;
Қолды созып тізені жоғары көтеріп жүгіру;
Қолды жамбасқа қойып аяқты артқа серпіту;
Жай жүріп , демді қалыпқа келтіру.
Оқушыларды сапқа тұрғызып, 1-2-ге санату, 2-лер 2 қадам алға шығады, қолды созып арақашықтық сақтау.
Жалпы дамыту жаттығулары:
-Бастапқы қалып. Аяқ арасын ашып, қолды белде ұстап басты оңға-солға, артқа-алға бұру.
-Бастапқы қалып. Аяқ арасын ашып, қолды иыққа тірейміз.
1-2 иықты алға айналдырамыз, 3-4 артқа айналдырамыз.
-Бастапқы қалып. Аяқ арасын ашып, қолды желкеге қоямыз.
1-2 денені оңға бұрамыз, 3-4 солға бұрамыз
-Бастапқы қалып. Қолды алға созып, қайшылату;
-Бастапқы қалып. Қолды жанына созып, білек буынын, шынтақ буынын, иық буындарын айналдыру.
-Бастапқы қалып. Аяқ арасын ашып , қолды белде ұстап белді оңға-солға айналдыру;
-Осы қалыпта оң қолды жоғары көтеріп денені солға иілдіру, сол қолды жоғары көтеріп денені оңға иілдіру;
-Бастапқы қалып. Аяқ арасын ашып, қолды тізеге қойып, аяқты ішке-сыртқа айналдырамыз.
Алдыға иіліп, оң қолды сол аяқтың ұшына, сол қолды оң аяқтың ұшына алма кезек жеткізу.
Қолды жоғары көтеріп терең дем алып, қолды төмен түсіру.
Негізгі бөлім
Оқушыларды екі топқа бөлу.Аталған топқа ат қою.
1-топ-«Қыран» тобы
2-топ- «Барыс» тобы
1. Картоп отырғызу
Мұғалімнің белгісі бойынша жүгіріп шығып, кедергілерден өтіп, қолдарындағы кішкене доптарын шеңбер ішіне қалдырып, тік жүгіріп келеді. Келесі ойыншыға қол береді, ойын осылай жалғасады. Жүгіріп келген ойыншы саптың артына тұра береді. Ойынды қай команда бұрын бітірсе, сол жеңіске жетеді.
2. Картоп жинау
Мұғалімнің белгісі бойынша жүгіріп шығып, кедергілерден өтіп, шеңбер ішіндегі кішкене доптарды алып тіке жүгіріп келеді. Келесі ойыншыға қол береді, ойын осылай жалғасады. Жүгіріп келген ойыншы саптың артына тұра береді. Ойынды қай команда бұрын бітірсе, сол жеңіске жетеді.
3. Кенгіру
Мұғалімнің белгісі бойынша кедергілер арқылы үлкен доппен секіріп, қайтып тіке секіріп келу. Секіріп келген ойыншы допты келесі ойыншыға ұсынып саптың артына тұра береді. Ойынды қай команда бұрын бітірсе, сол жеңіске жетеді.
4. Допты бастан асырып беру
Бастаушының қолында доп болады. Мұғалімнің белгісі бойынша допты басынан асырып екіншіге, екінші–
үшіншіге, осылай соңындағыларға бере береді. Ең соңғы ойыншы допты ала салып, жүгіріп келіп бастаушының алдына тұра қалып, допты одан әрі жалғастырады. Ойын бастаушы өз орнына келгенше жалғасады.
Ойынды қай команда бұрын аяқтаса, сол жеңіске жетеді.
5. Допты аяқтың астынан беру
Ойын шарты жоғарыдағыдай, бірақ ойыншылар аяқтың арасынан береді. Ойын бастаушы өз орнына келгенше жалғасады.
Ойынды қай команда бұрын аяқтаса, сол жеңіске жетеді.
6. Допты себетке салу
Допты секіртіп барып себетке түсіріп, секіртіп алып қайтадан допты келесі ойыншыға ұсынады. Қай команда допты себетке көп түсірсе, сол команда жеңіске жетеді.
7. Кегли
Тізілген кеглиді кіші доппен соғу арқылы құлатып, ұпай жинайды. Қай команда көп құлатса, сол команда жеңіске жетеді.
8. Орыннан секіру
Мұғалімнің белгісі бойынша орыннан ұзындыққа секіреді. Секіріп түскен жерге таяқша қойылады. Екінші ойыншы сол таяқшадан ұзындыққа секіреді. Қалғандары да осылай секіре береді. Қай команда ұзын секірсе сол жеңіске жетеді.
9. Мәреге кім бұрын?
Мұғалімнің белгісі бойынша секіртпемен секіріп шығып, белгіні айналып секіріп келу керек. Секіріп келген ойыншы секіртпені келесі ойыншыға ұсынып саптың артына тұра береді. Ойынды қай команда бұрын бітірсе, сол жеңіске жетеді.
Қорытынды бөлім
Сапқа тұрғызу
Денені қалыпқа келтіретін тыныс алу
Жаттығуларын жасау.
Сабақты қортындылау.
Бағалау
Үйге тапсырма:Ертеңгі бой жазу жаттығуларын жасау.
Саппен шығару
|