Мақсатты байланыстық мәмілелер
мазмұнынан оның тараптары қандай мақсатты көздейтіндігі көрсетілетін мәмілелер. Казуальды мәміле абстрактілі мәміленің қарама-қайшы түрі болып табылады.
Мәміленің жазбаша түрі
(келісімшарт)
тараптармен қол қойылған бір құжатты құрастыру жолымен, сонымен қатар электронды, телефонды, телеграфты, почталық немесе басқа да байланыс құралымен қамтамасыз етілуі мүмкін.
Мәміленің нотариалды куәландырылуы
жазбаша түрде орындалған құжатқа, нотариалды іс-әрекеттерді жүзеге асыруға құқылы нотариустың немесе басқа лауазымды тұлғаның куәландыратын қолының қойылуымен жүзеге асырылады. Мәмілелерді нотариалды куәландыру келесідей жағдайларда міндетті: заңда көрсетілген жағдайларда, заң бойынша аталған қызмет түрлері үш тараптардың келісімімен қарастырылған жағдайда. Заңда сәйкес жылжымайтын мүлікке меншік құқығының пайда болуымен, басқа біреуге өтуімен немесе тоқтатылуымен және басқа да құқықтармен байланысты мәмілелер мемлекеттік тіркеуден өтуі тиіс. Жылжымайтын мүлікке жер учаскелері, жер астындағы байлықтар, су объектілері, ормандар, көп жылдық өсімдіктер, үйлер, ғимараттар және т.б. жатады.
- кәсіпкерлік мәмілелерді жүзеге асыру заңдылығын қамтамасыз ететін жетекші механизм болып табылады.
- тараптардың құқықтарын, міндеттемелері мен жауапкершіліктерін бекітетін заңды құжат
(егер ол заңға сәйкес құрастырылса).
Достарыңызбен бөлісу: |