Еңбек ресурстарын басқару кезеңдері: 1. Ресурстарды жоспарлау: адам ресурстарына деген болашақтағы қажеттiлiктi қанағаттандыратын жоспарды құру.
2. Қызметкерлердi жинақтау:барлық лауазымдар бойынша потенциалды үмiткерлер резервiн жасау.
3. Iрiктеу: жұмыс орнына үмiткерлердi бағалау және жинақтау барысында жасалған резервтiң iшiнен ең жақсыларын таңдау.
4. Жалақы мен жеңiлдiктердi анықтау:қызметшiлердi тарту, жалдау және сақтау мақсатында жалақы мен жеңiлдiктер құрылымын әзiрлеу.
5. Кәсiби бағдарлау мен бейiмдеу: жалданған қызметкерлердi ұйым мен оның бөлiмшелерiне ендiру, ұйым одан не күтетiндiгiн және қандай еңбек лайықты түрде бағаланатындығын қызметкерге түсiндiру.
6. Үйрету:жұмысты тиiмдi орындау үшiн қажет еңбек дағдыларына үйрететiн бағдарламаларды әзiрлеу.
7. Еңбек қызметiн бағалау: еңбек қызметiн бағалау әдiстемесiн әзiрлеу және оны қызметкерге жеткiзу.
8. Жоғарылату, төмендету, ауыстыру, жұмыстан шығару:қызметкерлердi жауапкершiлiгi жоғары немесе төмен лауазымға ауыстыру, өзге лауазымға немесе жұмыс учаскесiне аудару арқылы олардың кәсiби тәжiрибесiн дамыту әдiстерiн, сондай-ақ жалдау келiсiмiн тоқтату рәсiмдерiн әзiрлеу.
9. Басқарушы кадрларды даярлау, қызмет бойынша жылжытуды басқару:басқарушы мамандардың еңбек тиiмдiлiгiн арттыру және қабiлеттерiн дамытуға бағытталған бағдарламаларды әзiрлеу.