Сабақ жоспары 1- сынып Сабақтың тақырыбы: «Мақта қыз бен мысық»



Дата26.08.2017
өлшемі109,15 Kb.
#28464
түріСабақ
Сабақ жоспары 1- сынып

Сабақтың тақырыбы: «Мақта қыз бен мысық» ертегісі



Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

Мұғалімнің көмегімен тыңдалған материал не туралы екенін түсіну.Сұхбаттасын түсіну және түрлі тәсілмен әрекет жасау, этика нормаларын сақтап жауап беру.

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар орындай алады: «Мақта қыз бен мысық» ертегісін тыңдайды, мазмұнын айта алады.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Әр кейіпкерге мінездеме бере алады. Кейіпкердің ұнамды және ұнамсыз жақтарын салыстырып айта алады.

Кейбір оқушылар орындай алады: Ертегідегі әрбір кейіпкерге нақты баға беріп, шағын мәтін құрай алады.

Тілдік мақсат

Барлық оқушылар орындай алады: грамматикалық және орфографиялық нормаларды сақтайды.

Сөздік қор мен терминдер: Мақта қыз – мысық – сиыр – ағаш – қыздар – сатушы – тауық – тышқан.

Диалог құру: ертегіні тыңдайды, мазмұндайды, ертегіні өзгертуі мүмкін.

Талқылауға арналған сұрақтар: Мысық неге тышқанның өмірін аман алып қалды?

Не себепті: Мысық сөйлей ала ма?

Ишара: Ертегі кейіпкерлерін сипаттап, дауыстарын келтіреді.

Алдыңғы оқу

«Мақта қыз бен мысық» ертегісін оқу, сурет салып келеді, суретті әңгімелеп береді.

Жоспар

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресуртар

Жоспарланған уақыт 45 минут







Басы: 5 минут

Шаттық шеңберін құру. Ертегідегі кейіпкерлерді рет-ретімен ата. Дауыстап белгі беру арқылы, қай кейіпкер екенін айт.

Пазл әдісі: Мақта қыз бен мысықтың суреттерін құрастыру арқылы 2- топқа бөлу.

Аудиовизуалды үнтаспа

Ортасы:

35 минут
10 минут




Мысық пен сиыр
1-тапсырма. «Уақыт тізбегі» оқиға желісін әңгімелеу.


Мақта қыз бен мысық



Мысық пен ағаш

Мысық пен қыздар




Мысық пен сатушы

Мысық пен тауық




Мысық пен тышқан

Суреттерді оқиға желісі бойынша жабыстырып, ертегіні мазмұндайды.


2- тапсырма.Графикалық органайзерлер

«Қос диаграмма»





Мақта қыз

Мысық


«Мақта қыз бен мысыққа» мінездеме бер.


3-тапсырма. «Тірек сөздер» әдісі.

Мысық / сиыр / тышқан / тауық / мамық / қоңыр / кішкентай / қара - сөздерінен сөз тіркестерін жасап жаз.



Аудиовизуалды үнтаспа

Кеспе қағазы

Топтық жұмыс

Жұптық жұмыс



Кері байланыс

«Алма ағашы» көк алма –ертегіні түсіндім,

сары алма –онша түсінбедім, қызыл алма –мүлдем түсінбедім.






Соңы

5минут


Сергіту сәті

«Аяқпенен топ-топ-топ» өлеңімен аяқтау.



Видио


Үй тапсырмасы

«Мақта қыз бен мысық» ертегісін рөлдерге бөліп оқып келу.




Рефлексия







Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма?

Сабақтың мақсатын тақырыпқа байланысты дұрыс қоя білдім. Жүзеге толық асыра алмадым. Ертегіні егжей –тегжейлі түсіндірдім. Балалар,а ертегі қатты ұнады.




Бүгін оқушылар не үйренді?

Бүгін оқушылар ертегіні көріп, сурет арқылы, жаңа сөздердің дұрыс жазылуын, «Мақта қыз бен мысық» туралы түсініктерін қалыптастырды.




Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті?

Сабақ балаларға ұнады, оңай тапсырмалардан күрделі тапсырмаларды орындау қызықты болды. Бірақ, басым көпшілігі тапсырмалар күрделенген сайын топтан шетте қалып отырды. Осы тұстарын келесі сабақта жас ерекшеліктерін ескеремін.




Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма?

Жоспарланған саралау жүзеге асты. Басым көпшілігі жеңіл және орта деңгейдегі тапсырмаларды орындап шықты.




Уақытты қалай пайдаланды?

Алған тапсырмаларым нақты, оқушыларға түсінікті болғандықтан уақытты дұрыс пайдалана алдым.




Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім және неге?

Жоспарымда ертегіні тірек сызба суреті арқылы түсіндіргенмін, енді бұл ертегіні аудивизуалды үнтаспадан көрсеткенім жөн деп ойлаймын. Топта отырған балаларды қызықтыратын және орындай алатын тапсырмалар ұйымдастырамын




Қорытынды бағалау

Бүгінгі өткен сабағыма толық көңілім толды.




Ең жақсы өткен екі нәрсе:

  1. «Уақыт тізбегі» арқылы оқиға желісімен өздері құрып, мазмұндағаны балаларға өте тиімді болды.

  2. «Қос диаграмма» әдісін қолданғаным өте қызықты өтті.




Қандай екі нәрсе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді.

1.Егер ребустар, шашылған әріптер әдісін қолданғанымда сабақ өте тиімді өтер еді, деп ойлаймын.

2. Қай кейіпкер сізге ұнайды? Ұнаған кеіпкеріне шағын мәтін құратар едім.






Осы сабақ барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар жөнінде келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпарат білдім.

Сабақ барысында алған тыңдалым, айтылым, жазылым, тапсырмаларын тиімді, нақты қолдана білдім. Келесі сабақта оқылым дағдысын қамтуым керек. Жазылымы баяу оқушылардың жылдамдықтарын арыттыру үшін қажетті жұмыс атқару керек. Үйлестірмелі тапсырмалардың орындалуына қойылған дескриторларды тағыда жүйелендіру керек.







1-тапсырма. «Уақыт тізбегі» оқиға желісін әңгімелеу.


Мақта қыз бен ......

Мысық пен ........

Мысық пен .....

Мысық пен ......



Мысық пен .........

Мысық пен ..................

Мысық пен .........




Суреттерді оқиға желісі бойынша жабыстырып, ертегіні мазмұндайды.




Тақырыбы

Білемін

Балл

1

1. Суреттерді рет- ретімен орналастыр.

2. Ертегіні тыңда, мазмұнда.

3. Сурет бойынша әңгімеле.


1. Суреттерді рет-ретімен орналастыра алады.

1

2

2. Суреттерді рет-ретімен орналастыра алады, ертегіні тыңдап, мазмұндай алады.

2

3

3. Суреттерді рет-ретімен орналастыра алады, ертегіні тыңдап, мазмұндай алады, сурет бойынша әңгімелеп бере алады.

3

4

4. Суреттерді рет-ретімен орналастыра алады, ертегіні тыңдап, мазмұндай алады, сурет бойынша әңгімелеп бере алады, ертегідегі кейіпкерлердіғ орыс-ағылшын тілінде аудармасын біледі.

4



2- тапсырма.Графикалық органайзерлер

«Қос диаграмма»





Мысық


Мақта қыз


«Мақта қыз бен мысыққа» мінездеме бер.






Тақырыбы

Білемін

Балл

1

1. «Мақта қыз бен мысыққа» мінездеме бер.

2. Мысықтың ұнамды және ұнамсыз қасиеттерін ата.

3. Ертегідегі үй жануарларының пайдалы және пайдассыз жақтарын салыстыр.



1. Мақта қыз бен мысыққа мінездеме бере алады.

1

2

2. Мақта қыз бен мысыққа мінездеме бере алады, мысықтың ұнамды және ұнамсыз жақтарын жинақтап айта алады.

2

3

3. Мақта қыз бен мысыққа мінездеме бере алады, мысықтың ұнамды және ұнамсыз жақтарын жинақтап айта алады, ертегідегі үй жануарларының пайдалы және пайдасыз жақтарын ажырата алады.

3

4

4. Мақта қыз бен мысыққа мінездеме бере алады, мысықтың ұнамды және ұнамсыз жақтарын жинақтап айта алады, ертегідегі үй жануарларының пайдалы және пайдасыз жақтарын ажырата алады, шағын мәтін құрай алады.

4



3-тапсырма. «Тірек сөздер» әдісі.

Мысық / сиыр / тышқан / тауық / мамық / қоңыр / кішкентай / қара - сөздерінен сөз тіркестерін жасап жаз.





Тақырыбы

Білемін

Балл

1

1. Тірек сөздерден сөз тіркестерін жасап жаз.

2. Сөз тіркестерін аудар, мағынасын түсіндір.



3. Сөз тіркестерін пайдаланып шағын мәтін жаз.



1.Тірек сөздерден сөз тіркес-терін құрап жаза алады.

1

2

2. Тірек сөздерден сөз тіркес-терін құрап жаза алады, аудара алады, мағынасын түсіндіре алады.

2

3

3. Тірек сөздерден сөз тіркес-терін құрап жаза алады, аудара алады, мағынасын түсіндіре алады, шағын мәтін жаза алады.

3

4

4. Тірек сөздерден сөз тіркес-терін құрап жаза алады, аудара алады, мағынасын түсіндіре алады, шағын мәтін жаза алады, мәтінді аудара алады.

4


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет