Заттың салмағын анықтау. Зат өлшемін анықтай білу сезімдерін дамыту («салмақ сезімі»).
Заттардың салмағын өлшеміне қарай тең және тең еместігін алақанына салып өлшеп, анықтауға үйрету.
Заттың салмағы оның көлеміне байланысты емес екендігін түсіндіру.
Заттарды салмағына қарай анықтай білу, оларды өлшемдеріне қарай орналастыру шеберлігін дамыту.
Заттың салмағын таразының көмегімен өлшеу дәлірек болатынын түсіндіру.
Дүкенде қолданылатын таразы туралы ұғымдарын қалыптастыру. Заттың салмағын өлшеуге қызықтыру.
Мектеп жасына дейінгі балаларға математикалық білім берудің міндеттері:
Заттардың түрлі тобының санды, сапалы бағалануына балалардың назарын аудару, математикалық мазмұны бар ойындарға қызығушылығын арттыру.