Сабақ жоспары №1 Пәні: Информатика


Қысқа мерзімді сабақ жоспары №19



бет24/49
Дата12.09.2020
өлшемі430,92 Kb.
#77936
түріСабақ
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   49
Байланысты:
информатика новый

Қысқа мерзімді сабақ жоспары №19


Пәні: Информатика

Сыныбы:10

Мерзімі:

Пән мұғалімі: Г.Ерниязова

Тексерілді

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары




Тақырыбы: Жиым (Массив)

Мақсаты: Оқушыларға жиым жайлы түсінік беріп, жиымды қалай сипаттау керектігін, оның түрлерін таныстырып, меңгерту.

Түйінді идея: Жиым, оның түрлері

Күтілетін нәтиже: Оқушыларға жиым жайлы түсінік қалыптасады, жиымды қалай сипаттау керектігін үйреніп, меңгереді.

Ресурстар, көрнекіліктер: Электронды оқулық, оқулық, компьютер




Кезең

Оқытудың формалары, әдістері

Мұғалімнің іс әрекеті

Оқушының іс әрекеті

Ұйымдас-тыру

Жеке жұмыс

(Ауызша)


Ауызша сұрау

- Тармақталу алгоритмі не үшін қолданылады? Оның қандай маңызы бар?



- Қарапайым шарт пен күрделі шарттың айырмашылықтары қандай?


Оқушылар өздерінің жауаптарын, дұрыс жауаппен салыстырады

Үй жұмысын тексеру

Топтастыру

Оқушылардың өткен тақырып бойынша топқа бөлінуін қадағалайды және өткен тапсырманы қаншалықты меңгергенін анықтайды

Мұғалімнің нұсқауы бойынша топқа бөлінеді

Жана сабақ

топтық жұмыс, "Жигсо" әдісі


Сонымен жиым (массив) дегеніміз – бір атауға біріктірілген біртипті шамалардың реттелген тізбегі.

Жиымды сипаттау үшін Dimқызметші сөзінен кейін жиым атын жазып, жақша ішінде жиымға компьютердің жадынан қанша орын бөлінетінін және Asқызметші сөзінен кейін жиым элементінің типін көрсету керек.



Мысалы:

Dim A (1 To 15) As Integer //элементтері бүтін сан болатын А жиымына компьютер жадынан 15 орын бөлінді.

Dim X(15) As String //элементтері жолдық қатар болатын X жиымына компьютердің жадынан 0-ден 15-ке дейін 16 орын бөлінді.

Жиымды процедураның басында немесе код терезесінің Generalбөлігінде жазып кетуге болады. Егер жиым процедураның басында сипатталса, ол тек сол процедураның орындалуында ғана жұмыс істей алады, ал Generalбөлігінде сипатталса, онда жиым жобаның барлық процедураларында орындалады.

Элементтер саны алдын ала белгілі болса, оны анықталған шекарасы бар жиым деп атаймыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   49




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет