Динамикалық жиым дегеніміз айнымалы элементтерден тұратын жиым. Программаның орындалу барысында кез келген уақытта динамикалық жиымның өлшемдері өзгеріп отырады. Visual Basic-те динамикалық жиымды қолдану өте қолайлы, өйткені, оның көмегімен жадыны тез басқара аламыз.
Мысалы, Сіз қысқа уақыт ішінде үлкен жиымды қолдана аласыз, ал қолданбаған жағдайда жадыны тазарта аласыз.