Сабақ жоспары №1 Пәні: Информатика


Кезең Оқытудың формалары, әдістері



бет20/49
Дата12.09.2020
өлшемі430,92 Kb.
#77936
түріСабақ
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   49
Байланысты:
информатика новый

Кезең

Оқытудың формалары, әдістері

Мұғалімнің іс әрекеті

Оқушының іс әрекеті

Ұйымдас-тыру




Амандасу.Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың назарын сабаққа аудару. Сабақтың жалпы мақсатын және жүргізілу жоспарын ашу.

Мұғалімдермен амандасады. Сабаққа дайындығын көрсетеді.

Үй жұмысын тексеру

Жеке жұмыс

Бақылау сұрақтары:

1. Asc функциясының қызметі?

2. CHR функциясының қызметі?

3. Len функциясының қызметі?

4. Left функциясының қызметі?

5. Right функциясының қызметі?

6. Mid функциясының қызметі?

Оқушылар өздерінің жауаптарын, дұрыс жауаппен салыстырады

Жана сабақ

топтық жұмыс

"Жигсо" әдісі



Интерфейс – компьютерде сақталған және қолданушының енгізген ақпараттарымен жұмыс істеуге мүмкіндік беретін құралдар мен ережелердің жиынтығы.

Кез келген интерфейсті (ағыл. inter – аралық, face – бет) жасаушы программалаушылардың мақсаты: ақпаратпен жұмыс жасағанда (құжаттармен, мәліметтер қорымен, графиктермен, кескіндермен) жоғарғы сапаны, қолайлылықты қамтамасыз ету.

Программалаушылар даярланған интерфейсі жұмыс істеу кезінде өзінің қолайлылығымен, сапасымен үлкен сұранысқа ие болу арқылы сатылым көрсеткіштерін жоғарылатады. Программалаушылар қолданбаның ішкі және сыртқы түрінің, жұмыс істеу тәртібі сапасының қолайлылығын қамтамасыз ету үшін, программаға тапсырыс беруші пайдаланушылармен жиі байланыста болады. Интерфейсті жобалағанда қолданбада қанша құжат типімен жұмыс істеледі, мәліметтік иерархиялық бұтақтары бола ма? Белгілі бір уақыт шамасында қанша құжатпен жұмыс жасалады? деген сұрақтардың барлығына үлкен көңіл бөлінеді, осыдан барып керекті интерфейс типі таңдалады.

Егер қолданушылар тілімен айтатын болсақ, интер­фейс бұл нысандардың жиынтығы, оның көмегімен ақпаратты белгілі бағытта орындау жүзеге асырылады. Интер­фейс барлық программаның құрылымын анықтайды.

Visual Basic программасында пішін пайдаланушы интерфейсін құру үшін нысандарды орнату терезесі болып саналады. Егер Visual Basic программасын қолданатын болсақ, интерфейстің қарапайымдылығы мен қолайлылығын қамтамасыз етуіміз керек. Мұндағы әрбір әрекет тез есте сақталатын болу керек. Артық батырмаларды қолданып, жиі сұхбат терезесін шақыратындай етіп жасалған интерфейс адамды жалықтырып жібереді. Сондықтан интерфейсті жобалағанда жинақылық пен көркемдікке ерекше көңіл бөлу қажет.

Қолданушы интерфейсін пайдаланушыларға кеңес:



  • Visual Basic тілінде пішіннің дизайны, элементтердің өзара орналасуы, бұйрықтың мәзір атаулары – барлығы болу қажет.

  • Интерфейс жұмыс істеуге қолайлы және қарапайым, түсінікті етіп жасалу керек. Барлық әрекеттер тез есте сақталатын, косымша әрекеттер орындау, батырма­ларды артық шертпеу, сұхбат терезесін қайталап шақырмайтындай, шаршататын процедуралар болмағаны жөн.

  • Сыртқы дизайнын жасағанда көзді ауыртпайтындай болу керек. Интерфейспен ұзақ уақыт жұмыс жасайтын (бір күнге дейін) етіп жобалаған дұрыс.

  • Пішінге артық басқару элементтерін орналастырмау керек, сондықтан қосымша беттер мен пішіндік беттер пайдаланылады.

  • Пішіндегі басқару элементтерін мазмұны бойынша топтастыру керек. Топтастырғанда жиектемелерді қолдануға болады.

  • Пішінде бос орындардықалдырып, элементтер арасынашық етіп орналастырамыз.




Оқушылар жанұя тобына, үй тобына біріге отырып тақырыпты қорғайды және

дәптерлеріне жазып отырады



Жаттығу жұмысы



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   49




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет