3D Blender модификаторы. Mirror
Blenderпрограммасында модификаторлардың бірнеше түрі бар. Әр модификатордың қызметі әрқалай. Блендердегі модификаторларға Extrude, Subdivide және бульдік операция құралдары да жатады. Өйткені бұл құралдардың көмегімен нысанды өзгерте аламыз. Графикалық модельдеудегі ең керекті модификатордың бірі –Mirror (Айна). Программада модификаторды іске қосу үшін ADD Modifier панелінен керекті модификаторды таңдаймыз.
Mirror модификаторы нысанның дубликатын айналы кескін ретінде жасайды. Айналамыздағы дүниенің көбісимметриялық нысандардан тұрады: нысанның сол жақ бөлігі оң жағының айналы көшірмесіндей. Сондықтан да симметриялық нысанды модельдеуде алдымен бір жақ бөлігін жасап алып, сосын оның көшірмесін жасап, әрі қарай сол көшірмені айнадағы кескінге келтіру жеңілірек. Міне, осы көшіру және оны айналы қылуды Mirror құралымен жасаймыз. Бір жағынан бұл құралмен жұмыс істегенде нысанның нәтижесі үшөлшемді, яғни, ұзындық, ені мен биіктіктің өздеріне сәйкес X, Ү және Z осьтеріне байланысты әртүрлі болатынын да ескеруіміз керек.
Жазықтықтағы айналы бейне осьтерімен қатар нысанның орта нүктесінің қайда орналасқандығы да маңызды рөл атқарады. Өйткені нысанның айналы кескіні оның орта нүктесіне байланысты пайда болады. Әдетте нысанды енді ғана құрған кезде оның орта нүктесі нысанның ортасында орналасады. Мысалы, сахнада шаршыны жасаймыз, оныңорта нүктесі, әрине ортада тұр делік. Бірақосы жағдайда қандай осьпен Mirror жасасақта, оның түпнұсқадан еш айырмашылығы болмайды. Бірақ, егер шаршының орта нүктесін шаршының төбе жағына орын ауыстырсақ, нәтижесінде бір-біріне қосылған екі шаршы пайда болады. Орта нүктені жылжыту үшін Mesh панеліндегі Center Cursor батырмасын пайдалануға болады.
|