Сабақ жоспары 1-сабақ Бөлім



бет1/4
Дата24.11.2023
өлшемі344,61 Kb.
#193291
түріСабақ
  1   2   3   4
Байланысты:
5 кл Әдебиет ҚМЖ 2023-2024


Бекітемін:__________
Қысқа мерзімді сабақ жоспары 1-сабақ



Бөлім:

1-бөлім: Таза, мінсіз асыл сөз

Педагогтің аты-жөні:


Күні:


Сынып: 5

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

«Таза, мінсіз асыл сөз». Халық ауыз әдебиеті Ертегі. Ертегі түрлері.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты:

5. 1. 2. 1 әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтау

Сабақтың мақсаты

Әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтай алады.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі//
уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басталуы
5 минут

Сабақтың ортасы


7 минут

6 минут

7 минут


8 минут

7 минут



5 минут



І.Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық ахуал
«Амандасып алайық»


Ойтүрткі
1-тапсырма
«Қолшатыр» әдісі бойынша сұрақтарға жауап беру
1.Қалай ойлайсың? Әдебиет дегеніміз не? «Әдебиет» сөзі қандай мағынаны береді?
2. Халық ауыз әдебиеті дегенді қалай түсінесің? Неліктен «халық ауыз әдебиеті» деп аталған?
3. Ауыз әдебиетінің жазба әдебиетінен қандай айырмашылығы бар?
4. Ауыз әдебиетіне жататын қандай ауыз әдебиетінің түрлерін білесің?
5.Ертегінің ауыз әдебиетінің басқа түрлерінен қандай ерекшелігі бар?


Сабақтың тақырыбымен, оқу мақсатымен таныстыру
Халық ауыз әдебиетінің тарихы
Қазақ халқының ерте заманда жасаған мәдени мұрасының бір түрі – халықтың ауыз әдебиеті.
Жазу – сызу өнері болмаған ерте кезде-ақ қазақ халқы өзінің тұрмыс-тіршілігі, қоғамдық өмірі, шаруашылығы мен кәсібі, қуанышы мен күйініші, дүние танудағы көзқарасы т.б. жайында неше түрлі өлең-жыр, ертегі-әңгіме, мақал-мәтел, аңыздар ойлап шығарған және оларды ауызекі айту күйінде тудырған. Сондықтан да бұларды халықтың ауызша шығарған көркем шығармасы, даналық сөзі яғни ауыз әдебиеті деп атаймыз. Бұдан, әрине, ауыз әдебиетін көп адам бірлесіп отырып шығарған деген ұғым тумайды. Ауыз әдебиетінің қандай үлгілерін болса да әуел баста жеке адамдар шығарған.
Бірақ ерте кезде, жазу өнері болмағандықтан, ауыз әдебиетін шығарушылардың аттары хатқа түспеген, сақталмаған. Халық олардың шығармаларын ғана сақтаған және оларды ауызша айтып, ұрпақтан ұрпаққа жеткізген, сөйтіп, алғашқысында жеке авторлар шығарған шығармалар кейіннен өңделіп, сұрыпталған, оған ұжым болып шығармашылық өзгерістер енгізіп отырған. Бертін келе ондай шығармалар көпшіліктің әдебиетіне айналып кеткен.
Ауыз әдебиетінің түрлері:
1.Тұрмыс-салт жырлары
2. Ертегілер
3.Мақал-мәтел, жұмбақ, жаңылтпаштар
4.Шешендік сөздер
5.Батырлар жыры
6.Лиро-эпостық жырлар
7.Айтыс
8.Аңыз-әңгімелер
9.Тарихи жырлар


1-тапсырма
1.Венн диаграммасы арқылы ауыз әдебиеті мен жазба әдебиеттің айырмашылығы мен ұқсастығын жазыңыз.
Халық ауыз Жазба
әдебиеті әдебиеті


2-тапсырма
Өзіңнің білетін ертегінің сюжеттік желісі бойынша қарапайым жоспар құрыңыз.
1.______________________________
2. _____________________________
3. ______________________________
4. ______________________________
5. _____________________________
6. ______________________________
7. _____________________________




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет