Сабақ жоспары 1 сынып,1-сабақ Бөлім: 1


Алдын-ала берілген үй тапсырмасын тексеру



бет2/4
Дата23.10.2023
өлшемі32,43 Kb.
#187756
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
1 сабақ
dilnazberdibek.pptx
2. Алдын-ала берілген үй тапсырмасын тексеру

1-сабақ болғандықтан мұғалім «Менің жазғы демалысым» тақырыбында әңгіме жүргізеді.
1.Жазғы демалысты қалай өткіздің?
2.Демалыста отбасымен қайда қыдырдың?
3.Жазғы демалыста қандай қызықты сәттер есіңде қалды?

Оқушылар мұғалімінің сұрақтарына жауап береді.Өз ойларын айтады.

Презентация, слайд

3.Жағымды ой-пікір (дәйексөз) әңгіме



Дәйексөзді алдымен мұғалім дауыстап оқып береді.Сосын балаларға дауыстап қайталап айтуды ұсынады. Мұғалім оқушылардан дәйексөздің мағынасын қалай түсінгендерін сұрайды.
Ақиқат –адалдықтың бастауы
Халық даналығы
Сұрақтар:

  1. Шыншылдықты, өтірік айтпауды қалай түсінесің?

Балалар, дәйексөз деген сабақтың тақырыбын, мазмұнын ашатын нақыл сөздер, мақал-мәтелдер. Сендер ол сөздерді түсініп, жаттап алуға тырысыңдар.

Дәйексөзді педагогпен бірнеше рет қайталайды



Презентация, слайд, жұмыс дәптері

4. Оқиға айту (әңгіме)

Мұғалім оқушыларға


«Елеместің адамгершілігі» Ертегісін оқып береді. Мәтін бойынша сұрақтар қойып, оқушылардың ойын толықтырады.

Ертеде бір кедейдің үш баласы болыпты. Үшеуінің мінезі үш түрлі екен. Үлкені қатыгез, қу, тек қана өзін ойлайтын, ал ортаншысы жігерсіз, елдің айтқанымен жүретін адам болып өседі. Ең кішісінің аты Елемес екен. Ол ағаларына қарағанда мейірімді, адал, еңбекқор еді. Күні жетіп әкелері ауыр науқастан қайтыс болады. Бар жиған-тергенін балалары әкесін жерлеуге жұмсап, өздері панасыз қалады. Басқа амалдары қалмаған жетім балалар күн көру үшін алыс жолға аттанады. Ұзақ жүрген үшеуінің алдынан екі айрық жол шығады. Осы жерде таста қашалған сөздер бар екен. Онда екі бағыт көрсетілген: біреуі – барса келмес, екіншісі – барса қайтар. Ағалары:


— Кіші ініміз қайда барса да сый-сияпатқа ие болады. Оның бізден қандай артықшылығы бар? Одан да Елеместен құтылайық, – деп келіседі де:
— Сен барса келмес деген жолмен кет, ал біз барса қайтармен барайық, — дейді інілеріне.
Елемес келіседі. Ол ағаларымен қоштасып, өз жолымен кетеді.
Жолшыбай қалың орманда Елемеске көкжал қасқыр кезігеді.
— Сен неге бұл жолмен жүрдің? Осы жолдың «барса келмес» аталуын білмеуші ме едің? Әлде өмір сүргің келмей ме? Мен сені жеймін! — деп ол ақырады.
Елемес қасқырға:
— Амал қанша? Өмір де, өлім де біреу. Одан қашып қүтыла алмайсың. Пешенеме жазылғаны осы болса, көнбеске амал бар ма? Жегенің ас болсын! – деген екен.
Қасқыр осындай батыл адамды алғаш кездестірген еді. Елеместің берген жауабына разы болған ол:
— О, достым, бұл – менің құлағыма тиген бірінші жылы сөз. Бұдан бұрын маған кезіккендер «жегенің ас болмасын» дейтін. Мен ерегісіп, оларды өлтіруші едім. Сондықтан бұл жол «барса келмес» атанған. Сенің айтқан сөзің маған қатты ұнады. Мен сені жей алмаймын. Екеуіміз дос болайық. Реті келсе саған көмегім де тиіп қалар, — дейді де қоштасып, өз жолымен кетеді.
Елемес одан әрі жүре береді. Бір уақытта алдынан үлкен қала шығады. Ол осы қалаға қарай бет алады. Қаланың кіре беріс жерінде жәрмеңке болып жатыр екен. Елемес жәрмеңкені аралап келе жатып алдында жатқан бір әмиянға көзі түседі. Әмиянды жерден көтеріп алып:
— Мынау кімнің әмияны? Кім жоғалтты? – деп жар салады. Бұл сөзді естіген жәрмеңкеде жүрген қала жұрты аңтарылып Елемеске қарап қалады. Осы кезде Елеместі қоршап тұрған адамдардың арасынан бір қария шығып:
— Мен жоғалттым. Оның ішінде менің өмір бойы жиып-терген алтын теңгелерім бар. Оларды әйелім тігіп берген гүлді орамалдың ішіне түйіп қойғанмын. Балам, әмиянды ашып көрші, – дейді.
Елемес әмиянды қарап тұрған жұрттың көзінше ашады. Расында да ішінде гүлді орамалға түйілген алтын теңгелер бар екен. Жоғын тапқан қария қуанып, Елемеске алғысын айтады.
— Балам, өзің кім боласың? Қайдан келесің? Қайда бара жатырсың? – деп жөн сұрайды.
Елемес қарияға барлық мән-жайды айтып береді. Оның әңгімесін естіп болған қарт:
Сен мейірімді, адал жан екенсің. Егер қаласаң, осы қалада қал. Менің үш ұлым бар еді, төртіншісі бол, – дейді.
Елемес қарияға еріп, оның үйіне барады. Қарияның балаларымен бірге жер қазып, егін егеді. Бір күні жер қазып жүрген оның күрегіне бір зат ілінеді. Алып қараса – алтын. Алтынды көрген ол одан әрі қаза түседі. Сол жерден ат басындай алтын тағы шығады. Елемес тапқан алтынды алып, қарияның үйіне келеді де:
— Әке, мен ат басындай алтын таптым. Міне, алыңыз, – деп алтынды шалға ұсынады. Оның көңіліне разы болған қария:
— Балам, бұл алтынның маған қажеті жоқ. Қашанғы бізбен бірге тұра берем дейсің. Өзіңше үй-жай болып, өніп-өс. Бұл – адалдығың мен еңбегіңнің арқасында тапқан байлығың, – деп кеңес береді.
Елемес алғысын айтып, алтынның бір бөлігін қарияға береді. Өзі қалған алтынын сатып, үйленіп, үй болады. Мал-мүлік жинайды. Ешқандай қара жұмыстан қашпай, күні-түні еңбек етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет