Оқушыларды бірін бірі құрметтеу, тыңдау, көмектесу және өзгелердің пікірін тыңдап талдау жасау, өзінің қатесін түсіну мақсатында топтық жұмысты пайдалану
-Топтық жұмыс арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыру
-Нақты ойлап, өз ойын еркін жеткізе алуға үйрету
-Өзгелердің ойын тыңдап, нақты шешім шығара білу
4
Оқытудың нақты нәтижесі
Натурал сандарды жай көбейткіштерге жіктеудің түрлі тәсілдерін үйренеді, еркін ойлауға дағдыланады, өз бетінше есеп шығара алады.
5
Сабақ
Оқушылар 3 топқа бөлініп өз ойларын басқа топтарға жеткізеді, жай сандар және құрама сандарды анықтайды, кері байланыс арқылы есте сақтау қабілеттерін дамытады.
6
А оқушы үшін оқу нәтижесі
Үздік, сабақта белсенділік танытады, басқалардың пікірін тыңдау арқылы ортақ шешімге келеді.
7
В оқушы үшін оқу нәтижесі
Білім деңгейі орташа, үздік оқушылардың және бақылаушының көмегімен алға талпынады, өз ойын еркін жеткізе алмайды.
8
С оқушы үшін оқу нәтижесі
Оқу үлгерімі төмен, шаттық шеңберін құруда көңіл күйі өте көтерінкі, белсенділік көрсете алмайды.
Өз бетінше ізденуге, өз ойын жеткізе білуге, өзін-өзі басқаруға үйренеді
5
Сабақ
Оқушылар шаттық шеңберін құру арқылы бір-бірімен ынымақтастығы артады. Миға шабуыл, екі минуттық мемо, ой қозғау, сұрақ-жауап, рефлекция арқылы өз білімдерін жетілдіреді.
6
А оқушы үшін оқу нәтижесі
Өзінің белсенділік дәрежесін дамытады, басқа оқушыларға көмектеседі, мұғаліммен кері байланыс орнатады.
7
В оқушы үшін оқу нәтижесі
Топта өзін көрсетуге ұмтылады. Өз пікірін айтады, рефлексия жаза біледі.
8
С оқушы үшін оқу нәтижесі
Топта жұмыс істеуге үйренді, түрлі материалдар тарату арқылы қызығушылығы артты, сабақта жауап бере бастады.
Lesson Study тәсілі бойынша өтілетін сабақ жоспары
№3 зерттеу сабағы
№
Мақсат, білім, дағды, бақылау
Зерттеу іс-әрекеттері
1
Оқудағы тәсіл
Жаңа әдіс-тәсілдер, топтық жұмыс, сыни ойлау, сұрақ-жауап откізу арқылы оқушылардың белсенділігін арттару.
2
Сабақтың тақырыбы
Ең үлкен ортақ бөлгіш
3
Оқыту мақсаты
-Топтық жұмыс арқылы жаңа сабақты түсіндіру
-Ойлау қабілеттерін есептер шығару арқылы дамыту
-оқушылардың ынтымақтастығын жақсарту
4
Оқытудың нақты нәтижесі
Түрлі есептер шығару арқылы ойлау қабілеттері дамиды. Өз бітінше ізденуге дағдыланады. Өзін-өзі және өзгелерді бағалауға үйренеді.
5
Сабақ
Шаттық шеңбері арқылы бір-біріне ізгі тілектер айтады. Сұрақ-жауап тәсілі арқылы өткен сабақтарды еске түсіреді. Венн диаграммасы, постер жасау, деңгейлік есептер тарату арқылы білімдерін толықтырады.
6
А оқушы үшін оқу нәтижесі
Тапсырмаларды өзіндік орындай алады, лидерлік қасиеті төмен, атқарған жұмысын қорғай біледі.
7
В оқушы үшін оқу нәтижесі
Белсенділігі артты, топтық жұмыстарда өзін көрсетті, ой-пікірін нақты жеткізе алмады.
8
С оқушы үшін оқу нәтижесі
Сабаққа қызығушылығы артты, тапсырмаларды орындауға тырысты, топта жұмыс істеуге үйренді.