БЕКІТЕМІН
«Қаракемер кәсіптік колледжі»
директордың өндірістік оқу
жұмысы жөніндегі орынбасары
____________ Исаков М.А.
Сабақ жоспары №10
Күні-айы: 25.12.2015 Топ: ЭД-03 Курс: I
Мамандығы: 1114000- дәнекерлеу ісі
Бөлімнің тақырыбы: Дәнекерлеу орнының жабдықтарының негізі
Сабақтың тақырыбы: Дәнекерлеу сымдарын іске қосу
Мақсаттары:
Білімділік: Студенттерге дәнекерлеу сымдарын іске қосуды және қолдануды таныстыру .
Дамытушылық: Студенттерге дәнекерлеу сымдарды іске қосуды және қолдануды үйрете отырып, әрі қарай дамыту .
Тәрбиелік: Студенттерді жұмысты ұқыпты орындауға, тианақтылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Еңбек тәсілдері мен әдістерін үйрету сабағы.
Сабақтың әдістері: Ауызша түсіндіру (әңгімелесу, түсіндіру, дәріс оқу, оқулыөқпен жұмыс жасау), көрнекілік әдістер (бақылау тәжірбиелерді көрсету ), еңбек әдістері мен тәсілдерін көрсету, тәжірбиелік әдістер (жаттығулар орындау, тәжірбиелік және өндірістік жұмыстарды орындау).
Материалды –техникалық жабдықтар мен дидактикалық материалдар: Пісіру трансформаторларды, түрлендірушілер мен түзеткіштер, төмен көміртекті болат тіліктері өлшемі 250×150×10 мм, Э-42 немесе Э-46 электрод типтері. Д= 4-5 мм. Дөңгелек сымдар Б= 30-40 мм, Б=3-5 мм, балғалар, болат щеткалар, соққыштар, сызғыштар, бор, жікті өлшегіштер, тақтайлармен маскалар, арнайы киімдер – брезент кеудешелер, шалбарлар, бас киімдер және қолғаптар.
Өткізілетін орны: Электр газымен дәнекерлеуші шеберханасы
Сабақтың барысы :
Ұйымдастыру кезеңі: (1-3мин)
Сәлемдесу;
Білім алушыларды түгендеу;
Білім алушылардың оқу құрал-жабдықтарын тексеру;
Кіріспе нұсқау : (45 мин)
Сабақтың тақырыбы мен мақсатттармен таныстыру;
Білім алушылардың теориялық сабақтарда алған және өндірістік оқыту сабақтарында алған білімін тексеру:
1.Балқыту режимін қалай таңдауға болады .
2. Қорек көздері қандай жолдармен сипатталады?
3. Қорек көзінің бос жүрісінің кернеуі дегеніміз не?
Білім алушыларға сабақта жасалатын жұмыстарды орындаудың әдіс-тәсілдерін көрсету және түсіндіру, сонымен қатар орындалған жұмыстың сапасын бақылау әдістерін үйрету;
Берілген тақырыптың мақсаты- дәнекерлеу аспаптармен жұмыс істеумен таныстыру, оларды сымдарын іске қосуды және жөндеу, пісіретін жанғыштағы жалынды шығару және өшіру, жалынды реттеу және негізгі металды басқа отырғызбайтын металсыз еріту.
Нұсқауларды мына жоспар бойынша жүргізуге болады :
1.Жұмыс орынын дайындау және металды өңдеудегі техника қауіпсіздіктері.
2.студенттерді дәнекерлеу аспаптарымен және оны қызыметке қосумен таныстыру.
3.негізгі металды балқыту және оның жіктерінің материалға отырғызбай жайғастыру.
Жұмыс бастар алдында жұмыс орнын дайындау керек екенін және металдарды, газ жанғышты өңдеудегі техника қауіпсіздіктерінің негізгі қағидаларын еске түсіріп, әсіресе аспаптың майлардың және басқа да қажетті сұйықтардың түсуінен сақтану керек екенін айтқан жөн.
Дәнекерлеу жұмыс барысында мына жоспар бойынша жүргізілу қажет.
1.Дәнекерлеу сымдарын дайындау және оны іске қосу.
2.Пісіру жалынын реттеу.
3.негізгі металды балқыту және электр сымдары отырғызылмаған жіктердің пайда болуы.
Білім алушының өндірістік оқу шебері көрсеткен еңбек тәсілдерін орындап көруі;
Көбінше жіберілетін қателіктерді талдау және оларды болдырмаудың жолдарын анықтау;
Кіріспе нұсқаулық материалдарын бекіту және білім алушылардың жаңа тақырып бойынша білім деңгейлерін тексеру;
1.Арнайы киімді қалай дұрыс кию керек?
2.дәнекерлеу жұмыс орнын қалай дұрыс дайындауға болады?
3. дәнекерлеу жұмысы кезіндегі техника қауіпсіздік ережелері қандай?
Еңбекті қорғау және техника қауіпсіздік ережелерін қарастыру немесе қайталау;
Білім алушыларға тапсырма беру және оларды жұмыс орындарына орналастыру;
Білім алушылардың оқу-өндірістік жұмыстарына ағымдағы нұсқау жүргізу(4сағат)
3.1.Білім алушылардың өзіндіңк оқу – өндірістік жұмыстары:
1.Дәнекерлеу сымдарын дайындау және оны іске қосу.
2.Пісіру жалынын реттеу.
3.негізгі металды балқыту және электр сымдары отырғызылмаған жіктердің пайда болуы.
3.2. Ағымдағы нұсқау (арнайы аралаулар арқылы ):
4. Қортынды нұсқау (15 мин):
4.1. Сабақты қортындылау .
4.2. Жіберілген қателіктерді талдау.
4.3. Білім алушылардың жұмысын бағалау және оны түсіндіру.
4.4. Үй тапсырмасы: дәнекерлеу сымдарын іске іске қосуды қайталап келу.
5. Жұмыс орнын жинастыру.
Ө/о шебері: ___________Тебірекұлы Ә.
Достарыңызбен бөлісу: |