Атырау облысы
Мақат ауданы
Х.Санбаев атындағы орта
мектептің мұғалімі
Ескайрова Маржан
Тарих пәнінің мұғалімі
Сабақ жоспары. 10-сынып. Қазақстан тарихы.
Сабақтың тақырыбы: ХҮ-ХҮІІ ғасырлардағы Қазақ хандығының
қоғамдық құрлысы.
Сабақтың мақсаты мен міндеттері:
1. Қазақ хандығының құрылуының тарихи заңдылықтары, себептері, қазақ хандарының саяси бағыты туралы түсінік беру.
2.Оқушылардың бұрынғы алған білімдерін одан әрі дамыту.
3. Тарихи тұлғалар арқылы отаншыл тұлға қалыптастыру.
Көрнекілігі: карта, сызба-кестелер, оқулық, әдістемелік құралдар. Технология-Дамыта оқыту технологиясы.
Сабақтың жүрісі:
1. Ұйымдастыру бөлімі.
2.Үй тапсырмасын тексеру.
1. Картамен жұмыс. 2. Сызба кесте талдау. 3.Хан кеңесі, інжу, икта, вакф, милк т.б.терминдерді талдау. 4.Қортындылау. Оқушыларды бағалау.
Жаңа тақырыпты оқып –үйрену кезеңі.
Жоспары:
1.Қазақ хандығының құрылуы.1465-1466 ж. Керей мен Жәнібек.
2.Қазақ хандығының ХҮғ екінші жартысындағы саяси жағдайы.
3.Бұрындық, Қасым, Хақназар,Тәуекел,Тәуке хандардың саясаты.
4.ХҮ1-ХҮІІ ғ. қазақ хандығы. Жоңғар шапқыншылығы.
Оқушылардың өз бетімен жұмыстарын ұйымдастыру:
1. Сызбаға түсіріңдер»қазақ хандығының құрылуының тарихи алғы шарттары» 1-топ.
2. Кестемен жұмыс «Қазақ хандығының ХҮ ғ екінші жартысы мен ХҮІ ғ. Саяси жағдайы» 2-топ.
3. Жәңгір хан тұсындағы саяси жағдайға сипаттама жазыңдар. 3-топ.
Мына тұлғалар бірін-бірі қалай байланыстырады Хақназар-Абдолла-Баба-Сұлтан (талдау)Тәуке хан-қазақ-ойрат шиеленісі (талдау)
«Ақтабан шұбырынды алқа көл сұлама» (талдау)
Тәуекел хан
|
Есім хан
|
Тәуке хан
|
|
|
|
|
|
|
Жалпы оқушыларға мынадай проблемалық сұрақтар беріледі:
Қазақ халқының Ликургі-бұл сөз кім туралы, оны кім айтқан неліктен
айтылған деп ойлайсың ? (ойыңды дәлелде)
Қазақ хандары Сыр өңірі үшін кімдермен не үшін күресті?(сұраққа толық жауап бер)
Ағылшын көпесі А.Дженкинсон Хақназар жөнінде қандай пікір айтты, ол не жөнінде (пікіріңді дәлелде)
Тақырыпқа ашық тест:
1. Қазақ хандығы құрылған жыл-
2. Қазақ хандығының алғаш қоныстанған жері-
3. Керей Түркістан аймағын қол астына қаратқан жыл- келу.
4. Сыр бойындағы қалалар үшін күрес қай хандар тұсында күшейді?
5. Хақназар хан билік құрған жылдар-
6. Хақназар хан орыс елшісін тұңғыш қабылдаған қала-
7. Тәуекел хан Мәскеуге елші жіберген жыл-
8. Орбұлақ шайқасы болған жыл-
9. Билер кеңесін»құрған хан-
10. Тәуке ханның алдына қойған басты мақсаты-
Оқушылардың жұмысын бағалау. Үйге тапсырма оқу, тест құру.
Достарыңызбен бөлісу: |