Paint графикалық редакторы қалай іске қосылады?
WordPad мәтіндік редакторы қалай іске қосылады?
Ctrl + C пернелері тіркесімі қандай қызмет атқарады?
Компьютердің негізгі құрылғыларын ата
Суретті мәтінге қосудың бір тәсілі
Paint не істеуге арналған программа?
Ctrl + v пернелері тіркесімі қандай қызмет атқарады?
Принтер компьютердің қандай құрылғысына жатады?
Ctrl + z пернелері тіркесімі қандай қызмет атқарады?
Колонканың қызметі қандай?
Alt + Shift қызметі?
Сурет салу үшін қандай құрал пайдаланамыз?
Ctrl + x пернелері тіркесімі қандай қызмет атқарады?
Үлкен әріппен жазу пернесі?
Туралаудың неше түрі бар?
Калькулятор
Компьютердің сандық ақпаратпен жұмыс істейді. Бұл стандартты программа кәдімгі элекрондық калькулятордың жұмысын модельдейді. Калькулятор компьютердің сандық ақпаратпен жұмысын: бір жүйеден екінші жүйеге сандарды аударуды, логикалық арифметика принциптерін, есептеу дәлдігін және т.б. тереңірек игеруге мүмкіндік береді.
Жүйеде калькулятордың төрт түрі бар: қарапайым, инженерлік, программистік және статистикалық
Калькуляторды іске қосу үшін, мынадай тізбекті орындаймыз:
Іске қосу – Программалар – Стандартты – Калькулятор.
(Пуск – Все программы – Стандартные – Калькулятор)
Мұны орындағаннан кейін, экранда калькулятордың терезесі пайда болады Экрандағы калькулятордың түрі кәдімгі қалта калькуляторының түріне ұқсайды, тек оған тақырып жолы мен меню жолы қосылған.
Қарапайым калькулятор арифметикалық амалдардан басқа санаулы әрекеттерді және бірнеше функцияларды ғана орындайды. Калькулятордың бір түрінен екінші түріне ауысу Түр(Вид) менюінен оның сәйкес түрін таңдау арқылы орындалады.
Бұл калькулятордың жұмыс жасаудың принципі кәдімгі калькулятормен жұмыс істеумен бірдей. Сандарды және командаларды калькуляторға енгізу тышқанның сол жақ батырмасымен калькулятордың батырмаларын шерту арқылы орындалады.
Қарапайым калькулятор
Тарихи деректерден...
Ең ерте заманғы және бәрімізге белгілі есептеу құралы есепшот болып табылады. Деректерге қарағанда, есепшоттың жасы 2000-5000 жылдар шамасында, ал пайда болған жері ертедегі Қытай немесе Египет, тіпті ежелгі Грекия болуы да мүмкін. Бұл санау құралын гректер мен батысеуропалықтар «абак», қытайлықтар «суан-пан», жапондықтар «серобян» деп атаған.
Достарыңызбен бөлісу: |