Күні___________________
Сынып: 5
Сабақтың тақырыбы: Сандық ақпараттарды өңдеу. Калькулятор
Сабақтың мақсаты:
1) білімділік мақсаты: Оқушыларды калькулятор программасын таныстыру,
калькуляторды іске қосуды онымен жұмыс жасауды және
сандық ақпараттарды өңдеуді үйрету, арифметикалық
амалдарды қолданып есептер шығару.
2) тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды ұқыптылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу
3) дамытушылық мақсаты: Оқушыларды калькулятор қолданбасымен жұмыс жасауға
дағдыландыру
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың көрнекілігі: электрондық оқулық, оқулық
Техникалық құралдар: ДК-лер, Netop программасы
І. Ұйымдастыру бөлімі
Оқушылармен амандасу, оларды түгендеу, сабаққа дайындықтарын тексеру
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Компьютердің негізгі құрылғыларын ата
Стандартты графикалық редактор қалай аталады?
Paint редакторының мүмкіндіктері қандай
Ақпараттың өлшем бірліктерін ата
Стандартты мәтіндік редактор қалай аталады?
WordPad редакторын қалай іске қосамыз
ІІІ. Жаңа сабақ
Қазіргі таңда есепшоттың орнына не қолданылады?
Сандық ақпаратты өңдеу
Калькулятор
Компьютердің сандық ақпаратпен жұмыс ісетуін Windows XP-дің Калькулятор қолданбасының көмегімен көрсетуге болады. Бұл қолданбалы программа кәдімгі элекрондық калькулятордың жұмысын модельдейді. Калькулятор қолданбасы компьютердің сандық ақпаратпен жұмысын: бір жүйеден екінші жүйеге сандарды аударуды, логикалық арифметика принциптерін, есептеу дәлдігін және т.б. тереңірек игеруге мүмкіндік береді.
Жүйеде калькулятордың екі түрі бар: қарапайым және инженерлік.
Калькуляторды іске қосу үшін, мынадай тізбекті орындаймыз:
Іске қосу – Программалар – Стандартты – Калькулятор.
(Пуск – Все программы – Стандартные – Калькулятор)
Мұны орындағаннан кейін, экранда калькулятордың терезесі пайда болады. Егер калькулятор бірінші рет қосылса, онда Қарапайым калькулятор шығады.
Экрандағы калькулятордың түрі кәдімгі қалта калькуляторының түріне ұқсайды, тек оған тақырып жолы мен меню жолы қосылған.
Қарапайым калькулятор арифметикалық амалдардан басқа санаулы әрекеттерді және бірнеше функцияларды ғана орындайды. Калькулятордың бір түрінен екінші түріне ауысу Түр(Вид) менюінен оның сәйкес түрін таңдау арқылы орындалады.
Бұл калькулятордың жұмыс жасаудың принципі кәдімгі калькулятормен жұмыс істеумен бірдей. Сандарды және командаларды калькуляторға енгізу тышқанның сол жақ батырмасымен калькулятордың батырмаларын шерту арқылы орындалады.
Қарапайым калькулятор
Калькулятордың қызметтік функционалдық батырмалары:
- соңғы енгізілген цифрды өшіреді
Достарыңызбен бөлісу: |