Сабақ жоспары 20 күн 1-2 сабақтар Тақырыбы



бет2/2
Дата09.06.2017
өлшемі306,14 Kb.
#18261
түріСабақ
1   2
«Табыс сатысы» әдісі 

«Табыс сатысы» әдісі: кәдімгі сатының суреті, сатының 



1 - баспалдағы
 Мен....................БІЛЕМІН. 
2 - баспалдағы
 Мен....................ТҮСІНЕМІН. 
3 - баспалдағы
 Мен................... ЖАСАЙ АЛАМЫН


Мақсат қою SMART


S – нақты 
M өлшенетін 
A – қол жеткізілетін 
R – шынайы 
T – уақытылы 





ТЫШҚАННЫҢ ҚАҚПАН


Сіздерге ертеде естіген бір әңгімені есіме түсіріп айтып берейін. Бұл өзі орыс тәмсілі болса керек.
Ертеде бір тышқан болыпты. Ол тышқан өзі өмір сүретін қораның қабырғасындағы тесіктен қожайын мен әйелі екеуі ораулы затты шешіп, орналастырып жатқанын көреді. Жейтін тамақ болар деп жақындап келіп байқаса онысы тышқан ұстауға арналған қақпан екенін көреді де зәресі зәр түбіне кетеді. Қатты сасқалақтаған тышқан далаға атып шығып «Қораға қақпан құрылды, қожайындар қораға қақпан құрып қойды!» деп айқайлап басқаларды сақтандырыпты. Мұны естіген тауық қоқилана басын көтеріп: «Ей тышқан,бұл мәселе саған ғана қатысты, маған келіп-кетер ештеме жоқ. Тышқанға құрылған қақпанда менің нем бар? Сондықтан басымды ауыртпа!» депті.Тышқан арықарай жүгіріп, шошқаға барып: «Қораға қақпан құрып қойды, қораға қақпан құрып қойды!» деп айқайлағанда шошқа: «Тышқан, мені кешір, бұл сенің мәселең, қақпан тышқанға ғана арналған, мен саған еш көмек жасай алмаймын. Сондықтан маған айтпай-ақ қой!»деп қорсылдапты. 


Тышқан одан ары жүгіріп сиырға келеді де тағы да: «Қораға қақпан құрып қойды, қораға қақпан құрып қойды!» деп жанұшыра айқайлапты. Ал сиыр болса: «Тышқан бауырым, мені кешір. Сенің бұл айқайыңның маған қандай қатысы бар, қақпан саған ғана құрылды емес пе» деген екен. 
Бұл сөздерге қатты назаланған тышқан басы салбыраған күйі абайлап басып өз орнына қайтады... 
Түн ішінде тышқанға құрылған қақпанының тарс етіп жабылған дыбысы 
шығады. Ал сол кезде қожайынның әйелі қақпанға түскен аңды көру үшін жүгіріп келіпті. Қораның іші қараңғы болғандықтан қақпанға улы жылан құйрығын қыстырып алғанын байқамапты. Ал ашулы жылан қожайынның әйелін шағып алыпты. 
...Сасқалақтаған қожайын әйелін ауруханаға ала жөнеледі. Ұзамай қожайынның әйелі үйіне қайтып келеді. Бірақ жылан шаққаннан болып, ыстығы көтеріліп, өте ауыр халде екен. Тауықтың сорпасы ыстықты түсіреді дегенді қожайын жақсы білетіндіктен пышағын іліп ала салып тауық қораға жүгіреді... 
... Бірақ әйелдің халі өте төмендеп кеткендіктен оны көршілері мен достары, туыстары кезектесіп күзетіп, күте бастайды. Ал ол адамдарды тамақтандыру үшін қожайын шошқаның терісін де сыпырыпты... 
Әйелдің денсаулығы тіптен төмендеп, ақыры дүниеден өтеді. Әйелді жерлеуге өте көп адам жиналғандықтан оларға қонақасы ретінде қожайын 
сиырды да сойған екен. Болған барлық оқиғаны еңсесі түсіп қамыққан тышқан қораның қабырғасындағы тесік арқылы көріп тұрыпты... 
Иә, өмір деп аталатын мына қысқа да жалған дүниеде біз барлығымыз қандай да бір көзге көрінбейтін жіппен өзара тығыз байланыста екендігімізді ұмытпайық


Жұмыс орным: Оңтүстік Қазақстан облысы

Мақтарал ауданы Қызылтаң жалпы орта мектебі

Мектеп тренері Тоқсанбаев Райымбек Әмзеұлы

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет