7.2В бөлім:Үшбұрыштар
|
Мектеп:
|
Күні:
|
Мұғалімнің аты-жөні:
|
Сынып: 7
|
Қатысқандар саны:
|
Қатыспағандар саны:
|
Сабақ тақырыбы: Үшбұрыштар теңдігінің белгілері.
|
Сабақтың түрі: Жаңа тақырыпты меңгеру сабағы
|
Оқыту мақсаттары
|
7.3.1.21
үшбұрыштар теңдігінің белгілерін білу және дәлелдеу;
|
Сабақ мақсаты
|
Үшбұрыштар теңдігінің белгілері арасындағы айырмашылықты біледі, оларды көрсетеді және дәлелдейді
|
Бағалау критерийлері
|
Үшбұрыштар теңдігінің белгілері арасындағы айырмашылықтарды көреді.
Үшбұрыштар теңдігінің белгілері арасындағы айырмашылықтарды көрсете алады.
Үшбұрыштар теңдігінің белгілерін дәлелдейді.
|
Тілдік мақсаттар
|
-үшбұрыштар қабаттастыру кезінде беттессе, онда...;
- үшбұрыштар ... белгісі бойынша тең;
- үшбұрыштардың теңдігінен ...;
- үшбұрыштар тең болғандықтан ... тең болады;
- екі қабырғасы мен олардың арасындағы бұрыш арқылы...;
- АВС үшбұрышының АВ және ВС екі қабырғасы сәйкесінше ... тең;
- егер АВС үшбұрышының АВ қабырғасы және оған іргелес А және В бұрыштары сәйкесінше .. тең болса, онда...;
- үшбұрыш қабырғасына іргелес бұрыштарды анықтаңдар;
- табанындағы бұрыштар...;
- катеттер арасындағы бұрыш...
|
Құндылықтарды дарыту
|
Жауапкершілік, мақсатқа ұмтылу, жаңа материалды тез игеруге дайын болу
|
Пәнаралық байланыстар
|
|
АКТ қолдану дағдылары
|
Интернет ресурстармен жұмыс жасау дағдысы
|
Бастапқы білім
|
Тікбұрышты және теңбүйірлі үшбұрыштар
|
Сабақ барысы
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
5 минут
|
1-сабақ:Ұйымдастыру кезеңі.
Білу
Үй тапсырмасын тексеру
Өткенді қайталау. Сұрақ-жауап арқылы.
Ой қозғау: (Диалог)
(Сабақтың мақсаты айқындалады)
«Миға шабуыл» стратегиясы арқылы сабаққа назар аудару.
|
Презентация
Слайд №1-3
Презентация
Слайд №4
|
Сабақтың ортасы
10 минут
7 минут
13 минут
7 минут
|
Үшбұрыштар теңдігінің белгілері: жаңа тақырыпты bilimland.kz интернет-ресурсы көмегімен немесе оқулықты пайдаланып оқытуға болады. Оқушылар дәптерлеріне қысқаша конспект жазады. Соңында мұғаліммен бірлесіп үшбұрыштар теңдігінің белгілерін талқылайды. Талқылау барысында мұғалім оқушыларға теориялық материалды бекіту үшін сұрақтарды қояды.
Тренинг. Оқушылар үшбұрыштар теңдігінің белгілерін ажыратуға және бекітуге арналған жаттығуларды орындайды. Тренинг тапсырмалары ағылшын тілінде берілген. Жаттығуларды орындамас бұрын оқушылар мұғаліммен бірге тапсырмада кездесетін барлық терминдердің аудармасын талқылайды. Тапсырмалар толығымен орындағаннан кейін оқушылар өз жауаптарын кілт көмегімен бағалайды.
Үшбұрыштар теңдігінің белгілеріне есептер шығару.
Тапсырма №1-6. Бұл тапсырмаларды орындаған кезде оқушылардың жазба жұмысына назар аударылу қажет. Сызбалардың дұрыстығын қадағалау керек.
Қалыптастырушы бақылау жұмысы. Оқушылар берілген тапсырманы өз бетімен орындап, соңында бір-бірінің жұмыстарын кілт көмегімен бағалайды.
Жұмысты толығымен дұрыс орындаған оқушыларға қосымша тапсырмалар беріледі.
|
http://bilimland.kz/kk/content/lesson/11562-ushburyshtardyng_tengdigining_belgileri.
Геометрия Шыныбеков А.Н. 7 сынып
Қосымша 1
ASA and AAS Congruence
Презентация
Слайд №5-9
Қосымша 2
SSS SAS ASA and AAS Congruence
Презентация
Слайд №11
|
Қорытындылау:
1 мин
Рефлексия
1 мин
Үй тапсырмасы
1 мин
|
Өзіндік бағалау. Оқушылардан ойын айтуды ұсыну.
Білімнің басы бейнет, соңы зейнет»
Бүгінгі сабақта …
а) Бүгінгі жұмысыма ризамын, менде барлығы дұрыс болды.
б) Менде қателер болды, бірақ мен өз ісіме ризамын.
в) Мен теориялық материалды білемін, бірақ мен практикалық жұмыста қиналдым.
г) Маған қиын және түсініксіз болды.
Қосымша: № 9-14, 131-2136
|
Презентация
Слайд №10-11
|
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?
|
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?
|
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
|
1. Қабілеті жоғары оқушыларды консультант ретінде тағайындауға болады. Олар қабілеті төмен оқушыларға көмек көрсету арқылы олардың жинақталуына септігін тигізіп, оқуға тарта алады.
2. Әрбір оқушыны назардар тыс қалдырмай жеке қадір-қасиетін сезіну үшін іс-әрекетіне қарай мадақтау алады.
|
Оқушы өзін-өзі және басқаларды бағалау арқылы неге жеткенін және неге әлі қол жеткізу керектігін бағалап отырады.
|
Ойлауды сезінуді дамытатын материалдар. Оқушылардың өзара әрекеттесу мәдениетін қалыптастыру, кездескен қиын және күрделі жағдайларда оқушы өзін бірқалыпты ұстануға көмектеседі
|
Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?
Жеткізбесе, неліктен?
Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?
Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?
Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?
|
Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.
|
|