Сабақ жоспары №3
Мамандық: 0518033 «Есеп және аудит»
Пән атауы: Аудит
Оқу тобы: ЕА-31
Өтетін күні: 7 желтоқсан 2015 ж
Өткізілетін орын: №12 дәрісхана
Сабақ тақырыбы: Касса және кассалық операциялар аудиті
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
-Білім сапасын көтеру,білім алушының құзырлығын жан-жақты дамытып, ынтасы мен қызығушылыңын арттыру. Кассадан қолма қол ақшаға аудиториялық тексерудің міндеттері мен ақпарат көздерімен, түгендеу жүргізу және нәтижесін шығару әдістемесімен,кассалық шаруашылықты ұйымдастырудың дұрыстығын тексеру тәртібімен таныстыру.
Дамытушылық:
Логикалық ойлау қабілеті мен есептеу дағдыларын жетілдіру. Білім алушының ұқыпты тыңдауға, сұрақтарға нақты жауап беруге,тез шешім қабылдай білуге, өз білімін көрсете алу қасиеттерін ашуға үйрету.
Тәрбиелік:
Өз бетімен әрекет ете алатын, ізденгіш жеке тұлға қалыптастыру.
Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың типі: білім мен білім дағдыларын қалыптастыру
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, өз бетінше жұмыс, баяндау, проблема турғызу арқылы тақырыпты білім алушылардың өздеріне тұжырымдату.
Көрнекіліктер және техникалық оқу құралдары:
Журнал – ордер №1, ведомость №1, кіріс-шығыс кассалық ордерлер, кассалық есеп, түгендеу тізімдемесі, интербелсенді тақта, калькулятор, т.б.
Пәнаралық байланыс: ұйым экономикасы,бухгалтерлік есеп.
Күтілетін нәтиже:
Алған білімдерін одан әрі шыңдай түсу,тәжірибе жүзінде қолдануға үйрету.
Сабақ өткізу барысы:
I Ұйымдастыру кезеңі (2-3 мин)
Сәлемдесу. Сабаққа қатысуын бақылау.
II Бухалтерлік есеп пәнінен өткен материалды еске түсіру.(10мин)
Интербелсенді тақтада өткен тақырып бойынша сұрақтар шығады. Білім алушылар осы сұрақтарға жауап беру арқылы өткен материалды еске түсіріп, қайталайды.
Кассадағы қолма-қол ақша деген не?
Кассалық операциялардын жүргізу ережелерін анықтайтын құжат
Кассаның шаруашылықты ұйымдастыру тәртібі
Кассирдің жұмысқа тағайындау туралы толықтырылатын құжат.
5.Кассалық кіріс және шығыс кассалық ордерлерді, оларды құру, толтыру және рәсімдеу тәртібі қандай?
6. Касса кітабының жүргізу тәртібі қандай?
7. Кіріс және шығыс кассалық ордерлерге кімдер қол қояды?
8. Журнал – ордерінің №1 толтыру тәртібі.
9. Кассадағы қолма-қол ақшаға түгендеу жүргізу тәртібі. (кімдер жүргізеді, құжатталуы, есебі)
10. Синтетикалық есебі қай шотта жүргізіледі?
III Жаңа сабақты түсіндіру.
Әдіс-тәсіл проблемалық: сұрақтар қою арқылы түсіндіру.
Кассадағы қолма-қол ақшаға аудиторлық тексерудің міндеттері, ақпарат көздері.
Кассалық шаруашылықты ұйымдастырудың дұрыстығын тексеру тәртібі.
Кассадагы қолма-қол ақшаға түгендеу жүргізу және нәтижесін шығару әдістемесі.
1.Кассадағы, банк шоттарындағы қол ақшаға аудиториялық тексерудің міндеттері, ақпарат көздері
Шаруашылық субьектісінің кассасы қол ақша қаражаттарын (ұлттық және шетел валютасында), сондай-ақ ақша құжаттарын (бағалы қағаздар, қатаң есеп берілетін бланкілер) сақтау, қабылдау және беруге арналған.
Кассада қол ақшаны сақтау,қабылдау және беру, Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі бекітетін кассалық операцияларды жүргізу ережелеріне сәйкес жүргізіледі.
Барлық мемлекеттік, кооперативтік, акционерлік, жалгерлік, ұжымдық,біріккен,қоғамдық, жеке меншік және өзге кәсіпорындар, ұйымдар мен мекемелер меншік нысандарына қарамастан өз ақша қаражаттарын банк мекемелерінде сақтай алады.
Кәсіпорындар өзге шаруашылық субьектілерімен қз міндеттемелері бойынша есептесулерді банк мекемесі арқылы қол ақшалармен және аударымдар жасау жолымен жүргізе алады.
Кассадағы қол ақша аудитінің міндеттері болып мынаулар саналады:
-касса шаруашылығын ұйымдастырудың дұрыстығын және кассалық операцияларды жүргізу ережелерінің сақталуын тексеру;
-кассаға түгендеу жүргізу және бухгалтерлік есеп деректері мен нақты анықталған ақша қаражаттары арасындағы анықталған ауытқуларды есепте көрсету;
-қол ақша қаражаттарымен жасалатын операциялардың шынайлығын және шаруашылыққа қолайлығын,заңдылығын анықтау;
-валюталық операциялар бойынша бағам айырмаларының дұрыс көрсетілуін анықтау.
Қол ақша аудитінің ақпараттық базасын бас кітап: ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп беру; №1,2 журнал-ордер және №1,2 ведомостар (есеп қолмен жүргізілген кезде) немесе машинограммалар (компьютерлендіру көзінде); түгендеу комиссиясы мен материалға жауапты тұлғаларды (кассирлерді) тағайындауға аудиториялық тексеру жүргізілетін субьекті басшысының бұйрықтары: толық жеке материалдық жауапкершілік туралы шар; қол ақша қаражаттарын түгендеу актісі; кіріс және шығыс кассалық ордерлер, төлем ведомостары;кіріс және шығыс кассалық құжаттарын тіркеу журналы; аұша және есеп айырысу чектері, қол ақшамен жарна төлеуге хабарлама; төлем талап-тапсырмасы; банк көшірмесі; валюталық карточкалар.
Қол ақша аудитін келесідей жалғастықта жүргізу ұсынылады:
Субьектінің есеп саясатымен, атап айтқанда: кассалық есеп берудің мерзімдері қандай,кассадағы қол ақшаға түгендеу жүргізудің мерзімдері;қай мекемелерде және банктің қандай шоттарында қол ақшалар бар, солармен танысу;
Бухгалтерлік баланс бойынша жылдың басы мен аяғындағы кассадағы, банктегі есеп айырысу, валюталық, айрықша шоттардағы қол ақша қалдықтарының дұрыстығын және теңестірілушілігін анықтайды, оларды Бас кітап, талдау есебі регистрлерінің деректерімен салыстырып тексереді;
Құжаттағы барлық реквизиттер толтырыла ма соны,қол ақша қозғалысы бойынша бастапқы құжаттарды тексереді;
Өткен кезеңдердегі қол ақша қаражаттарын түгендеу жүргізу актілерімен таныса
2. Кассалық шаруашылықты ұйымдастырудың дұрыстығын тексеру тәртібі
Әрбір шаруашылық субьектісі қол ақшамен есеп айырсуды жүгізу үшін кассасы болуы керек. Касса-бұл қол ақшаны қабылдауға,беруге және уақытша сақтауға арналған,арнайы жабдықталған және оқшауланған бөлме. Субьекті жетекшілері кассаны жабдықтауға және касса бөлмесінде ақшаның сақталуын қамтамасыз етуге, сондай-ақ оларды банк мекемесінен акелу және банк мекемесіне тапсыру кезінде оның сақтығын қамтамасыз етуге және олардың кінәсінен сақтау және тасымалдау көзінде ақша қаражатының сақталуын қамтамасыз ететін қажетті жаңдайлар жасалған жағдайларда белгіленген заң тәртібінде жауапкершілік көтереді.
Кәсіпорын кассасы қажет болған жағдайда оны сақтандыру ұйымдары сақтандыруы мүмкін.
Касса бөлмесі оқшауланған (бөлек) болуы тиіс, ал касса есігі операциялар жасау уақытында- ішкі жағынан жабылып, бектілген болуы керек. Оның жұмысына қатысы жоқ тұлғаның касса бөлмесіне кіріуіне тиым салынады.
Кәсіпорын кассаға кіруге рұқсат етілген тұлғалардың тізімін жасайды,оған кәсіпорын басшысы және бас бухгалтер қол қояды.
Кәсіпорындардағы барлық қол ақшалар мен бағалы қағаздар негізінен, сейфтерде немесе отқа төзімді жанбайтын металл шкафтарда, ал жекелеген жағдайларда, кассадағы жұмыс аяқталған кезде кілтпен жабылып және мөр соғып жабыстырылатын, соған айықталып жасалған және әдеттегі металл шкафтарда сақталады.
Металл шкафтардың кілттері мен мөр кассирде сақталады оларды көзге түсетін жерге қалдыруға, бөтен адамдарға ( тұлғаларға) беруге немесе қосымша кілт жасатып алуға тыйым салынады. Ал есепке алынған, кілттердің екінші данасы кассир мөр басқан пакеттерде (қапыптарда), штукатулкаларда және т.б. субьектінің басшысында сақталады. Тоқсанына кем дегенде бір рет оларға коммиссиялық тексеру жүргізіледі. Кілттің жоғалғандығы анықталған жағдайда субьекті басшысы ішкі істер органдарына хабарлайды және металл шкафтын құлпын тез арада ауыстыруға шара қабылдайды. Кассада, аталмыш субьектіге жатпайтын қол ақша қаражаттары мен бағалы қағаздарды сақтауға тыйым салынады.
Кассир жұмысшылар мен қызметкерлердің материалдық жауапкершілігі туралы қолданыстағы заңдарға сәйкес, қабылдап алған барлық құндылықтардың сақталуына сәйкес,қабылдап алған барлық құндылықтардың сақталуына және қасақана жасалған әрекеттер нәтижесінде, сол сияақты өз міндетіне салдыр-салық және немқұрайлы қарағаны үшін субьектіге келтірілген кез келген шығын үшін толық материалдық жауапкершілік көтереді. Кассирді жұмысқа тағайындау туралы бұйрық (өкім) шыққаннан кейін, субьекті (ұйым) басшысы кассалық операцияларды жүргізу тәртібімен кассирді қол қойғызу арқылы таныстырады, содан кейін оның толық жеке материалдық жауапкершілігі туралы кассирмен шарт жасалады.
Субьекті жетекшісі банк мекемелерінен ақша тасымалдау (әкелу) немесе банк мекемесіне ақша тапсыру көзінде кассирге күзет беруі тиіс, ал қажет болған жағдайда көлік беріледі. Кассирдің ақша тасымалдауы кезінде, оны қорғап алып жүруші тұлғаның және көлік жүргізушісінің: тұрақты өзгеріп отыратын қозғалыс бағыттарын, әкелінетін ақша және құндылық сомаларының мөлшерін жария етуге; жаяу, жол бойындағы көлікпен немесе қоғамдық көлікпен жүруге; дүкен, базар және езге де жерлерге баруға; қандай да бір тапсырмаларды орындауға және басқалай түрде ақша мен құндылықтарды белгіленген жерге жеткізуден көңілін басқа жаққа аударуға тыйым салынады. Кассирдің өзіне тапсырылған жұмысты басқа тұлғаларға-сеніп тапсыруына рұқсат етілмейді.
Бір кассирі бар кісіпорындарда,оны уақытша ауыстыру қажет болған жағдайда,кассир міндетін атқару субьекті басшысы жазбаша бұйрығы бойынша (шешімі, қаулысы) өзге қызметкерге жүктелуі мүмкін. Бұл қызметкермен толық жеке материалдық жауапкершілік туралы шарт жасалады.
Шаруашылық субьектісі барлық түскен қол ақшалар мен оны беруді (таратуды) кассалық кітапта есепке алады. Әрбір кәсіпорынның бір ғана кассалық кітап жүргізеді және ол номерленген,жіп өткізілген және сурчуч немесе мөр басылған болуы тиіс.касса кітапбындағы парақтардың саны аталмыш кәсіпорын басшысы мен бас бухгалтерінің қолымен расталады. Кассалық кітаптағы жазу көшіргі қағаз арқылы шарлы қаламмен, химиялық қарындашпен немесе сиямен 2 данада жүргізіледе. Парақтардың екінші даналары жыртылатын болуы тиіс және кассирдің есеп беруі болып қызмет етеді. Парақтардың бірінші даналары кассалық кітапта қалады. Парақтардың бірінші және екінші даналары бірдей номерлермен номерленеді. Тазалау және расталамаған түзетулер жасауға кассалық кітапқа рұқсат етілмейді. Жасалған түзетулер кассирдің,сондай-ақ субьектінің бас бухгалтерінің немесе оны алмастыратын тұлғаның қолымен расталады.
Кассалық кітаптағы жазуларды кассир әрбір ордер немесе оны алмастыратын құжат бойынша ақшаны алғаннан немесе бергеннен кейін бірден жүргізіледі. Күнсайын, әрбір жұмыс күннің соңында кассир бір күн ішіндегі операциялардың жиынан санап, есептеп шығып, келесі күнге кассадағы ақша қалдығын шығарады және кассирдің есеп беруі түрінде екінші жыртылатын парақ ( бір күндегі кассалық кітаптағы жазулардың көшірмесі) кіріс және шығыс кассалық құжаттарымен кассалық кітапқа қол қою арқылы бухгалтерияға беріледі. Бір мергілде кассир кассадағы ақша қалдығын қолдағы нақты ақша қалдығымен салыстырып тексереді.
Касса бойынша бухгалтерияға есеп беру мерзімділігін жетекші белгілейді. Кассалық операциялардың көлемі көп болмаған кезде, кассалық есеп беруді 3-5 күнде бір рет жасауға рұқсат етіледі.
Кәсіпорындарда кассирдің келісімі бойынша және кассалық құжаттардың толық сақталуын қамтамасыз ету жағдайында кассалық кітап автоматтандырылған тәсілмен жүргізу көзінде оның парақтары «Кассалық кітаптан қосымша парағы» машиграммасы құрылады. Екі аталған машинаграмма да келесі жұмыс күнінің басында жасалуы тиіс және мазмұны бірдей болып, кассалық кітап формасында қаралған барлық реквизиттерден тұруы қажет. Бұл машинограммалардағы кассалық кітаптардың парақтарын номерлеу жыл басынан автоматты түрде жүзеге асырылады. «Кассалық кітаптың қосымша парағы» машинограммасында әрбір айдың соңында әрбір айдағы кассалық кітап парақтарының жалпы саны, ал соңғы күнтізбелік жыл үшін- бір жылдағы кассалық кітап парақтарының жалпы саны автоматты түрде басылуы тиіс. «Кассалық кітаптың қосымша парағы» және «Кассирдің есеп беруі» машинограммаларын алғаннан кейін, кассир кассалық кітаптың толтырылу дұрыстығын және кассирдің есеп беруін тексеруге, оларға қол қоюға және кассирдің есебін кіріс және шығыс кассалық құжаттарымен бірге,кассалық кітаптың қосымша парағынан қол қойдыру арқылы бухгалтерияға беруге міндеттті. Кассалық кітаптың дұрыс, жүргізілуіне бақылау жасау кәсіпорынның бас бухгалтеріне жүктеледі.
Шығыс кассалық ордерге немесе оны алмастыратын, құжатқа алушының қолы қойылусыз кассадан ақша берілгенде, аталмыш шығыс кассалық ордері кассадағы қол ақша қалдығын райтайтын құжат болып қабылбандайды. Бұл сома жетпеушілік болып саналады және кассирден өндіріледі. Сенімсіз кіріс кассалық ордері бойынша қол ақша кассадан артық шығу болып саналады және субьектінің кірісіне есепке алынады. Субьектінің кассасына қол ақшаны қабылдау бас бухгалтер немесе оған өкілетті тұлға қол қойған кіріс кассалық ордері бойынша жүргізіледі. Кассадан қол ақша беру, бұл құжаттарға шығыс кассалық ордердің реквизиттерімен штамп (мөр табан) соғылу арқылы шығыс кассалық ордері немесе талапқа сәйкес рәсімделген өзге құжаттар (төлем ведомостары, ақша беруге өтініш, шоттар және т.б.) бойынша жүргізіледі. Ақша берілетін құжаттарға субьекті басшысы және бас бухгалтер немесе оған өкілеттігі бар тұлға қол қоюы тиіс. Шығыс кассалық ордерлерге тіркелетін құжаттарда, өтініштерде, шоттарда және т.б. субьекті басшысының рұқсат қолы болатын болса, шығыс кассалық ордерлеріне басшысының қол қоюы міндетті емес.
Кіріс кассалық ордерлерге және оған тіркелетін квитанция-лар, сондай-ақ шығыс кассалық ордерлері және оны алмастыра-тын құжаттарды бухгалтерия деп және анық сиямен немесе шарлы қаламдардың пастасымен толтыру немесе машинамен (жазылатын, есептейтін) жазылуы тиіс. Расталған болса да, бұл құжаттарда ешқандай тазалау, былғау немесе түзетулерге рұқсат етілмейді. Кіріс және шығыс кассалық ордерлері немесе оның орнын алмастыратын құжаттар кассағы берілгенге дейін бухгалтерияда кіріс және шығыс кассалық ордерлерін тіркеу журналында тіркелген болуы тиіс. Төлем (есептеу-төлем) ведомостары негізінде еңбек ақы төлеуге ресімделген шығыс кассалық ордерлері,оны бергеннен соң тіркеледі. Кіріс және шығыс кассалық, құжаттарын тіркеу есептеу техникалық құралдарын қолдану арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. Бұл ретте «Кіріс және шығыс кассалық ордерлерін тіркеу журналының қосымша парағы» машинограммасында (соған сәйкес күнге жасалатын) мақсатты пайдалануы бойынша ақша қаражаттары қозғалысының есебі үшін сондай-ақ деректер қалыптастыру қамтамасыз ету.
3. Кассадағы қол ақша түгендеу жүргізу және нәтижесін шығару әдістемесі
Субьекті жетекшісінің белгіленген мерзімінде, сонымен бірге тоқсанына кем дегенде бір рет, әрбір кәсіпорында барлық ақша толық санау және кассадағы өзге де құндылықтарды тексеру арқылы,кассаға тұтқиылдан түгендеу жүргізіледі. Кассадағы қол ақшаға түгендеу жүргізу үшін субьекті басшысының бұйрығымен акт жасайтын комиссия құрылады.
Түгендеу басталардың алдында кассир түгендеу комиссиясына оған растайтын құжаттарды тіркеу арқылы соңғы кассалық есепті, бағалы қағаздармен қатар есеп берілетін бланкілердің қозғалысы туралы есепті, сондай-ақ барлық кіріс және шығыс құжаттары есепке кіргізілгендігі және ешқандай ресімделмеген құжаттың қалмағандығы туралы қол хат береді.
Түгендеу комиссиясы құжаттарды рәсімдеудің дұрыстығы мен сапасына, олардың кассалық кітапқа жазылуына назар аудара отырып, кассалық есепті мұқият тексереді және содан кейін күнін көрсете отырып әрбір құжатқа және кассалық есепке қолын қояды.
Кассадағы ақшаларды кассир іріктейді және купюр бойынша қайта санайды, ал түгендеу комиссиясы бақылап тұрады. Уақытша өзара қарыз тәртібінде ақша беру туралы қолхат, қол ақшаның нақты қалдығына қосылмайды. Түгендеу кезінде кассада ақшаның жетпеуі немесе артық шығуы анықталған кезде түгендеу актісінде жетпеу немесе артық шығу актісі және оның пайда болу жағдайлары көрсетіледі. Түгендеу актісі субьектінің кассасндағы түгендеу жағдайлары көрсетіледі. Түгендеу актісі субьектінің кассасындағы түгендеу нәтижелері бойынша нақты қолдағы ақшаны көрсету үшін жасалады.
Түгендеу коммиссиясы кассадағы барлық ақшаны, бағалы қағаздарды және т.б. толық қайта санап шығу жолымен тексереді. Түгендеу актісі екі дана етіп қояды. Түгендеу актісінің бір данасы субьектінің бухгалтериясынна беріледі, екінші данасы материалға жауапты тұлғаның өзіне қалады. Материалға-жауапты тұлғаның ауысуы кезінде (құндылықты тапсырған материалға-бухгалтерияға) акті үш дана етіп жасалады. Түгендеу басталғанға дейін, ақша қаражатының сақталуына жауап беретін әрбір материалға жауапты тұлғадан қолхат алынады.Қолхат түгендеу актісінің үлгісіне енгізілген.
YI. Жаңа сабақты пысықтау.(7-8 мин)
Бухгалтерлік диктант арқылы сұрақтарға жауап беру.
1.Кассадағы қолма-қол ақшаға аудитінің міндеттері.
2.Қолма-қол аудитінің ақпараттық базасы.
3.Кассалық шаруашылықты ұйымдастырудың дұрыстығын тексеру тәртібі.
4.Түгендеудің жүргізу тәртібі.
VII. Сабақты қорытындылау (1-2 мин).
VIIІ. Үйге тапсырма беру (2-3 мин).
І. Абдрасимов Ж. Ж. Аудит 1,2 86-97 бет.
Достарыңызбен бөлісу: |