Сабақ жоспары 4-курс топтары (еф-18-11қ4-1, еф-18-11қ4-2) «Акушерия және гинекология» пәні



бет6/8
Дата13.12.2021
өлшемі65,61 Kb.
#125921
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
f61a7b72f732920

Сабақ түрі: практикалық

Сабақтың көрнекілігі: тақырыптық кестелер

Оқыту әдісі: сұрақ-жауап, баяндау, түсіндіру,слайд
Өтілген материал бойынша сұрақтарға жауап алу, білімдерін қорытындылау.

ЖАҢА САБАҚ


Көпұрықты жүктілік. Әйел организмінде екі немесе одан да көп ұрықтың дамуын көпұрықты жүктілік деп атайды. Ұрықтың санына байланысты көп ұрықты жүктілікті егіз, үшем, төртем т.с.с. атайды. Екі немесе одан да көп ұрықпен босануды көпұрықты босану деп атайды. Көп  нәрестелі  жүктілік  әйелдерде 0,5-2% жиілікте  кездеседі.

Көп нәрестелі жүктілікте ұрық санына байланысты атайды. Егіздердің екі түрін ажыратады:


  • екі жұмыртқалы (дизиготалы)


  • біржұмыртқалы (монозиготалы).




Дизиготалы егіздерде әр эмбрионда өзінің плацентасы қалыптасады және әрқайсысы өзінің амниотикалық және хориальды қабықтарымен қоршалған.

Бір жұмыртқалы егіздерде бір ана без ұрықтанады. Бұл жердегі қалыптасатын плацента ана безінің бөліну уақытына байланысты, егер бөліну  ұрықтанғаннан кейін алғашқы 3 күнде, яғни морула сатысында болса, онда екі эмбрион, екі амнион, екі хорион қалыптасады. Ұрықаралық перде, екі жұмыртқалы егіздердікіндей 4 қабаттан тұрады. Осындай бір жұмыртқалы егіздерді де дихориальды диамниотикалық егіздер деп атайды.

а) екі жұмыртқалы және б) бір жұмыртқалы егіздер: 1 - плацента; 2 - хорион; 3 - амнион.

Егер бөліну 3-8 тәулікте, бластоциста сатысында болса, онда екі эмбрион, екі амнион, бір плацента қалыптасады. Ұрықаралық перде екі амнион қабатынан тұрады. Осындай бір жұмыртқалы егіздерді монохориальды диамниотикалық егіздер деп атайды. Ал егер ана безінің бөлінуі 8-13 қүнде болса, онда бір амниотикалық қабатпен қоршалған бір плацента және 2 эмбрион болады, яғни ұрықаралық перде жоқ.

Егіз жүктілікті анықтау:


  1. Жатырдың көлемі жүктіліктің мерзіміне сәйкес келмейді.


  2. Жүкті әйел нәресте қимылын ерте сезінеді.


  3. Жүкті әйелдің дене салмағы 14-16 апталық жүктіліктен бастап артық өсе бастайды.


  4. Жатырдың жиырылуы жоғары болады.


  5. 20-24 апталық жүктіліктен бастап анемия белгілері пайда болады.


  6. Жатырдың әр жерінен нәрестенің екі жүрек соғуы естіледі.


  7. Нәрестенің жатырда үш ірі бөлігі анықталады (екі бас және бір жамбасы)


  8. УДЗ зерттеу арқылы егіз жүктілікті 6 аптадан бастап анықтайды.


  9. Жүктіліктің 20-22 апталығынан бастап фоноэлектрокардиографияны қолдана отырып, егіздердің жүрек соғуын анықтауға болады.



Кері байланыс:

- Бүгінгі сабақтан не түсіндім?

- Бүгінгі сабақта не қызықты болды?

- Маған қиындық туғызды





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет