Сабақ жоспары 4 Модуль/пән атауы Қазақ әдебиеті Сабақтың тақырыбы



бет8/9
Дата08.02.2023
өлшемі28,67 Kb.
#167979
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Қазақ әдебиеті (1)

5. Жаңа материалды бекіту кезеңі
20 минут

Ой толғау.
«Адам , сен де бір жердің перзентісің» ! Жүрегімнің түбіне терең бойла, Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла. Соқтықпалы соқпақсыз жерде өстім, Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма! Абай.
«Жүйесін тапқан сөз жүрекке жетеді» Даналық ойдан дән ізде! Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы ерінбе, Адамдықты көздесең, жаттап тоқы көңілге. Сұлтанмахмұт Торайғыров
Абай шығармашылығының дені – халықтың қамын жеген, демократтық идеядан нәр алған, сыншыл реализм бағытымен суреттеген шығармалар. Тұрсынбек Кәкішев.

Әрбір ұлы ақын тәрізді Абайдың ұлылығы сол – ол қай әдебиеттен үйренсе де, жалаң шәкірт боп қалмай, данышпан ұлттық ақын болды. Зәки Ахметов ...


Адамшылық ой қиялы өте таза, ұлтжанды, елін – жерін сүйген кісі еді. Міржақып Дулатов


Абайдың 1886 ж. жазған өлеңі. Көлемі ЗО жол. Бұл шығармада тұтас халыққа арнап айтылған терең де күрделі ойлар шерлі жүректен шамырқанып, толқып шыққан. Үлкен адамгершілік, қайраткерлік, оқымыстылық биікке көтерілген ақын үні бірде айбарлы, бірде кекті, бірде мұңлы. Қазақ халқын бөлмей-жармай, түгел қамтып, тұтас шолып, баршасына бағыштап айтылған өлеңнің әлеуметтік салмағы орасан зор. Ақын алдымен көз алдыңызға мұрты аузына түскен, бір ұрты май, бір ұрты қан, алғашқыда шырайы сартша жылтырап тұрған қазақтың кескінін алып келеді. Осыдан кейін барып оның ішкі әлемін, мінез ерекшеліктерін айқындап аша бастайды. Бұл өзі іске жоқ, қу сөздің адамы, өзі сөйлесе болды, өзгені тыңдауды білмейді, мылжың, бөспе, қырт. Күндіз күлкі, түнде ұйқысының бұзылу себебі - өз малына өзі ие емес сорлы. Байлауы жоқ көрсе қызардың әлеуметтік қалпы тіпті сиықсыз, тұтастық, ірілік жетіспегендіктен, әрқайсысы шолтаңдап жеке қамшы үйіріп, би болғансып, қиқымданып кеткен жерде елдің күйті кеткен, бірлік жоқтықтан, береке жоқтықтан дәулеті шайқалып, байлық шашылған. Жыртың-жыртың мағынасыз күлкіге малданған тиянақсыз, байлаусыздың түбіне жеткен елдің соры биліктен айрылып өзгенің табанына түсіп құл болатынын ақын ашына зар етеді. Ұлттың бойындағы сордың үлкені-күндестік, бірін- бірі көре алмау, етектен тарту, пыш-пыш халқымызды сан рет орға жығып, өртке қамаған алауыздық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет