Сабақ жоспары 7- сынып



Дата21.07.2017
өлшемі407,93 Kb.
#21893
7- сынып биология қысқа мерзімді сабақ жоспары

7- сынып

Биология

Мұғалім : Абдраманхан Ербол

Уақыты:21.10.2016

Кабинет №3

Сабақтың тақырыбы

Жұмыр құрттардың жалпы сипаттамасы. Ішексорғы, үшкір құрт, олардың құрылысы, тіршілік әрекеттері және адам мен жануарлар үшін маңызы.

Мақсаты

Оқушыларға жалпақ құрттарды естеріне түсіре отырып,Жұмыр құрттардың жалпы сипаттамасы. Ішексорғы, үшкір құрт, олардың құрылысы, тіршілік әрекеттері және адам мен жануарлар үшін маңызыбілу

Күтілетін нәтиже

Сынып оқушыларының ой-өрісі жетіледі. - Сыни ойлау арқылы психологиялық сенім қалыптасады. Жұмыр құрттардың құрылысы, тіршілік әрекеттері және адам мен жануарлар үшін маңызын, пайда-зиянын талдай алады.

Көрнекілігі

Биология оқулығының әдістемесі, Э лектронды оқулық,суреттер, маркер,постер, А3 форматты қағаздар

І.Ұйымдастыру кезеңі:

  • Оқушылармен амандасу, жоқтама жасау

  • Түстер бойынша топқа бөлу. І-Жұмыр құрттар.ІІ- Жалпақ құрттар.ІІІ-Буылтық құрттар, топ басшысын сайлау.

  • Бағалау парағынмен тарату. Критериймен таныстыру 

  • Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру (оқушылар бір-бірінің қолдарын ұстап жмияды.)




Сабақтың барысы

САБАҚТАҒЫ ІС-ӘРЕКЕТ Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

І- Үй тапсырмасын сұрау.

1. (Ыстық орындақ) әдісі бойынша

2.Жұмбақтарды шешу

1.Эктодерма мен энтодерма аралығындағы аралық жасушалы қабат қандай?

2.Сірқабық қандай қызмет атқарады? 

3.Зоология ғылымының паразит құттарды зерттейтін саласы қалай аталады? 

4.Кірпіешелі құрттың негізгі өкілі?

5.Ақ сұламаның сыртқы қимылына қандай бұлшықеттер қатысады?

6.Гермафродит дегеніміз ?

7.Жалпақ құрттар типінде  ішекқуыстыларда болмаған қандай жаңа жүйе пайда болды? 

8.Ақ сұламаның сезім мүшелері нелер?

9.Жалпақ құрттардан сақтану шаралары туралы не білесіңдер?

10.Бауырсорғыш жалпақ құрттар типінің қай класына жатады?




  1. Төрт сорғышпен қармақшалар басында,

Етпен бірге қосылады асыңа,

Шала піскен етті жесең байқамай,

Қауіп – қатер туғызады басыңа.  (Цепені)


  1. Кірпікшелер көп денесін қаптаған,

Су ішінде тыным тауып жатпаған,

Екі құлақ, екі көзі тағы бар,

Осы құрттың атын өзін тауып ал (Ақ сұлама)



  1. Жалпақ пішін жалпақ ұрт,

Ұнатпайды оны жұрт.

Ағзадағы қанды қорек етеді,

Зардабынан мүше «шірін» кетеді (бауырсорғыш)


Әр топ кезкепен жауап береді

IІ. Жаңа сабақ

Білу

Жаңа ақпарат, жаңа ұғым: Электронды оқулық тыңдау

ІІІ. Үйрену

«Автобус аялдамасы» 1.біз тыңдаймыз және есте сақтаймыз, жауап береміз,

2. Түсіну

постер қорғау

IV-Талдау кезеңі

«Ойлан- тап»

  1. Логикалық тапсырма




  1. Суретпен әңгіме


3-Қай тұжырымдар

ИӘ\ЖОҚ


V- Жинақтау
«Алты қалпақ» әдісі бойынша

Тақырыпқа деген қызығушылығын ояту




Жұмыр құрттар туралы не білеміз

Жұмыр құрттар туралы не білгіміз келеді

Құрттар туралы не білдім











  1. Жұмыр құрттар – денесі буылтықтарға бөлінбеген, шұбалаңқы, цилиндр пішінді немесе ұршыққа ұқсас жәндіктер..Денесінде қуыс алғаш осы ағзаларда пайда болғандықтан, оларалғашқы қуыстылар типі деп те аталған.

Қуысқа толы сұйықтық сыртқы ортамен байланыспайды. Қуыста ішкі мүшелер еркін орналасып, біріне-бірі тәуелсіз жұмыс атқарады. Құрт денесіндегі қуыс пен сұйықтық денедегі барлық жасушалармен газдың алмасуына да қатысады.

Жұмыр құрт денесі үш қабаттан тұрады. Бірінші ең сыртқы қабат – сірқабық. Екінші ортаңғы қабат – гиподерма (тері астындағы қабат). Үшінші ең астыңғы қабат – бірыңғай салалы бұлшықет қабаты. Сірқабық – өлі ұлпа, сондықтан ағза денесінің өсуіне мүмкіндік бермейді, өзі өспейді. Жұмыр құрттар денесі өскен кезде, серпімді қалың қабат – сірқабықты сыпырып тастайды. Сірқабық кейіннен жаңаланып, қайта пайда болады. Жұмыр құрттардың сірқабық тастауы түлеу деп аталады. Түлеу жәндіктің уақытша өсуін қамтамасыз етеді.



  1. Жұмыр құрттар типіне жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктері. Жұмыр құрттардың денесі сірқабықпен (кутикула) қапталады. Ауыз қуысы денесінің алдыңғы жағында, ал аналь тесігі – артқы жағында орналасады. Көптеген жұмыр құрттарда тері-бұлшықет қапшығы болады. Көлденең жолақты бұлшықеттері жоқ. Сондықтан жұмыр құрттар денесін қысқарта да, соза да алмайды. Олар денесін тек жан-жағына ғана ие алады.

Жұмыр құрттарда тынысалу және қантарату жүйесі болмайды. Бұлар – дара жынысты жәндіктер. Олардың қосжыныстылары да кездеседі. Жұмыр құрттардың аталығынан аналығы ұзын. Көбінесе жұмыртқа арқылы көбейеді. Дернәсілін тірі туатын да түрлері бар. Өсімдік тамырында ауру тудыратын паразит жіпшеқұрттар. Жіпшеқұрттардың барлығы өсімдік паразиті болып табылады, олардың мөлшері 1 миллиметрден аспайды. Жұмыр құрттар адамға және жануарларға зиян келтіреді, тері астында (суыртқы – ришта), бұлшықеттерде (трихинелла), ішекте (ішексорғы, үшкірқұрт) паразиттік әрекет жасап, ауруға ұшыратады. Ішексорғының ұзындығы (жылқы ішексорғысы) 18 сантиметрге дейін, (кит ішексорғысы) 8 метрге дейін жетеді.

  1. Ішексорғы жасөспірімдер мен балалардың аш ішегіне үшкірқұрт (аскарида) орнығады. Ол – паразит құрт. Үшкірқұрттың екі ұшы да сүйірленген, дене тұрқы 20 см шамасында болады. Оның түсі ақшыл немесе сарғыш болып келеді. Ішексорғы екі сүйір ұштарын қадап, ішекте тіршілік етеді. Ішексорғының алдыңғы ұшында аузы, соңғы бөлігінде аналь тесігі (артқы тесік) болады. Аналь тесігінен кейінгі дене бөлігі құйрық деп аталады. Ішексорғының аузында үш ерін бар. Құрт сол еріндері арқылы ішектің қабырғасына қадалып, зақымдаған жерінен қан сорады. Ішексорғының денесін қаптаған тығыз қабықша – тері-бұлшықет қапшығы деп аталады. Асқорыту және басқа мүшелері тері-бұлшықеттің астындағы сұйықтыққа толы қуыста орналасады.

Ішексорғының қорегі ауыздан түтік тәрізді ішекке өтеді. Ішек үш бөліктен құралады: алдыңғы, ортаңғы және соңғы. Қорытылған қоректі ішектің қабырғасы сорып, дене қуысын толтырып тұрған сұйықтыққа жеткізеді. Дене жасушалары қоректі сіңіреді. Қорытылмай қалған қорек қалдығы дененің соңғы бөлігіндегі аналь тесігі арқылы сыртқа шығады.


  1. Жуылмаған таңқурайды жеген балада бір аптадан соң жөтел басталып,өкпеге суық тигендіктің(күн жылы болатын)белгілері байқалады.Екі жарым айдан соң зертханалық сараптаманың нәтижесі балада паразит құрттардың жұмыртқасы бар екенін анықтады.Бұл қандай құрт болуы мүмкін?






  1. Жұмыр құрттардың барлығы да паразиттер.

  2. Нматодтардың кутикула жабыны болады.

  3. Нематодтар- ұршық пішінді жәндіктер.

  4. Паразит нематодтарда ас қорту жүйесі болмайды.

  5. Нематодтардың тері- бұлшық ет қапшығының ішінде ауқымды дене қуысы болады.

  6. Неметодтардың барлығыда қанайналым жүйесі болады.

  7. Жұмыр құрттардың сезім мүшелері нашар дамыған.

  8. Өсімдіктерде паразиттік тіршілік ететін неметодтарда кездеседі.

  9. Аскаридалар –гермафродиттер

  10. Адам аскаридасы адамның ішінде паразиттік тіршілік етеді.

Ақ (ақ бұлттар)- фактілер, цифрлар және мәліметтерді таза күйінде беру (Жұмыр құрттарға сипаттама)



Қызыл (от) – ішкі сезім, эмоция, сезінулер және интуицияны білдіру

(Адам парпзит құрттар тудыратын ауруды жұқтырған жағдайда қандай күй кешеді?)



Қара (тұман)– негативті ойлау (Жұмыр құрттар табиғатқа қай жағдайда да зиян. Күресу шаралары).

Сары (күн)- оптимизмді, ашықтықты, позитивті және конструктивті ойлар, ұсыныстар (жұмыр құрттардың табиғатқа тигізер пайдасы бар, өйкені.....)

Жасыл (дала) – жаңа идеялар ағымын тудыратын шығармашылық ойлар (Жұмыр құрттарға байланысты бес жол өлең немесе оларға қатысты мақалдар айту)

Көк (аспан)– жоғары деңгейдегі жалпы көзқарастарды, білдіреді, қорытындылайды (Жұмыр құрттардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы).

Электронды оқулық тыңдау
Оқушылар ақпаратты тыңдап «БББ» кестесін толтыру

1.Біз тыңдаймыз және есте сақтаймыз, жауап береміз
Әр топ өзіне берген ақпаратты кезекпен мұқият оқып шығады,

2. Түсіну

постер қорғау

Әртоп өздеріндегі ақпарат бойынша постер қорғайды.




  1. Оқушылар жауабын айтып себебін түсіндіреді

2-Аскариданың даму циклін түсіндіреді



3-Иә немесе жоқ жауабын айтады
Оқушылар алты қалпақтағы берілген тапсырмаларды орындайды



VI- Бағалау


Бағалау парақшаларымен жұмыс


р/с

Оқушылардың аты-жөні

1-Үй тапсырмасын орындауы

2-Жұмбақшешу

3-Топтық жұмысқа қатысуы

4-Ойлан тап

5-Алтаы қалпақ

Қорытынды баға
























Е.Әркезеңде бағалау парағын ессалып,бағалап отыру

VII- Үйге тапсырма

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау
1- Жұмыр құрттар типін қайталап оқу

  1. Жұмыр құрттар типіне жататын жәндіктердің пайда-зианы туралы Эсс жазып келіңдер




Күнделіктеріне жазады


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет