(С) Сұрақтар қойыңыз:
Сен қандай түстерді білесің? Жаңа түсті қалай және немен жасағаныңды есіңе түсіре аласың ба?
Ол үшін тағы қандай материалдарды қолдануға болады?
(С) Түрлі-түсті қарындаштармен штрихтап көрсетіңіз. Жаңа түстерді штрих сызықтары арқылы түрлі-түсті қарындаштардың көмегімен де алуға болатынын түсіндіріңіз. Сұрақтар қойыңыз:
Штрих деген не?
Штрих деп штрихтау немесе штрих сызықтарын атаймыз. Қалай штрихтауға болады деп ойлайсың? Бұл жағдайда не өзгереді?
(С) Оқушыларға алманың үш түрлі бейнесін қарастыруды ұсыныңыз. Бірінші суретте алма параллель сызықтар арқылы штрихталған, екінші суретте - қиылысқан сызықтармен, ал үшінші суретте алманың пішіні бойынша доғалданған сызықтармен штрихталған.
Оқушылар қай алма дөңгелек көрінетінін және штрихтаудың қай әдісі пішін беруде қолданылатынын түсінеді.
(Ө, С) Сұрақтар қойыңыз:
Саған қай түс ұнайды? Неліктен? Сүйікті түсіңмен не салар едің? Қандай көңіл-күйді суреттер едің? Ойлан, сүйікті түсті
|
Оқушыларға жаңа терминдердің мағынасын түсіндіріңіз.
Штрих - бұл парақ бетінде қарындашпен сызылған қысқа сызықтар. Оқушылардың назарын штрих бұрыштарына аударыңыз, ол әртүрлі болуы мүмкін. Штрихтаумен беттерді бояйды.
Шығармашылық тапсырмалар оқушыларға штрихтау техникасымен тәжірибе жасауға мүмкіндік береді. Ол түспен, араластырумен жұмыс, штрихтар салу дағдыларын дамытады. Оқушылардың назарын қарындашты қаттырақ басса, сызықтар немесе штрихтар қалың, ал түстер қанық болатындығына аударыңыз.
|
А5 форматты 2 парақ
А4 формат немесе альбом Түрлі-түсті қарындаштар Көрнекілік құрал (түрлі- түсті бейнеленген жеміс- жидектер мен көкөністердің қима қағаздары)
Штрихтау әдісі көрсетілген қима қағаз.
|