суреттерін көрсетіңіз. Сұрақтар қойыңыз: Бұл гүлдер несімен өзгеше? Бұл техника қалай аталатынын кім айтады?
(С,Ө) Гүлді орындаудың реттілігі бар сызбаны таратыңыз. Оқушыларға сызбамен танысуды ұсыныңыз және олар қандай сызықтарды көріп отырғанын сұраңыз. Басқа қандай сызықтарды білесіңдер? Үзік және пунктир сызықтар бүктелетін жерін белгілейтіндігін түсіндіріңіз. Оны бүктеу сызығы деп атайды. Оқушылардан бүктеу сызығын табуды сұраңыз. Сұрақ қойыңыз: Бұл сызықтар не үшін қажет?
(Ж,Ө) Оқушыларға түрлі-түсті (екі жағы, бір жағы боялған) қағаздар таратып беріңіз. Қай қағаз оригамиге жарайтынын және ол қандай қасиеттерге ие болу керектігін анықтауын ұсыныңыз. Сұрақтар қойыңыз: Өз жұмысыңа қай қағазды пайдаланған дұрыс? Ол қандай қасиеттерге ие болуы керек?