Сабақ жоспары Алматы қаласы Білім басқармасының ҚббжтғӘО қолдауымен жасалды тоқсан сабақ



бет2/3
Дата10.05.2020
өлшемі36,83 Kb.
#66966
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
1 сабақ 4 тоқсан дүниежүзі тарихы 9сынып

Сабақтың барысы:

Қысқаша конспект.

Балалар! Екінші дүние жүзілік соғыстан кейін әлем елдерінің экономикасы мен әлеуметтік жағдайы елдегі жүргізілген саяси және экономикалық бағыт-бағдарларға байланысты дамыды.

Соғыс жылдарында Ұлыбритания ұлттық табысының 25%-ынан және сыртқы активтерінен айырылып, өзінің даминионы мен АҚШ тан қарыз алуға мәжбүр болды. Соғыс жылдарында У.Черчилль үкіметінің қолдауына сүйенген консерваторлар, лейбористер мен либералдар коалициясы ұлттар мен ұлыстардың бірлігін нығайтты. 1945 жылы сайлауда жеңіске жеткен \лейбористтік партия «болашаққа бет бұру» бағдарламасын жариялады. Мақсаты мемлекеттік меншік үлесін ұлғайтуды көздеді, алайда сртқы саясатта консерваторларды жақтап АҚШ-қа қолдау көрсете отырып, «қырғи қабақ соғыстың» басталуына себепші болды. У.Черчилльден кейін келген А.Иден косерваторлардың жаңа басшысы болды. Оның тұсында Ұлыбритания Израилге қосылып, Египетке қарсы соғыс ашты. Суэц каналындағы сәтсіздігі үшін үкіметтен кетті. 1957-1964 жылдар аралығында үкіметті Г.Макмиллан басқарды сондай ақ ол әлеуметтік-экономикалық саясаттың жаңа әдістерін пайдалануды ұсынды. 1960 жылдардың басында барлық Британ отарлары тәуелсіздігін алды.1965 жылдан бастап мемлекет «»ұлттық бесжылдық экономикалық жоспарды» қабылдады. Ұлыбритания ЕЭО кірді. 1970-1979 жылдар арлығында Ұлыбритания үкіметін Э.Хит, Г.Вильсон, Д.Ж. Каллаген атты тұлғалар басқарды. 1979 жылдан бастап 1981 жылға дейін Ұлыбританиядағы экономикалық дағдарыс кезінде үкімет басына «дұрыс жол» бағдарламасын ұсынып, «темір ханым» атанған Маргарет Тэтчер келді.

1979 жылы партия жалпы сайлауда жеңiске жеттi және Тэтчер британдық тарихта тұңғыш рет әйел премьер-министрi болды.Маргарет Тэтчер үкiмeттi басқарумен қатар өз идеяларын табысты жүзеге асырды. Өткен жүз жылдықтың 70-шi жылдары консерваторлар үшiн cәттi болды. Билiкке консервативтiк саясатшылар келiп, консервативтi идеялар кеңiнен тарала бастады. Ол бiрден салықты төмендетiп, үкiмeттiң кәсiпкерлерге бақылауын әлсiреттi. Ол үшiн әрбір британдықта жеке үйiнiң, меншiктің кез келген түрінің: қозғалмайтын мүліктің, автокөліктің болуы немесе акцияларды иеленуі аса маңызды еді. «Меншiккерлер демократиясы» немесе «Халықтық капитализм» тұжырымдамасы Тэтчер қолындағы аса құнды бағдар болды. Оның философиясы мен практикасы саясат үшiн өте сирек «тэтчеризм» деген сөзбен аталды. Тэтчеризмнiң ерекшелiгi — оның шағын бизнестi қолдап-қуаттауы.


Сілтемелер:

Берілген сілтемелерді қолданыздар

https://egemen.kz/article/43067-den-syaopin



https://nplus1.ru/blog/2019/05/22/limb-167

https://daryn.online/

https://bilimland.kz/ru




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет