8-сынып. Дүние жүзі тарихы
Сабақтың тақырыбы: Осман империясы
Сабақтың мақсаты:
ХҮІІ-ХҮІІІ ғасырлардағы Осман империясының саяси, әлеуеттік-экономикалық даму ерекшеліктері, империяның құрамына кірген халықтардың жағдайы және олардың ұлт-азаттық қозғалыстары жан-жақты түсіндіріледі. Империяның жүргізген соғыстары оның күш-қуатын әлсіретіп, дағдарысты күшейткені және жүргізген реформалардың нәтижесіз болғанын ашып көрсету. Сұлтан үкіметі сыртқы саясатта дербестіктен айырылып, еуропалықтардың үстемдігіне бағына бастағанына назар аудару. Отаншыл азамат тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:аралас
Әдісі:ашық сабақ
Көрнекілігі:карта «Осман империясы».
Саб барысы
Ұйымдастыру кезеңі :1.Оқушылармен амандасу
2.Оқу құралын тексеріп түгелдеу
3.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
Үй тапсырмасын сұрау:
1.Иран және Үндістан мемлекетіне сұрақ қою арқылы қайталап өту.
Мұғалім: «Өткеніңді білу-бүгініңе сабақ, болашаққа бағдар» деп Е.Мырзахметов ағамыз айтып кеткендей,сіздер жаңа замандағы дүние дүзі тарихы сабағына қош келдіңіздер , Саламатсыздарма!
Бүгінгі сабақтың бір ерекшелігі болады. Біз дүние жүзіндегі ең дамыған ел Осман империясына саяхатқа шығамыз. Бірақ саяхатқа сіздер өздеріңіздің достарыныз, осыдан 1 жыл бұрын осы елде болып, осы елдің тарихына қанық,9 сыныптың оқушысы Сердіғалиев Саламатпен шығатын боласыздар. Бұл деген өздеріңізді-өздеріңіз басқарасыздар дегенді білдіреді. Ал сапарларыңыз сәтті болсын!
Сабақты жүргізуші оқушы
Балалар! Осман империясы дегенде ойымызға не оралады?
Осман империясын қай жағынан танимыз?
Осман империясына барғыларың келе ме?
Олай болса біз бүгін сіздерді сонау артта қалған XVIII ғасырдағы Ресей еліне саяхатқа апарамын.
Осман еліне жету үшін біз екі алып мемлекетті кесіп өтеміз. Олардың бірі Ресей болса, екіншісі Үндістан. Бірақ бұл елдер бізді тектен-текке өткізбейді екен. Біз сол елдердің тарихын білуіміз шарт екен.
Осы екі елден өтсек Осман империясына саяхатты жақсылап жасайтын боламыз.
Иран елі
1.Сефевидтер қай елден шыққан?
(әзірбайжаннан)
2.Мемлекеттік меншіктегі жер қалай аталды?
(дивани)
3.Отбасының меншігіндегі жер қалай аталды?
(хассэ)
4.Иранда мұсылман дінің ықпалы қалай болды?
(Иранның қоғамдық саяси өмірінде мұсылман дінінің,оның ішінде шиит бағытын ұстаушылардың рөлі күшті болды.)
Үндістан елі
1.XVII ғасырдың ширегінде үндістанда қандай мұсылман мемлекеті өмір сүрді?
(Дели сұлтандығы)
2.Заминдар дегеніміз не?
(жеке меншік жер)
3.Сикха қалалардың діни көсемі?
(Говинд)
4.Хайдарабад кньяздігі қай жылы құрылды?
(1724)
5.Үндістанда қандай мануфактура пайда болды?
(мақта мата өндіру,кеме жасау )
6.Үндістанды билеу жөнінде заң қай жылы қабылданды?
(1773)
7.Махараштра отаны дегеніміз не?
(Үндістанның батыс бөлігінде орналасқан маратха халқының отаны)
Қисық сөздерді дұрыстау.Лилха,Медах,Сілрітөке,Намос,Мұдмах.
Халил,Ахмед,көтеріліс,осман,махмұд
ІІІ. Жаңа сабақтың жоспары:
1. ХҮІІ ғасырдағы Осман империясының дамуы және оның құрамына кірген халықтардың жағдайы.
2. ХҮІІ ғасырдағы Осман империясының жүргізген соғыстары, империядағы дағдарыстің күшеюі.
3. Осман империясының әлеуметтік-экономикалық дамуы. Қалалар мен сауданың дамуы.
4. ХҮІІІ ғасырдағы Осман империясының сыртқы саясаты. Халық көтерілістері мен ұлт-азаттық қозғалыстар.
5. ІІІ Селим сұлтанның реформалары.
Осман империясының негізін қалаушы Осман бей 1929 жылдан бастап нығайған Осман әмірінің толық билікті басқарушысы болды.Ол әмірлікке Византияның кішіазиялық провинцияларын бірінен соң бірін қоса бастады.Османның мирасқорлары оның жаулап алушылығын жалғастырды.Халықтың тұрмыс жағдайы төмендеуі,елді ашаршылық жайлауы,янычарлар көтерілісі сарай төңкерістері мен өздері жүргізген басқыншылық соғыстарда жеңіліске ұшырап отырды.
Осман империясы құлағаннан кейін Түркия елінің мемлекет ретінде жаңа дәуірі басталды. Ел басына келген Мұстафа Кемал (Ататүрік) 1928 жылы парламент арқылы елді жаңа жазба жүйесіне ауыстыру туралы шешімді талқыға салғызып, арнайы заң қабылданды. Бұл жердегі мақсат: Осман империясынан кейін жаңашылдық енгізу болса, сонымен қатар КСРО-ның құрамындағы түгелдей латын әрпіне көше бастаған түркітілдес халықтармен байланысты жоғалтпау да көзделген еді. 1929 жылы Түркия тегістей латын әрпіне көшірілді. Күнделікті тұрмыстарында араб-парсы тілдерінде қолданылатын сөздерді түгелдей дерлік түрік тіліне ауыстыру науқаны басталды. Сол кезеңде түрік тілінде көптеген жаңа сөздер пайда болып, сол сөздердің кейбіреулері бүгін біздің елімізде де қолданылады. Мысалы: «тайаре»- ұшақ сөзіне ауыстырылды. Сол кезеңдегі реформаның арқасында түркітілдес елдердің Түркия түрікшесімен түсінісу мүмкіндігі артты.
.
Осман империясы
Әскери феодал Көпестермен қала Шаруалар Рухани феодал тұрғындары
Сабақты бекіту:Асық ату ойыны.
1.Санжактарды кімдер басқарды?
«билер»
2.Тырнова патшалығын кім бағындырды?
«Сүлейман Сұлтан»
3.5-7 Жастағы ер балаларды Түркияда тәрбиелеп қандай құрамдарына алып отырды?
«янычар»
4.Өнімнің түсімінен алынатын салық?
«үшір салығы»
5.Кәпірлерге салынатын салық?
«Харадж»
6.Қай жердегі христиан шіркеуіне тыйым салынды?
«балқаш түбегі»
7.Салжұқтар Кіші Азияны қай жылдар аралығында жаулап алды?
«1352-1354»
8.Феодалдық жер иелігі қалай аталды?
«спахи»
9.1453 Жылы мамырда түріктер қай қаланы жаулап алды?
«константинополь»
10.Осман түріктерді қай ғасырлар аралығында ұлы империя құрды?
«XVI-XVII»
11.Меншік иелігіндегі жерлер қалай аталды?
«вакуф»
Бағалау
Үй тапсырмасы
«Мұдмах»
«Намос»
«ЛИЛХА»
«Сілрітөке»
«МЕДАХ»
Достарыңызбен бөлісу: |