Е. Н. Винарская және Г. М. Богомозованың «Возрастная фонетика» еңбегінде айтып кеткендей, баланың сөйлеу тіліндегі фонема айтылуы, психофизиологиялық тұрғыдан алғанда, бала дамуына тәуелді екендігін атап өтті
Сөйлеу тілі бұзылыстарын түзетуге алғаш ұмтылу ХҮІІ ғасырдағы еңбектерінде жазылған.
Логопедия өз бетінше ғылым саласы болып ХІХ ғасырдың екінші жартысында енгізілді. Сөйлеу тілі жоғары психикалық қызмет жүйесінде негізгі орын алады және адамның ойлау, сана әрекеттерінің негізгі механизмі болып табылады,
Сөйлеу тілінің жоғарғы психикалық қызметке жататыны туралы анықтаманы Л.С.Выготский айтып кеткен. Оның түсінігінше, әрбір психикалық қызмет мидың жүйелі әрекеттерінің нәтижесі, түрлі ми құрылымдары мұнда үлесін қосады.
Жалпы сөйлеу тілінің дамымауы (ЖТД) - бұл сөйлеу жүйесінің барлық компонеттерінің қалыптасуындағы бұзылыс (дыбыстық құрылымының, фонематикалық үрдістердің, лексика, грамматикалық қатардың, сөйлеу тілінің мағыналық жақтарының). Сөйлеу тілі бұзылыстарына әкелетін барлық этиологиялық факторлар полиморфты және күрделі. Көп жағдайда жалпы сөйлеу тілінің дамымауы түрлі факторлардың комплексті әсер етуі салдарынан болады, тұқымқуалаушылық бейімделуден, орталық жүйке жүйесінің органикалық жетіспеушілігінен және қоршаған ортаның қолайсыздығынан.
Е.Н.Винарская және Г.М.Богомозованың «Возрастная фонетика» еңбегінде айтып кеткендей, баланың сөйлеу тіліндегі фонема айтылуы, психофизиологиялық тұрғыдан алғанда, бала дамуына тәуелді екендігін атап өтті..
Г.А.Каше, Р.Е.Левина, М.Ф.Фомичева еңбектерінде атап көрсеткендей, сөйлеу тілінің бұзылысын түзету жұмысының нәтижесі барысында негізгі жауапкершілік арнайы мамандарға дефектолог, дәрігер, психолог, логопед, ұстаздарға жүктеледі.
Сонымен қатар, Қазақстанда да қазіргі таңда сөйлеу тілінде бұзылыстары бар балаларға да жан-жақты көмек көрсету, түзете-дамыту жұмыстары қолға алынған. Осы орайда, мектепке дейінгі жастағы дыбыс айту бұзылыстары бар балалардың сөйлеу тілінің фонетико-фонематикалық жағын дамыту туралы еңбектер Қ.Қ.Өмірбекова, К.Б.Бектаева, сөйлеу тілінде дыбыс айту бұзылыстары бар балаларды оқыту және тәрбиелеу туралы еңбектері жарық көрді.
Сөйлеу қабілеті бұзылған балалардың ерекшелігі
Сөйлеу тіліндегі мүкістердің патологиялық дәрежелеріне, белгілі бір мүшелерінің атқаратын қызметтерінің бұзылуына, зақымдануының уақытына, басты кемістіктердің ықпалынан пайда болатын екінші бір ақаулықтар
Мұндай салаға дауыстың бірқалыптылығының бұзылуы, сөйлеу тіліндегі дауыс ырғағының бұзылуы
Тұтықпа, дислалия, ринолалия, дизартрия, алалия, афазия, жазу тілі мен оқу тілінің бұзылуы жатады.